Балалар өздігінен жиі шешім қабылдай алмайды,қауіпті жағдайда кімнен көмек сұрауларын білмей қалады,қауіпті жағдай ережелерімен таныс емес.Олардың тәртіп ерекшеліктерін және өмірлеріндегі қауіпті жағдайлар туралы әр балаға түсінік беру-бұл балабақша тәрбиенушілердің тәрбиесінің негізгі мақсаты.
Біздің балабақша педагогтары балаларға білімді әңгімелесу түрінде ғана емес,олармен суреттер қарастырады,көркем әдебиеттер оқиды және «Жас өртсөндірушілер», «Көшіру күндері» спорттық ойын-сауықтар арқылы қауіпсіз тәртіптерінің білімдерін нақтылау,қорытындылау арқылы жұмыстар ұйымдастырады.
2013 жылы 7-ші және 8-ші ақпанда демалыс күндері даярлық топтарда «Құтқарушылар мектебі» атты ойын-сауық өткізілді. «Мекен жай», «Аралдар», «Құстарды көшіру» спорттық эстафеталар,музыкалық сайыстар, «Дұрыс ата», «Жаман-жақсы», «Қайсы артық?», «Ақ-қара» логикалық тапсырмалар бұл балалардың қауіпсіз жағдайдағы білімдерін нақтылайды. Балалар тапсырманы жауапкершілікпен орындады.
Мұндай мерекелер балалардың дене жаттығуларына қызығушылықтарын,денсаулықтарын сақтауды қорытындылайды.