Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
email: pavlodar18@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 11/1
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін
Как часто Вы посещаете наш сайт?
Голосовать
часто - 4
очень редко - 2
нечасто - 0
Всего проголосовало: 6
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Психологтың кеңесі

Балдырғандарға арналған маңызды ойындар.

    Осы мақалада  Сіздер балдырғанға 3 жастың дағдарысынан өтуіне көмек  беретін ойындар туралы оқып білесіздер. Ерте балалық шақтың кезені аяқталып, үш жасқа жақындағанда баланың дене бітімінің және психикалық  дамуында өзгерістер басталады.    Балақай өзін анасынан бөлек қарастыра бастайды, ол өз бетінше іс -әрекет жасағысы, өзінің жеке пікірін  қорғап қалғысы келеді. Осы кезеңде  ата –аналарға  таныс сөздер «Мен өзім!» айтылы бастайды. Ол әр түрлі  екпінде, әр түрлі адамдарға қатысты  жиі қайталанады, бірақ көп жағдайда  өзінің дербестігі үшін күрес бала өміріндегі ең жақын және маңызды адамы болып саналатын анасымен көзге көрінбейтін күрес жүргізіледі.

  Осы жастағы балалардың тым еркелігі, қырсықтықтығы, негативизмі сияқты мінез- құлықтарын дұрыс көз -қараспен қабылдау керек.   Жанжалды болдырмау үшін баланың «Мен» деген маңыздылығын сақтап қалуымыз қажет, тыныштандыру үшін ойындарды пайдаланған жөн.

       «Бұл Мен!» ойыны 

Жолмен  жүріп келе жатқан                                          Анасы баласына сұрақ қояды,

Соқпақ жолмен бақшаға бара жатқан ?                               баласы жауап береді

Кәне достым, жауап бер

- Мен келемін! Мен келемін 

Аяғымен жерді теуіп тұрған кім екен -                        бала аяғымен жер тебеді

Жер сілкініп жатыр ғой?

Достым кім екен ол?

- Бұл мен! Бұл мен ! 

Егер алға жүгіріп кетсем

Мені тез қуып жететін кім?                                   анасы жүгіреді, балақай қуып жетеді

Оны  білесін бе  достым?

- Мен қуып жете аламын!

- Мен қуып жете аламын! 

Егер  шегені алып  қақсам

Балғамен қатты ұрамсам

Көмектесетін кім екен?                                            анасы балғамен ұрғандай болады

-Мен көмектесем!

-Мен көмектесем! 

Анасының киімі қарда болса                                 бала анасынан «қар бүршіктерін» түсіреді

Қар бүршіктерін кім түсіреді?

Пальтосын шешуге кім көмек береді?   

 - Оған мен көмектесемін! 

Ал егер де анашым                                                   бір- бірін құшақтайды.

Қатты шаршап -шалдықса                       

Аймалайтын, аяйтын оны кім?

-Бұл мен! Бұл мен!   

Назар аударыңыз, бала барлық жауаптарын бірінші жақтан «Мен» деп беріп отыр.

Бұл маңызды, өйткені өзінің пікірін білдіре алу, өзінің маңызды болу қажеттілігі қанағаттандырылады. Осындай ойындар баланың «өз бейнесін» позитивтік тұрғыдан қалыптастыруына көмегін тигізеді.

    3 жастағы дағдарыс кезеңінде балаңыз үшін «қалаймын», «істей аламын», «істеймін», «өзім істеймін» деген сөздерді айтатындай  (тек қана ойында емес, сонымен қатар өмірде де ) жағдайлар жасау маңызды болады. 

Тағы бір ойын- тақпақты ұсынамымын. Ұлдар мен қыздар үшін екі нұсқасы бар.

Баламен бірге оны жаттап алуына немесе әндетіп айтуға болады. 

                       «Мен өзім»

Мен бәрін істей аламын:

Тамақтанып, киінем

Сумен таңертен

Беті- қолымды жуына аламын 

Күлімдеймін мен

Қолымды шапалақтап

Көңілді секіремін мен

Аяғымен жерді тебіп 

Күннің көзін өзім -ақ

Жеңілдікпен сала аламын

Кубиктардан құрап

Биік үйдер  саламын 

Үлкен болып өстім мен

Әсте қырсық емеспін

Өзім бәрін істеймін

Ана мен әке, біліп қой ! 

Басқа тақырыптармен  ұқсас  ойындар ойластырып табуға болады. Оны көп рет қайталауға (баланың қалауына байланысты) болады. Ең маңыздысы  баламен бірлескен ойындарда - оның жеке ерекшеліктерін қабылдау, оның уайымдарымен, қорқуларымен бөлісу - Сіздің назарыңыз, түсінік білдіруіңіз керектігін  ұмытпаңыздар.