Павлодар облысының білім беру басқармасы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің « Павлодар қаласының №32 сәбилер бақшасы» КМҚК
Басшысы
Жанаспаева Гульмира Болатовна
1969 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген. Балалық шағынан мұғалім болуды армандап өсті.
1989 жылы Екібастұз педучилищесін үздік бітіріп, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтына педагог-психолог мамандығы бойынша оқуға түсті. Алғашқы ұстаздық жолын Екібастұз қаласындағы № 10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Содан бері 12 жыл мектепке дейінгі мекемелердің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Гүлмира Болатовнаның ең басты мақсатының бірі – болашақ ұрпақты рухани-әдептілікке тәрбиелеу.
Ол балалар үшін «Балабақшада твистинг технологиясын балалармен қолдану» бағдарламасын құрастырды. Гүлмира Болатовнаның басшылығымен әдіскерлер қазіргі кезде үш балабақшаларының басшылары болып қызмет жасап жатыр, ал тәрбиешілер – әдіскерлер қызметін атқаруда. Павлодар қаласындағы мекемелерді басқара отырып «Балапан» бағдарламасы бойынша үш балабақшаны қайта қалпына келтірді. Ұлттық біртұтастық және қоғамдық келісімге үлкен үлес қосуда. Барлық қалалық, облыстық іс-шараларға қатысады. Павлодар облысы халықтар Ассамблеясының қоғамдық бірлестігінің «Нұр-Ана әлемі» «Келіндер» клубының жетекшісі.
«Ұлт жоспары – бес институттық реформаның 100 қадамы» шеңберінде ол «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты конкурс ұйымдастырып, өткізді.
Павлодар облысы халықтар Ассамблеясының қоғамдық бірлестігінің «Нұр-Ана әлемі» 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есім» республикалық жобасына қатысты.
Іс-шараларға белсене қатысқаны үшін білім Министрлігінің алғыс хатымен, бірнеше рет қала әкімінің, білім бөлімі басшысының мадақтамасы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Білім басқармасының «Табыс» кітабына енгізілді, оның түлектері қалалық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жүлдегерлері мен иегерлері болып саналады. 2022 жылы тамыз айында басшы «Көш-басшы» категериясына ие болды . 2024 жылы маусым айында Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.