Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Мінекей 2012-2013 оқу жылы аяқталды. 19 мамырдағы сағат 11.00 де өткен, Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі дәстүрлі «Бірлік» этнофестивалімен өз жұмыстарының қорытындыларын шығарды
27-05-2013 11:37

 

Мінекей 2012-2013 оқу жылы аяқталды. 19 мамырдағы сағат 11.00 де өткен, Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі дәстүрлі «Бірлік» этнофестивалімен өз жұмыстарының қорытындыларын шығарды. Іс-шараның қонағы ретінде этномәдени бірлестіктер бойынша Павлодар облысы Қазақстан халық Ассамблеясының төрайымы Богнат Любовь Ивановна, төраға орынбасарлары, Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасы төрағасының орынбасары  Османова Сәуле Габдулжапарқызы болды. Қонақтарды ұлттық киімде киілген ұлттық бөлімшелердің балалары қарсалды.

    Балалар өз мерекесін мектеп әнұранымен бастады. Оқушылар көрермендер үшін толық концерт арнап, мұнда театр дағдыларын, біліктіліктерін, вокал және сахналық шеберліктерін көрсете білді. Өз әндерінде кішкентай әртістер Отанға, халқына деген махаббатын көрсетіп жеткізді... «Елге сәлем» (қазақ мәдени орталығы, жетекшісі Ә.Ә.Апушева), «Мерекем» («Әуен» вокал тобы, жет. Р.Ж. Қорабай), «Астана» (кабардин-балқар және қарашай-черкес бөлімшесі, жет. Макитова А.В. ), «Барви ридная земля» (украин бөлімшесі, жет. Клочан Ю.Н.), «Хагпурим»( еврей бөлімшесі, жет. И.А.Твиритнева), «Қазақ елі»(чуваш бөлімшесі), «Туған жер» (армян бөлімшесі, жетекшісі Аракелян С.Д.) және т.б. әндер шырқалды. Мерекеде поляк, неміс бөлімшенің және орыс мәдени орталығының оқушылары фольклор үзіндісін көрсетті. Қобыз ансамблін (Ү.К.  Жұмашева), домбыралық  (Ә.Ә.Апушева) және бандуристтер (Г.В. Григориади) ансамбльдерін үлкен қызығушылықпен естіді. Гректердің «Хосапикос», қазақ биі «Шабыт», шешен-ингуштардың «Девичьи танцы» және т.б. билерді  долы қол шапалақпен шығарып салынды. (хореографтар: Н.И. Гомзякова и Л.В. Мусселиус). Концерттік бағдарламадан кейін мектеп түлектеріне куәліктер оқушыларға марапаттаулар және мұғалімдерге грамоталар табыс етілді.    

     Іс-шараның аяғында Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің директоры Е.Р.Айтқұлов және мерекенің қонақтары Богнат Л.И. және Османова С.Г. алғыс сөздерімен сөз сөйледі. Оқу жылы табысты аяқталды. Жаңа оқу жылда көріскенше!