"Бір шаңырақ астында"
7 шілде күні грек бөлімшесі тәрбиеленушілері қалалық саябақта өткен облыстық "Бір шаңырақ" астында фестиваліне қатысты. Грек ЭМБ құрамына енетін балақайлар ересек мүшелермен қатар ЭМБ дамуына өз үлестерін қосып келеді, салт-дәстүр, ана тілін, ұлттық ойындар мен ертегілерін оқып үйреніп, өнерлерін ортаға салуда. Әр шара сайын тәрбиеленушілер жаңа ән мен билерін ерекше орындауға тырысады. Өнерлерін өрге жүзсін!