Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, пос.Ленинский, ул.Панфилова 65
65-31-22, 31-87-43
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие
04-01-2017 15:33
Мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие

Павлодар қаласының № 32 ЖНББМ «Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарға қалалық мектептердің 34 жас мамандары, сынып жетекшілері мен педагог-психологтары қатысты. Семинар барысында келесі баяндамалар тыңдалды: «Заманауи мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие» Р.Б.Базилова – № 32 мектебі директорының оқу ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушының бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы қосымша білім беру» А.С.Аипова - М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша мектеп жұмысының жүйесі туралы» - Р.Қ.Жайдақбаева- № 32 мектебі директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушыны рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудегі отбасы мен сынып жетекшінің рөлі»- 2 сыныптың сынып жетекшісі Н.В.Бауэр, «Жасөспірімнің рухани мәдениетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы» № 32 мектебінің педагог-психологі А.А.Бережная. Семинардың тәжірибелік бөлімінде «Туған өлкем, гүлдене бер!» тақырыбында жас сынып жетекшілеріне арналған сынып сағаты өткізілді және жас педагог-психологтарға арналған «Ерекше қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық ойын жүргізілді. Семинар соңында № 32 мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен 2016 жылы қараша айында Астана қаласына саяхат туралы музыкалық бейнеролик көрсетілді.