ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Температуралық параметрлер
Оқушылар мен ата-аналар назарына! Павлодар қаласының мектептерінде сабақтарды болдырмау ережелері Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығымен «Орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім беру мекемелерінде, ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары кезінде, сабақтардың болмауы Ережелері» бекітілді.

Бекітілген ережелерге сәйкес қалалық білім беру бөлімдері жыл сайын бекітеді:

  • ондай кездері білім беру мекемелерінде сабақтарды болдырмайтын, аймақтың географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес, сондай ақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, аймақтық мүдделі мемлекеттік органдарының келісімі бойынша ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері;
  • ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты сабақтардың болмайтындығы жайлы уақытылы түрде ата-аналар мен оқушыларға хабарлау жүйесі.

Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде сабақтарды болмайтын кездегі, температуралық параметрлер Төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен келісілген.

Ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты сабақтардың болмайтындығы жайлы уақытылы түрде ата-аналар мен оқушыларға хабарлау жүйесі бекітілді.
  1. Білім беру бөлімінің сайтында келесідей мекенжай бойынша ақпарат орналасады:
bilim-pavlodar.gov.kz 1 ауысым - сағат 6-45-те 2 ауысым - сағат 12-10-да
  1. Облыстық радио эфирінде сабақтардың болмайтындығын трансляциялау:
сағат 7-10-да - 1 ауысым, сағат 12-10-да - 2 ауысым;
  1. «Ирбис» телеарнасында жүгіртпе жолында;
1 ауысым - 7- 00-7-30, 2 ауысым 12-10-13-00 Одан басқа, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде топтар ашылды. Қыс мезгілінде оқу кезінде әлеуметтік желілерде, ауа-райы жайлы ақпарат орналастырылып тұрады, Егерде ата-аналар әлеуметтік желілердегі біздің жаңартуларымызға жазылатын болса, онда сабақтардың болмайтындығы жайлы сайттан уақытылы түрде ақпарат алып тұрады.  

Павлодар қ. Білім бөлімі