Телефон доверия
321242
Адрес: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы
 
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.  

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы
 
 
 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігі "QAZAQSTAN" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "QAZAQSTAN" деген жазу – алтын түстес.
 
 
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні
 
Сөзін жазғандар:
Нұрсұлтан Назарбаев
Жұмекен Нәжімеденов
Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов
 
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім.
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел – бақытты,
Біздің ел – осындай!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім.
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!