Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
email: pavlodar18@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 11/1
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін
Как часто Вы посещаете наш сайт?
Голосовать
часто - 4
очень редко - 2
нечасто - 0
Всего проголосовало: 6
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қорғаншылық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Қорғаншылық кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы шарттар  

1.1. Осы Ереже заңды тұлға мәртебесі жоқ Қорғаншылық Кеңестің жұмыс тәртібін: атқаратын қызметі, міндеттері, жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын реттейді.

1.2. Қорғаншылық Кеңестің мақсаты – бөбекжай-балабақшаның тиімді қызмет көрсетуі мен дамуына жағдай жасау.

 

2. Қорғаншылық кеңестің атқарымдары

2.1. Әлуметтік – кеңестің қызметіне тұрғындардың түрлі әлеуметтік-кәсіби топтарын тарту.  

2.2. Экономикалық  – балаларды сауықтыру, тәрбиелеу және оқыту бойынша жұмыстың тиімді жүргізілуіне қолайлы жағдай жасау  үшін қайырымдылық көмек көрсету.  

2.3. Саяси – мемлекеттік (өңірлік) білім беру саясатын жүзеге асыру.  

 

3. Қорғаншылық кеңестің міндеттері

3.1. Ата-аналардың санасында балалардың сауықтыру мен білім алу сапасының жоғары болуының олардың ары қарай азамат ретіндегі әлеуметтік мәртебесін анықтау туралы түсінік қалыптастыру.  

3.2. Мемлекеттің білім беру саласындағы  саясатын жүзеге асыру.   

 

4. Қорғаншылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.

4.1. Қорғаншылық Кеңес қайырымдылық қызметін жүзеге асыру үшін ерікті түрде біріккен ата-аналардың жалпы жалпы жиналысында құрылады. Бұл жағдайда жалпы жиналыс Құрылтайшылар жиналыысы мәртебесіне ие болады.  

4.2. Қорғаншылар (ата-аналар) қауымдастығы өз құрамының ішінен үнемі жұмыс істейтін басқарушы орган – Қорғаншылық Кеңесті сайлайды. Қорғаншылар Кеңесі мүшелерінің саны, оның өкілеттілігі мерзімін Құрылтай жиналысы анықтайды. Қорғаншылық Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы (әр топтан екі өкіл (ата-ана), өкілеттілік мерзімі – 1 жыл болуы ұсынылады,   Бөбекжай-балабақшаның басшысы Қорғаншылық Кеңестің құравмына енгізіледі.  

4.3. Қорғаншылық Кеңес өз құрамының ішінен Қорғаншылық Кеңестің өкілеттілік мерзіміне (1 жыл) төраға мен хатшыны сайлайды. Қажеттілік туындаған жағдайда Кеңестің төрағасы мен хатшыны сайлау өкілеттілік мерзімінің аяқталуына дейін созылуы мүмкін.  

4.4. Қорғаншылық Кеңестің отырыстары қажеттілік бойынша, алайда әр тоқсанда бір реттен кем емес өткізілуі тиіс.  

4.5. Қорғаншылық кеңес қорғаншылардың жалпы жиналсын шақырмай-ақ бөбекжай-балабақшаға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларды кеңестің мүшелігіне кеңестің өз шешімімен қабылдау мүмкіндігіне ие болады.  

4.6. Қорғаншылық Кеңестің барлық шешімдері кеңес мүшелерінің 2/3 бөлігінің қатысуымен өткен отырыстарда көпшілік дауыспен қабылданады, шешімдер қаулы ретінде ресімделіп, қаулыға Қорғаншылық Кеңестің төрағасы мен хатшысының қолдары қойылады.

4.7. Құжаттама Қорғаншылық Кеңес төрағасында сақталады.  

4.8. Қорғаншылық Кеңестің өз қызметін атқаруы ақысыз негізде жүргізіледі.  

 

5. Қорғаншылық кеңес қызметінің мазмұны

5.1. Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №18 бөбекжай-балабақшасы» ҚМКК-ы екінші деңгейлі бюджеттік емес қаржының өкімшісі болып табылады. Бөбекжай-балабақшаның басшысы Бюджеттік емес қаржының бас өкімшісі болып табылады.  

5.2. Қорғаншылық Кеңес:

·         Қайырымдылық қызметті басқарады;  

·         Ата-аналардың ерікті қайырымдылық жарналарын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мақсатты жарналарын жинайды;

·         Қосымша қаржы көздерін тұрақты түрде іздестіреді;

·         Бөбекжай-балабақшаның әкімшілігмен біріге отырып, мектепке дейінгі ұйымның қажеттіліктерін анықтап, осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындар мен іс-шаралар жоспарын анықтайды;

·         Басшының тапсырысы бойынша алдағы қаржы жылына жоспарланған кірістер мен шығындар сметасын бекітеді(Қорғаншылық Кеңестің бастапқы қызметі уақытында, қаржының тұрақсыздығына байланысты сметаны тоқсан бойынша бекіту мүмкіндігі қарастырылған);

·         Сметаның орындалуын бақылайды;

·         Ата-аналарды, БАҚ-ты, қала мекемелері мен кәсіпорындарын мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі проблемалар туралы жалпы және бөбекжайдағы жеке проблемалар туралы ақпарат таратады;

·         Бөбекжай-балабақша әкімшілігінің келісімі бойынша білім беру мекемесінің қызметіне тұрғындардың түрлі әлеуметтік-кәсіби топ өкілдерін қатыстырады;

·         Бөбекжай-балабақшаның бас өкімші-жетекшісімен бірге бюджеттік емес қаржының жұмс алуына жауап береді,

·         Жылына 1 реттен кем емес қамқоршылардың жалпы кеңесінде қайырымдылық қызметінің жағдайы туралы ақпарат беріп, Қамқоршылық Кеңестің қаржысының жұмсалуы туралы есеп береді

5 3. Қамқоршылық Кеңестің қаржысы – кеңес өздігімен тапқан немесе бөбекжай-балабқшасының әкімшігіне табуға көмектескен қаржы, ол балабақшаның бюджеттік емес қаржысының құрамдас бөлігі болып табылады және:

·         Балабақшаның қызмет етуі мен дамуы үшін,

·         Шығындар сметасымен қарастырылмаған шұғыл шығындарды өтеу үшін - сақтық қоры үшін жұмсалады.

 

6. Қорытынды шарттар

6.1. Қамқоршылық Кеңес бөбекжай-балабақшаның Жарғысына сәйкес осы Ереженің және білім беру саласындағы заңнама негізінде қызмет етеді.

6.2. Қамқоршылық Кеңес қажет болған жағдайда осы Ережеге өзгерістер мен түзетулер енгізуі мүмкін.

6.3. Осы Ереженің қызмет ету мерзімі Қамқоршылық Кеңестің аталмыш формасы жұмыс істеу кезінде немесе жаңа Ереже қабылданғанға дейін бекітіледі.