Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Украин бөлімшесі оқушыларының жазғы демалысы
21-08-2013 04:39
Украин бөлімшесі оқушыларының жазғы демалысы

Украин бөлімшесі оқушыларының жазғы демалысы

Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ

Сабақтар, үй тапсырмалары, бақылау жұмыстары туралы қай уақытта ойламауға болады? Қай уақытта түске дейін ұйықтап және таңғы кешке дейін қыдыруға болады?Қашан бұл тамаша мезгіл келеді? Тек қана жазда бұл армандар орындалады!

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің украин бөлімшенің оқушылары үшін 24 мамыр күні «Достық» концерттік залда өткен этнофестивалдің аяқталумен демалыс басталды. Жыл ішінде өз жетістіктеріне риза, жазғы кезең жоспарларымен өз үйлеріне тарап кетті. Біреулері әжесіне ауылға барып, біреулері Ертіс жағасында, біреулері республикамыздың әр түкпірін болып, Қазақстанның табиғатын көріп, біреулері туыстарына таяу шетелге барып, ал біреулері сол уақытта ұлттық жаңғыру мектебі туралы ұмытқан жоқ.   

Жазғы кезеңде демалысты жұмыспен, пайданы жағымдылықпен үйлестіре білген украин бөлімшенің келесі оқушыларын атап кеткенім жөн -   бұл Ешмекова Анна, Зайцева Анастасия, Маслий Мария и Ковалева Алена. Олар украин ЭМО бірігіп Железинка ауылы Достық үйі филиалы ашылуының концерттік нөмірінде болып, Астана, Құрылысшылар күніне арналған іс-шараға белсене қатысты.    Баянауылда полимәдени білім беру мәселелері бойынша тренингке қатысты. 12 шілдеде украин бірлестігінің балалары және жастардың қатысуымен украин шіркеуінің Петр және Павел храм іс – шарасы өтті. Сонымен қатар тамыз айтулы оқиғаларға толы, ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары және украин ЭМО жастар қанатымен тату тәтті отбасымен табиғатта кездесіп, өткізілген жазғы кезең туралы бір –бірімен өз әсерлерімен бөлісті.     

Міне жаз да аяқтап қалды. Барлығы жаңа күштерімен, идеялармен жақсы көңіл күймен қайтадан мектеп парталарына отырып, туған ана тілді оқуға, өз халқының мәдениетін және салт-дәстүрін тануға, ән айтып және бандурада ойнауға, би билеуге, жалпы сөзбен айтқанда – Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қызықты оқу тәрбие үрдісіне толығымен басымен кіріп кетуге дайын.     

 

Украин бөлімшенің ҚББМ Г.В.Григориади