Тұмау!!! Ата аналардың есіне
Жіті респираторлық вирустық жұқпалар (ЖВРЖ) жұқпа аурушаңдық белгілері бойынша көп жағдайда ұқсас болып келеді. Тұмау- жұқпа топтарының арасындағы ең ауыр өтетін аурушаңдық. ЖВРЖ мен тұмау аурушаңдығы жыл сайын балалар арасында 4-5 ретке өсіп отырады. Оған себеп, ең алдымен респираторлық вирустан бала организімін қорғауды қамтамасыз ететін имунды және анатомиялық- физиологиялық жасының жетілмегендігі болып табылады.
Тұмау несімен қауіпті?
Тұмау көбінесе баланың организіміндегі қорғаныс күштерін әлсіретіп және оның басқа ауруларға төтеп беруі төмендетеді. Әсіресе жиі ауыратын балалар арасында көп жағдайда тұмаудың асқыну қаупі бар. Асқынулар арасында тұмаумен ауырып болған балаларда
- синуситтер
- отиттер
- пневмония
- жүрек- қантамырлық аурулар
- орталық жүйке жүйесінің ауруы бөлініп жатады.
Сізге міндетті түрде педиатордың көмегіне жүгіну керек:
- Егер балаңыздың үш-төрт күн дене қызуы түспеген жағдайда;.
- Егер балаңыз ауыр дем алып, құлағы ауырса, мұрыны бітеліп, басы ауырса немесе жөтелге шағымданса дәрігерге қаралу керек .
Міндетті медициналық бақылауды ұзақ уақыт салқын тигеннен ауыратын және әртүрлі ағзаларының қайталама ауруына шалдыққан кішкентай балалар аса назар аударуды қажет етеді. Балаларды тұмаудан кейінгі асқынулардан соң денсаулығы қанағаттанарлық болған жағдайдың өзінде стационарға жатқызыу керек.
Тұмаудың таралуы
Тұмау тұйық кеңістіктегі балалар арасында тез таралады (мектеп сыныптарында, кинода, театрларда, спорт секцияларында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде).
Балалар арасында жұқпаны таратушы тұмаумен ауыратын адам болып табылады.
Ең қауіптісі, тұмаудың жеңіл формасымен ауыратындар жұқтырушы болып табылады, олар ауырған кезден бастап ұжымның ішінде жүреді, олар оқшауланбайды.
Балалар тұмауды қалай жұқтырады:
- Науқас адамның түшкіру немесе жөтел кезінде бөлінетін сілекей мен қақырықтың ұсақ тамшыларын ауамен дем алғанда.
- Тұмау вирусы сөйлесу кезінде берілуі мүмкін, өйткені науқас адамнан бөлінетін тамшылар 2-3 метр қашықтыққа дейін таралады. Қол алысу туралы да ұмытпаған жөн.
- Науқас адаммен тікелей байланысқа түскен кезінде, мысалы оқушылар арасында қарындаш, компьтерлік ойындар, шанышқы немесе қасық сияқты заттарды бірге пайдаланған кезде жұқтырады.
ЖВРЖ мен тұмаудың алдын алу үшін жыл бойы баланың ағзасын нығайту өте маңызды.
Ауа райына байланысты баланы дұрыс киіндіру керек.
Рационға витаминді тамақ қосу.
Үнемі спортпен айналысып, денені шынықтырып отыру керек!!!!!