Балабақшадағы бақша балаларға экологиялық тәрбие беруді жүзеге асыру үшін қажет жағдай. Оның бар болуы баланың табиғат нысандарымен, маусымдық өзгерістермен таныстыруға ықпалын тигізеді. Бұл жерде балалар өсімдіктердің өсу ретін, олардың атауларын білуді және сырт бейнесін байқауға, су құю мен күту жолдарын, сонымен қатар табиғаттың адам өмірінде алатын орны туралы да білуіне мүмкіндігін береді.
Балабақшадағы бақша – бұл балалардың өз істерінің нәтижесін көру мүмкіндігі. Біздің бақшада балалар тәрбиешілермен бірлесіп аскөк, салат, сәбіз, пияз, ақжелкен мен гүлдерді отырғызды, сосын оларды күтуді үйренді. Бақылау кезінде және еңбек еткенде білгендері, олардың айтуынша өсіп-өнуі тек қана жарық, жылулық, топырақтан ғана емес, сонымен қатар дұрыс күтуден де көрінетінін атады.