Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
Ғарышкерлер күні
23-04-2021 14:26

Ғарышкерлер күні

Кез келген адам ғарыштың не екенін білуі керек. «Ғарыш» сөзі ежелгі грек елінен келген. Ол елде бұл  сөз «әлем»деген мағынаны білдіреді. Ғарыш – ол ғалам ғой. Біздің жерімізді бүкіл аспан денелерімен бірге айналып жүрген бір кеңістік. Планеталар жүйесі ол Күннің айналасында жүреді, құйрықты кометалар, метеориттер мұның бәрі – ғарыш әлемі. Тылсым әлем әрине балаларды үнемі қызықтырып отырады. Тағы да басқа жерде өмір бар ма екендігін білгісі келетіндердің қатары әрине көп. Сондықтан балалар қызығып бар ықыластарымен ғарыш денелерін, планеталарды, метеориттерді және де зымырандар мен ғарышкерлердің суреттерін салғанды жақсы көреді. Осыған байланысты жыл сайын вернисажды ғарыш туралы әдемі жұмыстармен толтырып отырамыз және де тақырыптық сабақтар өткіздік.