Ұстаздар күніне орай
![Ұстаздар күніне орай](/media/img/blogs/5278b0d903818.jpg)
Ұстаздар күніне орай белсенді оқушыларға арнап Музыкалық дастархан дайындалды. Концерт бойы этно дарындар өздерінің өнерлері халыққа паш етті. «Мөлдір» би коллективінің биі концертіміздің сәні болды. Шығармашылық шеберхана оқушыларының музыкалық сәлемдемелері , қонақтардың жүрегінде мәңгілікке қалды. Осы жылы мереке этно-стиль түрінде өтті. Ұстаздар мен жұмысшылар концерт үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын көрсетті. Қызықтардың барлығы алда деп үміттенеміз!