Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
"Тәуелсіздік күні" ертеңгіліктер
28-12-2018 19:41

2018 жылғы 12 мен 14 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті. Мерекеге ата - аналар шақырылды. Біз балаларымызға қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне деген сыйластық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тырысамыз. Бұл патриоттық тәрбиенің бір тасын қалайтын кезең.  Балабақшада мектепке дейінгі білімді түрлі халықтардың балалары алады. Сондықтан басты назар үштұғырлы саясатты іске асыруға бағытталады. Сәбилер тақпақтарды анық сеніммен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сайрап айтып бере алды. Концерттерде патриоттық әндер, билер, домбырада ойнау, домбырамен билеу, түрлі тақпақтар оқу желісі өтті. Көрермендер мерекелік концертке дән риза болды десек артық айтылмас.