Наурыз құтты болсын!
Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Осындай күні отбасыларыңызға шексіз бақыт, қуаныш, шаттық, ынтымақ тілейміз! Жер Анамыздың берері мол болсын, қазақтың дастарханынан кең пейіл мен молшылық арылмасын, елімізде тыныштық болып, патшамыз аман болсын, ақ мол болып, пейілге де, сезімге де нәсібін берсін! Наурыз құтты болсын! Молшылық, тоқшылық болсын!