Температуралық параметрлер
Оқушылар мен ата-аналар назарына! Павлодар қаласының мектептерінде сабақтарды болдырмау ережелері Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығымен «Орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім беру мекемелерінде, ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары кезінде, сабақтардың болмауы Ережелері» бекітілді.
Бекітілген ережелерге сәйкес қалалық білім беру бөлімдері жыл сайын бекітеді:
- ондай кездері білім беру мекемелерінде сабақтарды болдырмайтын, аймақтың географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес, сондай ақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, аймақтық мүдделі мемлекеттік органдарының келісімі бойынша ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері;
- ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты сабақтардың болмайтындығы жайлы уақытылы түрде ата-аналар мен оқушыларға хабарлау жүйесі.
Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде сабақтарды болмайтын кездегі, температуралық параметрлер Төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен келісілген.
Ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты сабақтардың болмайтындығы жайлы уақытылы түрде ата-аналар мен оқушыларға хабарлау жүйесі бекітілді.- Білім беру бөлімінің сайтында келесідей мекенжай бойынша ақпарат орналасады:
- Облыстық радио эфирінде сабақтардың болмайтындығын трансляциялау:
- «Ирбис» телеарнасында жүгіртпе жолында;
Павлодар қ. Білім бөлімі