Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Сонымен қатар, концерттік бағдарламада Қ.Б Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары қатысты
05-10-2014 05:32
Сонымен қатар, концерттік бағдарламада Қ.Б Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары қатысты

 

 

 «Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің 15-жылдығына орай, «Мегали ерти сто Павлодар»  грек мәдениетінің фестивалі өтті.Концертке Томск қаласынан, «Понтийская мозайка», Алматы қаласынан «Македония» және «Анекси» Темиртау қ, шығармашылық ұжымдар өздерінің әндерімен, билерімен көрермендерді қуантты. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада Қ.Б Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары қатысты. Кіші топ «Микра Астераки»  грек қуыршақтарының биін орындап берді, ал үлкен топ «Опа» әнін орындап шықты. Фестиваль құрметті қонақтары : Қазақстандағы Греция төтенше және өкілетті елшісі Эфтимос Пандзопулос және Греция елшілігінің консулы Эммануил Андракулакис болды. Көрермендер және қонақтар жас әртістердің өнерінің жоғары дәрежеде болғанын атап өтті, грек ассоциациясының президенті Феодорити Павел Иванович қатысушыларды грек халқының мәдениеті мен отаншылдық тәрбие үшін алғысын айтты. Фестиваль аяғында қатысушылар естелік сыйлықтар алып, естелік суретке түсті.