Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, пос.Ленинский, ул.Панфилова 65
65-31-22, 31-87-43
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаз-2010»
06-07-2010 18:00

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп жанындағы балалардың сауықтыру лагері арнайы жоспар бойынша жұмыс жасады. Лагерьге бекітілген жауапты адамдар да, оқушылар да алдымен «Өрт қауіпсіздігі», «Спорт ойындары кезіндегі қауіпсіздік», «Мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік», «Суда жүзу кезіндегі қаупсіздік», «Жол қауіпсіздігі» нұсқауларымен таныстырылды. Оқушылар арасында жазғы демалыс-сауықтыру лагерінде Салауатты өмір салтын мадақтап, әртүрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді. Қаладағы «Нептун» хауызына түсіп, жүзуге бейімделген балалар қуанышында шек болмады. Спорт алаңындағы «Көңілді старт», «Кім жылдам?», «Жас чемпион», волейбол, баскетболдан өткізілген жарыстардың, «Жаз аруы-2010», «Жігіт сұлтаны», «Нептун күні» сайыстарының, «Туған жер», »Астана-бас қала» тақырыптарына ұйымдастырылған сурет көрмесінің жеңімпаздары арнайы сыйлықтарман марапатталып отырды. Әрқайсы өз деңгейінде күш –жігерлерін нықтап, өмірге деген құштарлықтарын оятты. «Жаз-2010» демалыс-сауықтыру лагерінде демалған оқушылар алдағы оқу жылына жаңа күш, нық сезіммен келерлері анық.