Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
Күз сиқыршы көмектес, сандығымды ашшы. Көз тоятын сыйлықпен, балаларды қуантшы!
31-10-2011 06:41

1-ші сәбилер тобы Күз сиқыршыға орманға қонаққа "Күзгі жолдармен" барды, жолда оларға орман тұрғындары Қонжық пен Көжек кездесті.

2-ші сәбилер және естияр В тобының балалары Күз сиқыршыға қонаққа көлікке отырып барды. Күзгі орманда оларды Кірпі мен Жаңбыр қарсы алды. Балалар кірпіге ғажайып саңырауқұлақтарды себетке жинауға көмектесті, ал Жаңбырмен "Күн және жаңбыр" деген қимылды ойын ойнады. Сұлу Күзді мәнді тақпақтармен, ән, билермен қуантты.

Естияр топтары Күз сиқыршыны "Простоквашинода" қарсы алды. Балалар Матроскин мысық пен Шарикке бай өнімдерді жинап берді.

Ересек топтары "Сиқырлы жапырақтардың" көмегімен Күзді құтқарды, онда Қызанақ синьор мен оның күзетшілері Чипполино мен Асқабақты ұстап алғысы келді, бірақ жақсылық әрқашанда зұлымдықты жеңетініне көзіміз жетті. 

Дайындық топтары "Шалқан" ертегісін жаңа кейіпке салып сахналап берді, онда әрбір бала өзінің жеке рөлін ойнады. Әндер көп болды, тақпақтар диалог түрінде құрылған. Әртістердің тамаша киімдері мен театралдық декорация күзгі мерекені әсерлі қылып көрсетті.