Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балаларға арналған жаңа жылдық мереке өткізілді.
05-01-2016 03:20
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балаларға арналған жаңа жылдық мереке өткізілді.
IMG_1673Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балаларға арналған жаңа жылдық мереке өткізілді. Жаңа жыл - үлкендердің де, кішілердің де сүйікті мерекесі. Дайындық мерекеден ертерек басталған еді. Педагогтар тәрбиеленушілермен Жаңа жылдық дәстүрлер тақырыбы төңірегінде әңгімелер, сынып сағаттар өткізіп, ән, өлең, жаттап билер үйренген еді. Мерекені асыға күткен балалар шырша мерекесіне көтеріңкі көңілде, сәнді киініп, асыға келді. Мереке «Шырша жырымен» басталып, әдеттегідей «В лесу родилась елочка», «Маленькой елочке» т.б. ән және билермен жалғасты. Ең басынан балалар мерекелік шабыт алып, түрлі ойындар ойнап көңіл көтере алды, қонаққа келген шетелдің аяз аталарымен танысып көп қызыққа шомылды. Қазақстандық Аяз Атамен «Қара жорға» биін билесе, Грециядан келген Агиос Василиаспен ойын ойнап, үйді жаңа жылға қалай безендіреті туралы әңгімелеп, Корей еліннен келген Сан Ата «Айдаһар» ойының ойнатып балалары қызыққа бөледі. Жаңа жылдық мерекеге қатысушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, бар шеберлектерін ортаға салды. Қойылымнан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өз тақпақтарын айтып фотосуретке түсіп, көтерінкі көңіл күймен тарасты.