Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 января 2010 года № 13 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации дошкольных организаций образования"

"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6048 болып енгiзiлдi Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқыұтық актiлерi Бюллетенi, 2010 жылғы N 3; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, 2011 жылғы N 1 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн. 4. «Мектепке дейiнгi ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 571 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2464 болып тiркелген, «Ресми газет» газетiнде 2003 жылғы 4 қазанда № 40(145) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.А. Бiртановқа жүктелсiн. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Ж. Досқалиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекiтiлген «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi
  1. Жалпы ережелер
  2. Осы «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi (бұдан әрi – санитариялық ережелер) бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға, жер учаскесiне, ғимаратқа, үй-жайларды күтiп ұстауға, жөндеуге және пайдалануға енгiзуге, жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режимiне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрiзге, медициналық көмек көрсетуге және гигиеналық тәрбиеге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды. 2. Осы санитариялық ережелер қызметi барлық типтегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдарды пайдаланумен және күтiп-ұстаумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналады. 3. Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды: 1) бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары - Қазақстан Республикасының заңдарына, мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттары негiзiнде әзiрленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбие-бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтердi көрсететiн жеке және заңды тұлғалар; 2) бiлiм берудiң жалпы типтегi мектепке дейiнгi ұйымдары – сыйымдылығы 4-тен бастап 12-ге дейiн топ болатын, ережеге сай өзiнiң тәрбиеленушiлерiнiң тұрақты контингентiне педагогикалық және медициналық қызмет көрсететiн және жеке тұрған ғимаратта орналасатын мектепке дейiнгi ұйымдар; 3) шағын мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейiнгi, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлi тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын мектепке дейiнгi ұйымдар; 4) топтық бөлiк бiр топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы; 5) топтың жинақталуы топтағы балалардың нормаланатын саны; 6) күн тәртiбi балаларға арналған белгiленген күн тәртiбi; 7) таңертеңгi сүзгi - инфекциялық аурулардың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар; 8) дене тәрбиесi - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабiлетiн дамытуға бағытталған қызмет саласы; 9) тиiмдi тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас нормаларын ескере отырып, баланстанған тамақтандыру; 10) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамның сапасын бағалау; 11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай; 12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясын нормалайтын көрсеткiш; 13) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi - ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандыруды нормалайтын көрсеткiш; 14) климаттық аймақ – климаттық белгiлерi (температура, ылғалдылық) бойынша бөлiнетiн аумақ 15) септик – ағынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камерадан тұратын көлденең типтегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс; 16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектiлерiнде инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшiн қолданылатын химиялық заттар.
  3. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары (бұдан әрi – ББМДҰ) магистральдi көшелерден, коммуналдық және өнеркәсiптiк ұйымдардан алыстатылған елдi мекендердiң тұрғын аймағында: оңашаланған жер учаскелерiнде, жеке үй иелiгiнде, үш қабаттан жоғары емес құрылған-жапсарлас үй-жайда, сондай-ақ көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарында орналастырылады. Салынған немесе реконструкцияланған ББМДҰ-ын пайдалануға енгiзуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ББМДҰ-ның қызметiне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде рұқсат етiледi. 5. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның жер учаскелерiнде мыналар көзделедi: топтық алаң аймағы, жалпы дене шынықтыру алаңы, шаруашылық аймағы. 6. ББМДҰ-ның ойын алаңдарының көлемдерi бiр орынға кемiнде 6 м2 қабылданады. ББМДҰ-ның топтық бөлiктерiнiң үй-жайлары ауданы мен балалардың жас ерекшелiгiн есепке ала отырып, топтардың жинақталуы осы ережелерге 1-қосымшаға сәйкес қабылданады. Әртүрлi жастағы (аралас) топтардың контингентiн iрiктеуде ұйымның ондағы әрбiр жастағы топтың анатомиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне барынша сәйкес келетiн күн тәртiбi мүмкiндiгiн есепке алуы тиiс. Аз жиынды ББМДҰ-нда топтарды топтастыру кезiнде мыналар: аралас (сәби, мектепке дейiнгi) жастағы балалардың екi аралас тобы; аралас жастағы балалардың екi аралас тобы және бiр дайындық тобы тиiмдi болып табылады. Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 7. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында алаңы кемiнде 60 м2 болатын жеке жер учаскесi болады. 8. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында орналастырылатын ББМДҰ-ның тұрғын үйдiң кiреберiсiмен бiрiктiрiлмеген жеке кiру есiгi болуы тиiс. 9. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында ББМДҰ-нан 50 метрден аспайтын қашықтықта және ББМДҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлi тұрғын үйден кемiнде 10 метр қашықтықта (жеке иелiктегi үйлер үшiн кемiнде 5 метр) тек ойын алаңын көздеуге жол берiледi. Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 10. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөлiктерге сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болады. Сәби жастағы балаларға арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады. 11. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сәйкес, сенiмдi және берiк орнатылады. Жабдықтың бетi шығыңқысыз және кедiр-бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз, суға төзiмдi және оңай тазалануы тиiс. 12. Әрбiр ойын алаңында көлеңке бастырма орнатылады. Көлеңке бастырманың еденi жылу өткiзгiш материалдардан (ағаш және басқа да материалдар) дайындалады. 13. Ойын алаңдарының жабыны сәби жастағы балалар үшiн шөптен, мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн шөптен және тығыздалған топырақтан болады. 14. Мектепке дейiнгi топтар үшiн ортақ жидек-бақшасын жоспарлауға жол берiледi. 15. Дене шынықтыру алаңы мыналарды: қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақты; гимнастикалық жабдық және спорт жабдығы бар аймақты; жүгiретiн жолды; секiру шұқырын; кедергi жолдарды қамтиды. ББМДҰ-да көлемi кемiнде 250 метр2 дене шынықтыру алаңы жабдықталады. Қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың бетi – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болады. Тротуар плитаны қолдануға жол берiледi. Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 16. Оқшауланған шаруашылық алаңы ас блогына және кiр жуатын орынға жақын орналасады, қатты жабыны (асфальт, бетон) және өз алдына бөлек көлiк кiретiн жолы болады. Аумақтағы шаруашылық алаңға кiретiн жол топтық алаңдарға қатынайтын жаяу жүргiншiлер жолдарымен қиылыспайды. Шаруашылық алаңда көлемi кемiнде 30 м2 болатын көкөнiс сақтау қоймасын орналастыруға жол берiледi. Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 17. Қақпағы бар металл қоқыссалғыштар шаруашылық аймақта бетондалған немесе асфальтталған алаңда орналастырылады. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның қоқысын жинау үшiн тұрғын үйдiң ортақ қоқыссалғышын немесе контейнерлердi пайдалануға жол берiледi. 18. Оңашаланған учаскелерде орналастырылатын ББМДҰ-ның жер учаскесiнде кемiнде 1,6 м биiктiкте қоршауы болады.
  5. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының ғимаратына және үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  6. Ғимаратта және учаскеде топтарды әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлардан барынша оқшаулау принципi сақталады. 20. Ғимаратқа сырттан кiретiн есiкте кеңдiгi кемiнде 1,6 метр екi қабатты тамбур көзделедi. Кiру есiктерiнiң бiреуiнiң сыртқы есiгi iшке қарай ашылады. Әйнегi бар есiктер орнатуға жол берiлмейдi. 21. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның негiзгi және қосымша үй-жайларының құрамы мен алаңы осы санитариялық ережелерге 2-қосымшаға сәйкес қабылдануы керек. 2003 жылғы шiлдеге дейiн салынған және реконстукцияланған жалпы типтегi ББМДҰ-ның үй-жайларына қолданымайды. Сәби жастағы балалар үшiн топтық бөлiктер әрбiр топқа жеке кiру есiгi бар бiрiншi қабатқа ерекшелiкпен орналастырылады. Үш қабатты ғимараттардың үшiншi қабатында ересек (4 жастан бастап) жас тобындағы балалардың топтық бөлiктерi, залдар және жұмысқа арналған өзге де арнайы үй-жайлар, қызметтiк-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар орналастырылады. Бiрiншi топтағы жас балаларды қабылдау бөлмесiнде ата-аналардың шешiнуiне және баласын тамақтандыруға арналған орын бөлiнедi. 22. Шағын ББМДҰ-ында (шағын орталық): шешiнетiн орын холл түрiнде бiрге көзделедi. Санитариялық тораптарда әрбiр 10 балаға бiр унитаз және бiр раковина жабдықталады. Бiр үй-жайда ойын және жатын бөлмелерiн бiрiктiруге жол берiледi. 23. ББМДҰ-да ауданы кемiнде 80 м2 болатын музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал қарастырылады. Шағын ББМДҰ-да: - музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал көздеуге жол берiлмейдi; - қауiпсiздiк шаралары сақталған жағдайда музыка және гимнастика сабақтарын ойын бөлмесiнде жүргiзуге жол берiледi. Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 24. ББМД-ында цокольдық қабаттарда қосымша үй-жайларды орналастыруға жол берiледi. 25. Ойын, топтық және жатын үй-жайларда табиғи тiке немесе бұрыштық желдету қамтамасыз етiледi. 26. Фрамугалар мен желдеткiштер әрбiр үй-жайдың терезелерiнде көзделедi және жылдың барлық мезгiлiнде пайдаланылады. 27. Баспалдақтардың биiктiгi 1,2 метр қоршауы болады. Тұтқалар ересек адамдар үшiн 0,85 метр, балалар үшiн 0,5 метр биiктiкте орналасады. Баспалдақтар қоршауының тiгiнен орнатылған элементтерiнiң саңылауы 0,1 метрден аспайтын болады, оларды көлденең орнатуға жол берiлмейдi. 28. Негiзгi үй-жайларды санитариялық-техникалық жабдықтармен жабдықтау осы санитариялық ережелерге 3-қосымшаға сәйкес болады. 29. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 30. Медициналық бөлме сыйымдылығына қарамастан ББМДҰ-ы үшiн бөлiнедi. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрастырылған–жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын медициналық блоктың, ББМДҰ-дың үй-жайлар жиыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органымен келiседi. 31. Медициналық пункттiң үй-жайлар құрамында изолятор (изолятор палатасы өту жолында орналаспаған) және дезинфекциялық құралдарды дайындауға арналған үй-жай көзделедi. 32. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның ас блогы құрамына мыналар кiредi: ас дайындау және жуу асүйi, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлiктерге арналған қойма және көкөнiстерге арналған қойма. Жуу, ас дайындау және бөлшектеу бөлмелерi асүйден арақабырғалықпен бөлiнедi немесе қолданылу мақсаты бойынша аймақпен анықталады. 33. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде орналастырылатын ас блогының, ББМДҰ-ның үй-жайлар жиыны ББМДҰ-ның қуаттылығына байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органмен келiседi. 34. Шағын ББМДҰ-да (шағын орталық) ас дайындауға аймақтауды сақтау кезiнде (шикiзатты дайындау, әзiрлеу, тарату) жұмыс iстеп тұрған асүйдiң алаңында жол берiледi. Тамақ өнiмдерiне арналған қоймалар болмаған кезде сатып алу бiр аптадан асырмай жүзеге асырылады. 35. Көкөнiстердi және құрғақ өнiмдердi сақтауға арналған қоймалар асүйден оқшауланады. 36. Кiр жуу және үтiктеу үй-жайлары аралас көзделедi. Кiр жуу кезiнде лас және таза төсек әбзелдерiнiң ағымы сақталады. Топтық бөлiктер мен ас блогы үй-жайларына қарама-қарсы кiр жуу бөлмесiне кiру есiгiн орнатуға жол берiлмейдi. Шағын ББМДҰ-ның (шағын орталық) төсек әбзелдерiн арнайы кiр жуу орындарында жууды ұйымдастыруға жол берiледi. 37. ББМДҰ-ның қабырғалары мен едендерi тегiс болуы көзделедi және ылғалды тәсiлмен жинауға мүмкiндiк беретiн әрленуi болады. Топтық бөлiктердiң негiзгi үй-жайларының, музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердiң қабырғаларының бетiнде ашық түстерiнiң күңгiрт фактурасы және жуу мен дезинфекциялауға төзiмдi болады. Ас блогы үй-жайының, кiр жуу бөлмесiнiң, үтiктеу және дәретхана бөлмелерiнiң қабырғалары 1,8 м биiктiкте глазурленген плитамен әрленуi керек. 38. Топтық, ойын, жатын үй-жайларының, медициналық блоктың, дәлiздiң жылуды төмен өткiзетiн жабыны (паркет, тақтайша, жылытылған негiзде линолеум) болады. Ас блогының, кiр жуу, үтiктеу және дәретхана бөлмелерiнiң едендерiне керамикалық плита төселедi.
  7. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарындағы табиғи және жасанды жарығына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  8. ББМДҰ-ның негiзгi үй-жайларында табиғи жарық болады. Табиғи жарықтандыру коэффицентiнiң шамасы (бұдан әрi – ТЖК) топтық, жатын, бөлмелерiнде, медициналық бөлмеде, изолятор палаталарында, музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған үй-жайларда, компьютер класында - кемiнде 1,5%, шешiнетiн орында - 1,0%-дан төмен емес. Екiншi жарықпен жарықтандыру тек дәретхана, қабылдау және шешiнетiн үй-жайларда ғана жол берiледi. Персоналға арналған буфет, қойма және дәретхана үй-жайларында табиғи емес жарық орнатуға жол берiледi. Топтық, ойын және жатын бөлмелерiндегi жарық жақтаулары реттелетiн күннен қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады. Күннен қорғаныш құрылғылары (бұдан әрi – КҚҚ) ретiнде тек тiк бағытталған iшкi, сектольаралық және сыртқы жалюзилер пайдаланылады. Реттелетiн бастапқы қалыптағы КҚҚ құрылымы терезе жақтауының жарыққа активтi ауданын азайтпауы және ТЖК нормаланатын шамасын төмендетпеуi тиiс. Жалюзи үшiн пайдаланылатын материал суға, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзiмдi болуы тиiс. КҚҚ ретiнде қабырға түсiмен үйлесетiн ашық түстi матадан тiгiлген перделердi де пайдаланады. Жарық өткiзгiштiк деңгейi жеткiлiктi және жарықты жақсы тарататын қасиетке ие мақта-қағаз матадан (поплин, штапельдi мата, репс және мата) тiгiлген перделердi пайдалануға жол берiледi. Топтық үй-жайлардағы терезелердiң перделерi табиғи жарық деңгейiн төмендетпеуi тиiс. Жатын үй-жайлардағы терезелердiң пердесiн жабуға тек балалар ұйықтап жатқанда жол берiледi, ал қалған уақытта үй-жайларға күн сәулесiнiң түсуiн қамтамасыз ете отырып, перделердi жылжытады. Бiр жақтан түсетiн жарықпен жарықтандыру кезiнде топтық үй-жайлардың кеңдiгi – 6 м аспайды. Үй-жайлардың iшi кең болған кезде (қарама-қарсы желдетудi де қамтамасыз ететiн) терезелердi екi жақта параллель немесе бұрышта орналастыру қажет. Терезелердiң ағашы ұсақ тордан болмауы тиiс. Терезе алдына табиғи жарықтың деңгейiн азайтатын үлкен жапырақты гүлдердi орналастырмау керек. Гүлдердiң биiктiгi терезе алдынан 15 сантиметрден (бұдан әрi – см) аспауы тиiс. Гүлдердi еденнен 65-70 см биiктiкте аспалы (қабырғада) немесе едендегi гүл өсiретiн ыдыста және табиғат бұрыштарында орналастыру ұсынылады. Табиғи жарық жеткiлiксiз жағдайларда сабақ жүргiзу кезiнде қосымша жасанды жарық қажет. 40. Топтарға арналған үй-жайларда жарық тек бiр жағынан түскен жағдайда бөлменiң кеңдiгi 6 метрден аспай көзделедi. Үй-жайдың iшi кең болған кезде терезелер екi жақтан паралелл немесе бұрыштан орналастыру көзделедi. 41. Жасанды жарық көздерi осы санитариялық ережелерге 4-қосымшаға сәйкес барлық үй-жайларға жеткiлiктi және тегiс жарық түсуiн қамтамасыз етедi. 42. Үй-жайларда бiр типтегi шамдар қолданылады: қызу немесе люминесценттi шамдар. Шамшырақтардың қорғаныш плафондары болуы тиiс. 43. Шамшырақтардың жарық арматураларын тазалау жылына кемiнде екi рет жүргiзiлуi және iстен шыққан шамдарды уақтылы ауыстыруы қажет. Жарамсыз, iстен шыққан люминесценттi шамдар жиналады және ғимараттан құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарға шығарылады. Шамдарды сақтау ББМДҰ-ның жертөлесiнде немесе цокольдық қабатында орналасқан кiлтпен жабылатын ББМДҰ-ның жеке үй-жайында сынбайтын ыдыста жүзеге асырылады. Өңделген люминесценттi шамдарды қоқыс салғыш контейнерлерге тастауға жол берiлмейдi. Өңделген люминесценттi шамдарды сақтау жауапты адамға жүктеледi. 44. Балалар тұрақты болатын үй-жайда штепсельдi розеткалар және еденнен 1,8 м биiктiкте ажыратқыштар орнатылады. Жасанды жарықты жыл мезгiлiне, табиғи жарық деңгейiнiң жағдайына сәйкес енгiзу қажет.
  9. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының санитариялық-техникалық жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  10. ББМДҰ-ның ғимараты қалалық және ауылдық елдi-мекендердi жоспарлауға және тұрғызуға қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес шаруашылық-ауызсу, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, кәрiз жүйелерiмен және су ағындарымен жабдықталады. ББМДҰ-да сумен жабдықтау және кәрiз орталықтанған болуы тиiс. Орталықтанған сумен жабдықтау болмаған кезде ас блогына, изоляторға және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайларға, кiр жуу орнына, барлық топтық бөлiктердiң дәретханаларына суды механикалық берудi қамтамасыз етуi керек. Қолжуғыштарға және себезгiлерге берiлетiн судың температурасы 37оС-тан аспауы және 60оС-тан жоғарыламауы тиiс. Ыстық сумен жабдықтаудың дербес жүйесiн ұйымдастыруға жол берiледi. 46. Орталықтандырылған елдi-мекен және қалалық су құбыры желiлерi мен кәрiз болмаған жағдайда, сумен жабдықтау мен кәрiздiң жергiлiктi жүйелерiн таңдау және құрылғысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiн куәландыратын қорытындысы болған кезде жүргiзiледi. Кәрiзденбеген аудандарда ББМДҰ-ы септик құрылғысы бар iшкi кәрiз жүйесiмен жабдықталады, оны тазалау оның 2/3 көлемi толуына қарай жүргiзiледi. Сұйық қоқысты шығаруды мамандандырылған автокөлiк ұйымы жүзеге асырылады. 47. Ас үй, буфет, балаларға және персоналға арналған дәретханалар, кiр жуатын орындар, изолятор және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайлар, қолжуғыштар және араластырғыш кран құрылғысы бар шаруашылық қажеттiлiкке арналған су тарату краны ыстық және салқын судың келуiмен қамтамасыз етiледi. 48. Балаларға арналған санитариялық аспаптарды еденнен орнатудың мынадай биiктiгi көзделедi: 1) сәби жастағы және кiшi мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған қолжуғыштар - 0,4 м; 2) орта ересек мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған қолжуғыштар - 0,5 м; 3) постаменттегi ванналар - 0,6 м; 4) сәбилер тобындағы және бiрiншi кiшi топтағы балаларға арналған терең себезгiнiң табандығы (себезгi торының табандық түбiне дейiнгi орналасу биiктiгi – 1,5 м болғанда) – 0,6 м; 5) мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған саяз себезгiнiң табандығы (себезгi торының табандық түбiне дейiнгi орналасу биiктiгi – 1,6 м болғанда) – 0,3 м. ББМДҰ жобалаған және қайта жаңартқан кезде ересек және дайындық топтарында ұл балалар мен қыз балалар үшiн бөлек дәретханалар көзделедi. 49. ББМДҰ ғимараттарын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардағы жылуға, желдетуге және ауаны баптауға қойылатын талаптарға сәйкес орталық жылу және желдету жүйелерiмен жабдықтайды. Автономдық немесе газбен жылытуды қолдануға рұқсат етiледi. 50. ББМДҰ-ның ғимараттарын жылумен жабдықтауды орталық жылу жүйесiнен (ОЖЖ), аудандық және жергiлiктi қазандықтардан қарастыру керек. Ауылдық елдi мекендердегi көлемi елу орыннан аспайтын бiр қабатты ғимараттарда жеке кiретiн есiгi бар, оқшауланған үй-жайда пешпен жылыту құрылғысына жол берiледi. Жылыту аспаптары ретiнде радиаторларды, бетон қабырғаларға жапсарлас салынған құбыр тәрiздi жылыту элементтерiн пайдалануға болады. Балалардың күйуi мен зақымдануын болдырмау мақсатында жылыту элементтерiн алынып-салынатын ағаш торлармен қоршаған дұрыс. Ағаш-жоңқа тақтайшасынан және басқа да полимер материалдардан жасалған қоршау құрылғыларын пайдаланбау керек. 51. ББМДҰ үй-жайларында +19оС - +22оС ауа температурасы көзделедi. Балалар болатын үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55%; ас үйде және кiр жуатын бөлмеде 60-70% дейiн қабылданады.
  11. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары үй-жайларының жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  12. ББМДҰ жабдығы балалардың бойы мен жас ерекшелiгiне сәйкес болады, оларды пайдалануға сәйкестiк және сапа сертификаты бар болған кезде жол берiледi. Топтардың үй-жайларында кереуеттер, үстелдер, орындықтар, ойыншықтар мен оқу құралдарына арналған шкафтардың болуы көзделедi. Қабылдау және шешiнетiн бөлмелерде балалар мен персоналға арналған шкафтар қарастырылады. Бiр топтың және таңбаның үстелдерi мен орындықтары жинақталады. Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негiзгi өлшемдерi осы санитариялық ережелерге 5-қосымшаға сәйкес көзделедi. 53. Сабақ өткiзуге арналған жиһаздарды орналастыру кезiнде мынадай талаптарды сақтау қажет: 1) үстелдер сол жақтан жарықтандырыла отырып, жарық түсетiн қабырғаға орналастырылады; 2) төрт орындық үстелдер екi қатардан артық емес, ал екi орындық үстелдер үш қатардан артық емес етiп орналастырылады. Үстел қатарларының арасындағы арақашықтық кемiнде 0,5 м көзделедi; 3) үстелдердiң бiрiншi қатарының жарық түсетiн қабырғадан арақашықтығы - 1 м; 4) бiрiншi үстелден тақтаға дейiнгi арақашықтық - 2,5-3 м; 5) қабырғаға iлiнген тақтаның астыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi 0,7-0,8 м; 6) қабырғаға iлетiн тақтаның көлемi - 0,75-1,5 м; 7) балаларды денсаулықтары, көру, есту жағдайларын ескере отырып отырғызу керек. 54. Сәби тобының ойын бөлмесiндегi манеж және барьер терезеге параллель, одан бiр метр арақашықтықта орналастырылады. 55. Сәби жасындағы бiрiншi топта қолжуғыштың жанына құндақтау үстелi, орамалдарға арналған iлгiш пен «кiр киiмдерге арналған» таңбасы бар бак орнатылады. 56. Жатын бөлмелер жеке таңбалары бар стационарлы кереуеттермен жабдықталады. Кереуеттердiң өлшемi: 1) үш жасқа дейiнгi балалар үшiн кереуеттiң ұзындығы 120 сантиметр (бұдан әрi – см), енi 60 см, қоршауы мен төсегiнiң биiктiгi өзгередi; 2) үш-жетi жастағы балалар үшiн кереуеттiң ұзындығы 140 сантиметр, енi 60 см. 57. Мектепке дейiнгi топтарда екi қабатты кереуеттердi және төсегi қатты жиналмалы кереуеттердi (жайылатын төсектер) пайдалануға жол берiледi. 58. Қабылдау және шешiнетiн бөлмелер балалар мен персоналдың сыртқы киiмдерiне арналған шкафтармен жабдықталады. Киiмдерге арналған шкафтарда бас киiмге арналған сөрелер мен сыртқы киiмдерге арналған iлгiштерi бар жеке таңбаланған ұяшықтары болады. 59. Балалар топтарының дәретханаларында балалардың сүлгiлерi мен жеке бас гигиенасы құралдарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғаға iлiнетiн немесе аспалы iлгiштер; сәби топтарында жеке таңбасы бар түбектерге арналған шкафтар орнатылады. 60. Теледидар бағдарламаларын қарау үшiн экран көлемi кемiнде 59 сантиметр теледидарлар пайдаланылады. Теледидарларды 1-1,3 м биiктiкте орнату көзделедi. Диапроектор экраны еденнен кемiнде бiр метр және 1,3 м артық емес биiктiкте iлiнедi. Теледидар экранынан көрермендерге дейiнгi арақашықтық 4-тен 6 м дейiн, диапроектор экранынан 1,2-ден 2,4 м дейiн болады. Орындықтар төрт-бес қатарға орналастырылады. Орындықтар қатарларының арасындағы қашықтық 0,5-0,6 м көзделедi. Балаларды бойын ескере отырып отырғызу керек. 61. Кешкi уақытта теледидар бағдарламаларын, диафильмдердi, бейнефильмдердi қарау жасанды жалпы немесе жергiлiктi жарықтандыруда жүзеге асырылады. Күндiз терезелердi жеңiл ақшыл перделермен жабу керек. Теледидар бағдарламалары мен диафильмдердi көру ұзақтығы төрт-бес жастағы балалар үшiн жиырма минуттан, ал алты жастағы балалар үшiн отыз минуттан аспайды. 62. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
  13. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының учаскесiн және үй-жайларын күтiп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  14. Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделiктi, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды әдiспен жүргiзiледi. Әйнектердiң iшкi беттерi апта сайын сүртiледi, айына бiр рет жуылады; сыртқы бетi ластануына қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет. Еден күнiне екi рет жуылады; жиһаздар, радиаторлар, терезенiң алды, балалардың киiм шкафтары күн сайын сүртiледi және аптасына бiр рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргiзiледi. 64. Барлық үй-жайларды күрделi жинау ай сайын және эпидемиоллгиялық көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген өнiмдер мен заттардың тiзiлiмiне сәйкес. 65. Сору желдеткiш жүйелерiнiң жалюз торкөздерi шаңнан тазартылады, оларды тек сыртқы ауа мен үй-жай ауасының температурасы күрт өзгерген кезде жабу керек. 66. Сору желдеткiшiнiң шахталарын тазалау жылына кемiнде екi рет жүргiзiледi. Әйнектерiн сыртқы және iшкi жағынан тазалай отырып терезе ойықтарын жуу жылына екi рет (көктемде және күзде) жүргiзiледi. 67. Топтық бөлiктердiң қызмет етуi кезiнде күрделi жөндеу және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерiн жүргiзуге жол берiлмейдi. 68. Жаңадан сатып алынған ойыншықтарда олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын сертификаттары болуы тиiс. Жұмсақ және түктi ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, ағын сумен шайылады, содан соң кептiрiледi. 69. Бiрiншi топтағы сәбилер үшiн пайдаланылған ойыншықтар күнiне екi рет 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, содан соң ағын судың астында шайылады және кептiрiледi. Ересек балаларға арналған пайдаланылған ойыншықтар күнделiктi күннiң соңында жуылады. Қуыршақтың киiмi ластануына қарай жуылады және үтiктеледi. Ойыншықтарды жуатын ыдыс таңбаланады. 70. Iшi жұмсақ материалдармен толтырылған ойыншықтар пайдаланылғаннан кейiн күн соңында бактерицидтi шаммен 30 минут бойы, 25 сантиметр арақашықтықта дезинфекцияланады. Пенолатекс, түктi ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша өңделедi. Сәби жастағы балаларға және изоляторда iшi жұмсақ материалдармен толтырылған және пенолатекстен жасалған түктi ойыншықтар пайдаланылмайды. 71. Барлық төсек әбзелдерi (матрацтар, жастықтар, көрпелер) таңбаланады, төсек әбзелдерi жиналмалы (жайылатын) кереуеттердi қолданғанда таңбаланады. Үш төсек әбзелiнiң жиыны және екi матрац тысы болуы қажет. 72. Төсек әбзелдерiн, сүлгiнi ауыстыру ластануына қарай, аптасына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Төсек әбзелдерi мен жаялықтар пайдаланылғаннан кейiн арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кiр төсек әбзелдерi кiр жуатын орындарға (клеенка және мата) қаптарда жеткiзiледi. Мата қаптар жууға берiледi, клеенка қаптар сабынды-сода ертiндiмен өңделедi. Топқа таза төсек әбзелдерi жуылған қаптарда жеткiзiледi. Төсек әбзелдерiн: матрацтарды, жастықтарды, көрпелердi, жатын қаптарын әрбiр күрделi жинау кезiнде тiкелей жатын бөлмелерде терезенi ашып желдетiп, мерзiмiмен сыртқа шығару керек. Эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша камералық әдiстi қолдану арқылы дезинфекциялау жүргiзiледi. 73. Кiлемдер күнделiктi шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау кезiнде қағылады және ылғал щеткамен сүртiледi, жылына бiр рет химиялық өңдеуден өткiзiледi. Құндақтау үстелдерiн, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердiң, төбешiктердiң жапқыштарын күнiне екi рет және ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжiспен былғанған жағдайда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып арнайы бөлiнген шүберекпен бөлiндiлерден тазалау жүргiзiледi. 74. Жеке түбектердi пайдалану қызмет көрсететiн персоналдың қадағалауымен жүргiзiледi. Түбектер қолданылғаннан кейiн ыстық сумен (температура 60оС төмен емес) жуылады. Унитаздар, ванналар, есiктердiң тұтқалары, еден, крандар, қабырғалар күнделiктi жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады. 75. Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ iшер алдында және содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күнiне бiр рет сүртiледi. 76. Жабдықтың әрбiр түрi сүртiледi, қолданғаннан кейiн жуылатын, кептiрiлетiн және құрғақ күйiнде қақпағы бар, арнайы таңбаланған ыдыста сақталатын арнайы шүберекпен жуылады. 77. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда белгiленген тәртiппен ағымдық және қорытынды дезинфекциялау жүргiзiледi. 78. Сәби топтарында кәрiз болмаған жағдайда нәжiс жинауға арналған қақпағы бар шелек, түбектерге арналған дезинфекциялық ерiтiндiсi бар сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет. 79. Дәретхананы жинауға арналған жинау мүкаммалының (шүберектер, шелектер, шөткелер) таңбасы болады және дәретхана бөлмесiндегi арнайы шкафта сақталады. Барлық жинау мүкаммалын қолданғаннан кейiн жуу құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың iшкi беттерiн тазалау үшiн бiр унитазға кемiнде екi щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары және олардың жұмыс ерiтiндiлерi балалардың қолы жетпейтiн жерде сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерiтiндiсi ерiтiндiнiң дайындалған күнi көрсетiлген белгi бекiтiлген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес дайындалады. 80. ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кiруiн болдырмау үшiн желдету үшiн ашылатын терезелерге, желдеткiштерге, фрамугаларға тор көздер орнатылады. 81. Ғимаратқа кiретiн жерде қырғыштар, торлар, кiлемшелер, щеткалар орнатылады, әр үй-жайдың кiретiн есiгiнiң жанында балалардың әрбiр кiргенiнен кейiн тазаланып жуылатын ылғал кiлемшелер төселедi. ББМДҰ-ның учаскесi таза ұсталады. Ойын алаңының жабдығы және кiшi сәулеттiк нысандары балаларды серуендету және ойнату алдында күнделiктi сүртiледi, құм алаңындағы құм ылғалданады, аптасына бiр рет араластырылады. Құм айына бiр рет ауыстырылады немесе 7-10 күнде бiр рет қайнаған сумен өңделедi және бетiн жабатын бастырмасы болады. 82. Кәрiз болмаған жағдайда су өткiзбейтiн, бетондалған қоқыс төгетiн орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 көлемi толған кезде тазалау және қолдануға рұқсат етiлген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу керек. Ауладағы дәретханалардың iшкi беттерi мен есiктерiнiң тұтқалары күн сайын жуылады және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып өңделедi. 83. Жүзу бассейндерiн жобалау, салу, реконструкциялау кезiнде санитариялық ережелер Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6417 болып тiркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектiлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 555 бұйрығымен регламенттеледi. Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 84. Жылына кемiнде бiр рет жаз мезгiлiнде ББМДҰ-ның ғимараты мен үй-жайларына ағымды жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлiк коммуникацияларға тексеру жүргiзiледi.
  15. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымының ауа-жылу режимiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  16. Тiкелей немесе бұрыштан желдету балалар болмаған кезде жүргiзiледi. Желдетудiң ұзақтығы сыртқы ауаның температурасына, желдiң бағытына, жылу жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiне байланысты және балалардың топтардың бөлмелерiне қайтып келуiне отыз минут қалғанда аяқталады. Дәретханалар арқылы желдетуге тыйым салынады. Бiр жақты желдетудi балалар бар кезiнде жүргiзуге жол берiледi. Жылдың жылы мезгiлiнде үй-жайда ауа алмастыруды тоқтаусыз жүргiзу ұсынылады, салқын мезгiлде ересек балалар үшiн үй-жайдағы ауаның температурасын қосу 18оС дейiн және кiшi мектепке дейiнгi балалар үшiн қосу 19оС дейiн төмендетiп желдетуге жол берiледi. 86. Жылдың салқын мезгiлiнде фрамугаларды, желдеткiштердi балалар ұйықтағанға дейiн жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бiр жақтан ашып, оянар алдында отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы мезгiлiнде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер, фрамугалар ашық кезiнде жүргiзiледi. 87. Ауаның температурасын бақылау балалар бойының ұзындығына байланысты iшкi қабырғада 0,8-1,2 м биiктiкке iлiнген тұрмыстық термометрдiң көмегiмен жүзеге асырылады. 88. Балаларды таза ауада серуендету оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес күнiне кемiнде екi рет жүргiзiледi. Ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 7 м/с артық болғанда серуендеудiң ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейiнгi балалар үшiн серуендеу ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшiн ауаның температурасы -20оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с артық болғанда жүргiзiлмейдi. Барынша сауықтыру әсерiн қамтамасыз ету үшiн: 1) бағдарламада көзделген балалардың таза ауада болу мерзiмiн қысқартуға жол бермеу керек; 2) балалар киiмдерiнiң ыңғайлы жағдайында серуендеу уақытында балалардың қимылдау белсендiлiгiн барынша қамтамасыз ету қажет.
  17. Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  18. Ас блогының құрамына мыналар кiредi: дайындау және ыдыс жуу бөлмесi бар ас үй, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлiкке арналған қойма және көкөнiстер қоймасы. Ыдыс жуу, дайындау және өңдеу бөлмелерi ас үйден қалқалармен бөлiнедi немесе мақсатына қарай аймақтарға белгiленедi. Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 90. Ас блоктарында: көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жекеменшiк үй иелiктерiнде, сондай-ақ осы санитариялық ережелер бекiтiлгенге дейiн салынған мектепке дейiнгi ұйымдардың технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен жабдықталуы, тамақ қабылдау жағдайлары ББМДҰ-ның қуатына байланысты тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органымен келiсiледi. 91. Тамақ өңдеу және дайындау үшiн арнаулы электр жабдығы орнатылады, газ плитасын қоюға жол берiледi. Ас үй үй-жайлары механикалық сору желдеткiшiмен жабдықталады. Елуге дейiн орны бар селолық ББМДҰ-да оттығы бөлек үй-жайға шығатын, қатты отынмен жанатын ас үй плитасын қолдануға жол берiледi. 92. Термометрлерi бар тоңазытқыш қондырғылары қарастырылады. Тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш қондырғыларында өнiмдердiң әр түрiн сақтауға арналған орындарды нақты анықтау керек. 93. Бiр жастағы балаларға арналған өнiмдер (қоспалар) бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Көкөнiстер көкөнiстер қамбасында (көкөнiс қоймасында), құрғақ өнiмдер сөрелермен, шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған қоймаларда сақталады. Өңдеуге арналған үстелдердiң беттерi тұтастай металдан жасалған тотықпайтын болаттан немесе дюралюминийден қарастырылады. Бетiне мырышты темiр төселген үстелдерде тек шикi ет пен балықты өңдеуге жол берiледi. Қамырға бетi тегiс сүрленген, ағаштың қатты түрiнен жасалған үстел қарастырылады. 94. Шикi және дайын өнiмдердi бөлшектеу үшiн бөлек бөлшектеу үстелдерi, ағаштың қатты түрiнен жасалған, тегiстелген жарықтары мен саңылаулары жоқ пышақтар мен тақтайлар болуы керек. Пластмассадан және престелген фанерадан жасалған бөлшектеуге арналған тақтайларды пайдалануға жол берiлмейдi. Тақтайлар мен пышақтар былай таңбалануы тиiс: «ШЕ» - шикi ет, «ШТ» - шикi тауықтар, «ШБ» - шикi балық, «ШК» - шикi көкөнiстер, «ПЕ» - пiскен ет, «ПБ» - пiскен балық, «ПК» - пiскен көкөнiстер, «Гастрономия», «Майшабақ», «Н» - нан, «Ас көк». 95. Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, оларды тазалау олардың 2/3 көлемiнен артық толуына қарай жүргiзiледi. Сыйымдылықтар күнделiктi тазартылады және 2% кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, содан кейiн ыстық сумен шайылып, кептiрiледi. 96. Сапасы мен қолданылу саласы сапа және қауiпсiздiк сертификаттарымен расталатын тотықпайтын болаттан, шойыннан (таба), қалайыланбаған темiрден (қаңылтыр таба) жасалған эмальданған ас үй ыдыстарын қолдануға жол берiледi. Ас үй ыдыстары арнайы сөрелерде немесе стеллаждарда, ұсақ мүкаммал шкафтарда сақталады. 97. Ас үй ыдыстарын жуу үшiн жуатын ванналар орнатылады немесе оларға ыстық және суық суы жүргiзiледi. Ваннаның кәрiзге қосылатын жерiнде ауа айырғыш қарастырылады. 98. Ас блогының үй-жайларында жуу құралдарын қолдану арқылы ылғалды тәсiлмен күнделiктi жинау, кейiннен барлық үй-жайларды, жабдықтар мен мүкаммалды дезинфекциялау арқылы айына бiр рет ауқымды жинау жүргiзiледi. 99. Бөлшектеу мүкаммалы (тақтайлар, қалақшалар, араластырғыштар) және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен (500С) жуылады, ыстық сумен шайылады, содан соң стеллаждарда кептiрiледi. Метал мүкаммал жуғаннан кейiн духовкада қыздырылады; ет турағыштарды қолданғаннан кейiн бөлшектейдi, жуады, ыстық сумен шаяды және кептiредi. Ыдыстарды, ас үй мүкаммалын және үстелдi жуып болғаннан кейiн шүберек жуылады, жиырма бес минут бойы қайнатылады, кептiрiледi және жабық ыдыста сақталады. Щетка, ерштер жуылады және арнайы бөлiнген жерде сақталады. 100. Дератизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды көрсетiлген қызмет түрiне лицензиясы бар ұйымдар жүргiзедi. 101. ББМДҰ-ға жеткiзiлетiн тағам өнiмдерiнде сертификаттары немесе олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын басқа да құжаттары болады. Шикi және дайын өнiмдер бөлек сақталады. Тез бұзылатын өнiмдер тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда 2-6оС температурада және осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес сақталады. Тоңазытқыш камераларындағы және тоңазытқыштардағы температураны бақылау үшiн термометрлер қолданылады. Бiр тоңазытқыш жабдығы болған кезде ет, балық пен сүт өнiмдерiн сақтау орындары жеңiл жуылатын және өңделетiн арнайы сөрелердiң мiндеттi құрылғысымен қатаң шектелген болуы тиiс. 102. Сусымалы өнiмдер құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда қабырғадан 20 см және еденнен 15 см қашықтықта орналасқан стеллаждардағы қаптарда немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады. 103. Ақ нан мен қара нан бөлек, есiктерiнде желдетуге арналған тесiктерi бар шкафтарда сақталады, астыңғы сөренiң еденнен арақашықтығы кемiнде 35 см қарастырылады. Шкафтардың сөрелерi қоқымнан арнайы щеткалармен тазартылады және 1% асханалық сiрке су ерiтiндiсiн қолдану арқылы шүберекпен сүртiледi. 104. ББМДҰ-да балаларды ыстық тамақтандыру балалар кемiнде төрт сағат болған кезде ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақты ББМДҰ-ның арнайы қызметкерi дайындайды. Балалардың тамағы толыққанды, өнiмдердiң құрамы бойынша әртүрлi, өсiп келе жатқан ағзаның физиологиялық қажеттiлiктерiн негiзгi тағамдық заттармен толығымен қанағаттандыратын болуы, тағам картотекасы және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген өнiм тiзбесiнiң ассортиментi бойынша ұсынылатын жетi және он күндiк ас мәзiрi негiзiнде жасалуы тиiс. Жазғы сауықтыру кезеңiнде рационға жемiстердi, шырындарды, сүттi қосу арқылы қосымша тамақ iшу (екiншi таңғы ас) есебiнен тамақ iшу жиiлiгi көбейедi және түске дейiн кемiнде 1,5-2 сағат бұрын берiледi. 105. Күнделiктi дайын өнiмнiң тәулiктiк сынамасы қалдырылады. Тәулiктiк сынаманы таңдау және сақтау медицина қызметкерлерiнiң бақылауымен жүргiзiледi. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатып өңделген) шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бөлiнген жерiнде +2oС -тан +6oС –қа дейiнгi температурада сақталады. Тәулiктiк сынамалар келесi күнi немесе демалыс күннен кейiн (демалыс күнiнiң санына тәуелсiз) дайындалған таңғы аспен, түскi аспен, түстен кейiнгi жеңiл тамақпен немесе кешкi аспен ауыстырылғанға дейiн сақталады. 106. Осы санитариялық ережелерге 6-қосымшада: ББМДҰ-да тәрбиеленетiн балаларға арналған тамақтану нормалары (1-кесте); балаларға арналған қуат, ақуыздар, майлар мен көмiртектер тұтынудың ұсынылатын шамалары (2-кесте); тәулiктiк рационның құнарлығын бөлу (3-кесте); балалар үшiн жастарына байланысты үлестерiнiң массасы (4-кесте); бiр азық-түлiктi басқа азық-түлiкпен ауыстыру кестесi (5-кесте); салқындатып өңдегендегi шығындар (6-кесте); жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнiмдерiнiң шығындары (7-кесте) келтiрiлген. 107. ББМДҰ-ның медицина қызметкерi: 1) күнделiктi ас мәзiрiн құрастырады және аспаздық өңдеудiң дұрыстығына, өнiмдердiң толық салынуына, тағамның шығымына және дайын тағамның дәмдiк сапасына бақылау жасайды; 2) үшiншi тамақтарға С витаминiн қосуды жүргiзедi, өнiмдердi сақтау, өткiзу мерзiмдерiнiң және ас блогының санитариялық жағдайының сақталуын бақылайды. 108. Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып, бағаланып және дайын тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейiн берiледi. Медицина қызметкерi әр тағам түрiнiң дәмдiк сапасын бағалайды, үлестiрiлетiн тағамның салмағы мен көлемiнiң ас мәзiрiнде көрсетiлген мөлшерге сәйкестiгiн көрсетедi. 109. Тағам шығымын тексеру үшiн он порция өлшенедi. Медицина қызметкерi айына бiр рет тағамның құндылығына және ингредиенттерiне есептеу жүргiзедi. 110. Тамақ дайындау кезiнде мына талаптар сақталады: 1) шикi және пiскен өнiмдердi өңдеу тиiсiнше таңбаланған бөлшектеу мүкаммалын қолдана отырып әртүрлi үстелдерде жүргiзiледi; 2) ет-сүйек сорпалары сүзiледi; 3) салаттарға арналған шикi көкөнiстер өңделедi және «ПК» - пiскен көкөнiстер деген таңбасы бар тақтайшалар мен үстелдерде туралады; 4) кемiнде екi ет турағыш қарастырылады, шикi және пiскен өнiмдерге бөлек; 5) ет немесе балық турамасынан жасалған котлеттер, биточкалар екi жағынан кемiнде он минуттан қуырылады және дайын болғанға дейiн 220-250оС температурада духовкада қуырылады; 6) бiрiншi және екiншi тамақтарға қолданылатын пiскен ет он минут бойы 220-250оС температурада қайталап термиялық өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) ұшырайды; 7) пiсiрмелер, омлеттер бес-алты минут бойы 220-250оС температурада духовкада пiсiрiледi; 8) бiрiншi және екiншi тамақтар ыстық плита үстiнде екi-үш сағаттан артық тұрмайды; 9) ашыған сүт нан илеуге ғана жұмсалады; 10) қатық, iрiмшiк және басқа да ашыған сүт өнiмдерiн, ет қосылған құймақтар, флотша макарон, зельцтер, кремi бар кондитерлiк өнiмдер, сусындар, морс, форшмак, фритюр өнiмдерiн, студень, паштеттердi, гамбургерлердi, хот-догтарды, фритюрде қуырылған тоқаштарды, езiлген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды дайындауға жол берiлмейдi; 11) пастерленбеген, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеуi жоқ сүт, iрiмшiк және қаймақты, суда жүзетiн құстың жұмыртқасы мен етiн, үйде дайындалған консервi өнiмдерiн, газдалған сусындарды пайдалануға жол берiлмейдi; 12) сүт өңдеу ұйымдарында өндiрiлген шағын орамадағы қаймақ пен iрiмшiк арнайы термиялық өңдеудi қажет етпейдi. 111. Өнiмдердi аспаздық өңдеу кезiнде витаминдердi сақтау ережесiн сақтау қажет: көкөнiстердiң қабығын жұқалап аршу, көкөнiстердi түнде аршып қоймау, аршылған көкөнiстердi суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындау үшiн оларды қайнаған суға салу. Гиповитаминоздың алдын алу мақсатында салқын сусындарды (компот, кисель және т.б.) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргiзiледi. Компотты витаминдеу 12-15оС температураға дейiн салқындатылғаннан кейiн, оларды өткiзу алдында жүргiзу ұсынылады, ал кисельге аскорбин қышқылының ерiтiндiсiн 30-35оС температураға дейiн суығанда, оны араластырып және өткiзу температурасына дейiн салқындата отырып құяды. С витаминiнiң тәулiктiк нормасы сәби жасындағы балалар үшiн 50 миллиграмм, ал мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн 70 миллиграмм. Витаминделген тағамдар жылытылады. 112. Тағам өнiмдерiн тасымалдауды арнайы жабдықталған автокөлiктерде жүргiзу қажет. Автокөлiктiң «Объектiге және көлiк құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5899 болып тiркелген) сәйкес санитариялық паспорты болуы қажет. Экспедитордың арнайы киiмi және «Жеке медициналық кiтапшаларды беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 768 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5895 болып тiркелген) сәйкес жеке медициналық кiтапшасы болуы қажет. Өнiмдерге арналған ыдыстар таңбаланады және тағайындалуына қарай қолданылады, қолданылғаннан кейiн тазартылады, 2% кальцийленген сода ерiтiндiсi бар ыстық сумен жуылады (1 литр суға 20 грамм), шайылады, кептiрiледi және сөрелерде сақталады. 113. ББМДҰ-да фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай ыдыстары, тотықпайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдаланылады. Шетi сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған аспаптарды пайдалануға жол берiлмейдi. 114. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшiн тиiстi таңбалары бар үш ұялы жуғыш немесе ыдыс жуатын машина орнатылады. 2003 жылға дейiн салынған және қайта жаңартылған ББМДҰ-да екi ұялы жуғыштарға рұқсат етiледi. Алдымен 50-60оС температурада бiрiншi ұяда рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып шай ыдыстары жуылады, шайылады, содан соң асхана ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде оларды тамақ қалдықтарынан мұқият тазарту қажет, бiрiншi ұяда 50-60оС температурада жуу құралдарын қоса отырып ыстық сумен жуады, екiншi ұяда 65оС-дан төмен емес температурада ағынды сумен шаяды, торкөздi сөрелердiң үстiне кептiрiледi. Арнайы жуғыш және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш легенде рұқсат етiлген жуу құралдарын қосу арқылы ыстық суда жуылады, жуылған ыдыс ыстық суда шайылады, кейiннен кептiрiледi. 115. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып жуылады, 65оС температурадағы ыстық сумен шайылады және кептiрiледi. Емiзiктер жуылады, он бес минут бойы қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кiшкене бөтелкелер қыл және майсыздандыратын құралдардың көмегiмен (қыша, ас содасы) жылы ағынды сумен жуылады, содан соң он бес минут қайнатылады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек жуылады, кептiрiледi, ашық эмаль ыдыста құрғақ күйiнде сақталады. Ыдыстарды зарарсыздандыру үшiн эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша әр топқа құрғақтай қуыратын шкафтар немесе дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыстарды шылауға арналған сыйымдылықтар орнатылады. 116. Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшiн таңбаланған қақпағы бар сыйымдылық бөлiнедi, ол әр қабылданған тамақтан кейiн тазартылады, кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, ыстық сумен шайылады және кептiрiледi. 117. Ас блогының қызметкерлерi кемiнде арнайы киiмнiң үш жиынымен және жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтау үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiледi. Ас блогының қызметкерлерi мынадай жеке бас гигиенасының ережелерiн орындайды: 1) жұмыс басталар алдында сырт киiмiн шкафқа iледi, қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады; 2) тек таза арнайы киiммен жұмыс iстейдi; 3) ас блогынан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда арнайы киiмдi шешедi, асханаға оралғаннан кейiн қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады, содан соң арнайы киiмдi киедi.
  19. Балалар мен персоналға медииналық көмек көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  20. ББМДҰ сәйкес медицина қызметкерлерiнiң бiлiктi кадрларымен толықтырылады. Медицина қызметкерi болмаған жағдайда балаларды медициналық-санитариялық қамтамасыз етудi аумақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады. Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен. 119. ББМДҰ-ның медицина персоналы емдеу-профилактикалық сауықтыру iс-шараларын өткiзедi. ББМДҰ-ның емдеу-сауықтыру жұмысының тиiмдiлiк критерийi ретiнде балалардың денсаулық жағдайларының жақсаруы болып табылады. Балалардың денсаулық жағдайларын бағалауды ағымды қадағалаулар мен профилактикалық тексерiп-қараулар негiзiнде жүргiзедi. Балалардың әр жас топтары үшiн сырқаттанушылықты төмендетуге және балалардың денсаулығын күшейтуге бағытталған сауықтыру iс-шараларының кешендi жоспарын құрастырылады. Декреттелген жастағы балаларды профилактикалық медициналық тексерiп-қараулар қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiледi және дәрiгерге дейiнгi, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдердi қарастырады. Басқа балаларға жыл сайын скрининг-тестiлеу және педиатриялық тексерiп-қарау өткiзiледi. Көрсеткiштерi бойынша балалар басқа да дәрiгерлерге тексерiледi. 120. Балалар мен персонал арасында инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда ББМДҰ-ның басшылығы, оның персоналы мен медицина қызметкерлерi мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгiлеген мерзiмде және көлемде эпидемияға қарсы iс-шаралар жүргiзедi. 121. Ас блогының қызметкерлерiн мейiрбике күн сайын ас блогы қызметкерлерiн тексерiп-қарау журналына мiндеттi түрде белгiлей отырып iрiңдi аурудың барлығына тексередi. ББМДҰ-да инфекциялық аурумен ауыратын немесе күдiгi бар қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi немесе тез арада жұмыстан шеттетiледi. 122. ББМДҰ-да осы санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес есепке алу-есептiлiк құжаттамасы жүргiзiлуi қажет. Шағын ББМДҰ-да (шағын орталықтарда) жарақтандыру және жабдықтау, медициналық кабинеттердiң медициналық құжаттама тiзбесiн жүргiзуi тиiстi аумақтағы халықтық санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiледi. Медициналық кабинет осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиiс. Аудан жеткiлiктi болған жағдайда ББМДҰ-ның медициналық блогына осы санитариялық ережеге 10-қосымшаға сәйкес физиотерапевтиялық кабинет жабдықталады. 123. ББМДҰ-ның қызмет көрсететiн персоналында бөлек шкафта сақталатын арнайы киiмдерi болуы тиiс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киiм, орамал, бас киiм, белдемше. Дәретхана бөлмесiне кiрер алдында халатты шешiп және шыққан соң қолды мұқият сабынмен жуу керек. Персоналға дәретханасы бар үй-жай бөлiнедi. Персонал үшiн дәретханасы бар үй-жай болмаған жағдайда балалардың дәретхана алаңында персонал үшiн бөлек жабық санитариялық кабина қарастыру керек. 124. ББМДҰ-ға барлық медициналық тексерiп-қараулар мен зерттеп-қараулардың қорытындылары, гигиеналық оқытудан өткенi және жұмысқа жiберiлгенi туралы белгiлерi бар жеке медициналық кiтапшасыз қабылдауға жол берiлмейдi.
  21. Балалардың бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымында болуына және гигиеналық тәрбиесiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  22. ББМДҰ-ға кiрер алдында бала медициналық тексерiп-қараулардан, қажет болған жағдайда сауықтырудан өтедi. Баланы бiр ұйымнан екiншiсiне ауыстырған кезде дәрiгер немесе учаскелiк педиатр даму тарихының үзiндiсiн жазады. 126. ББМДҰ-ға бала қабылданғанда дәрiгер баланың ата-анасынан баланың өсуi мен мiнез-құлқының ерекшелiктерi туралы мәлiметтердi жинайды, оның денсаулық жағдайына, физикалық және жүйкелiк-психикалық дамуына баға бередi, педагогпен бiрге балаға күн тәртiбi бойынша жеке тағайындаулар, тамақтану және сауықтыру шараларын белгiлейдi. Баланың денсаулық жағдайы туралы мәлiмет медициналық картаға жазылады. 127. Балаларды күнделiктi таңертеңгi қабылдауды тәрбиешi ата-анасынан баланың денсаулық жағдайын сұрау, тамағын, денесiн қарау, ыстығын өлшеу арқылы жүргiзедi. Сәби топтарындағы балалардың бәрiнiң температурасы өлшенедi, мектеп жасына дейiнгi топтағыларда көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. Таңертеңгi қарау кезiнде анықталған науқастар мен ауруға күдiгi бар балалар ББМДҰ-ға қабылданбайды. Бiр күн iшiнде ауырған бала балалардан оқшауланады және ата-анасы келгенге дейiн оқшауланған үй-жайға ауыстырылады, шұғыл жағдайларда емдiк-профилактикалық ұйымдарға ауруханаға жатқызылады. 128. Ауырғаннан кейiн немесе басқа да себептер бойынша үш және одан да көп күн болмағаннан кейiн балалар ББМДҰ-ға учаскелiк дәрiгер-педиатрдан аурудың аты, ұзақтығы, жасалған емнiң түрлерi, инфекциялық науқастармен байланыста болмағаны туралы мәлiметтерi көрсетiлген анықтамасы бар болғанда қабылданады. 129. Таңертеңгiлiк тазалық балалардың үйiнде жүргiзiледi, ата-анасы таза, ұқыпты киiндiрiп әкеледi. Балаларда жеке гигиенаны сақтау әдетiн ата-анасы мен ББМДҰ-ның педагогикалық персоналы қалыптастырады. 130. Санаториялық ББМДҰ-да себезгi бөлмелерi қарастырылуы тиiс, балаларды жуындыру кесте бойынша жетi күнде кемiнде бiр рет төсек әбзелдерiн, үстiге киетiн киiмдердi және орамалдарды ауыстыру арқылы қарастырылуы тиiс. Төсек әбзелдерi, орамалдар, жеке бас гигиенасының құралдары (тiс щеткасы, тарақ, ысқыш) әр бала үшiн бөлiнiп берiледi. Жеке тiс щеткалары және ауызды шаюға арналған ыдыс санитариялық блоктан оқшауланған үй-жайда ашық ұяшықтарда сақталады. 131. Күн тәртiбi балалардың жас ерекшелiгiн ескере отырып ұйқының, демалудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын өткiзу ұзақтығының, тиiмдi тамақтануды ұйымдастырудың, дене тәрбиесiнiң гигиеналық нормасына сәйкес болады. Күнi бойы қызметтiң барлық түрлерi мен демалысты ұйымдастыру ББМДҰ-да балаларды тәрбиелеу және дамыту бағдарламасының негiзiнде құрылады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың күн тәртiбiн осы санитариялық ережелерге 11-қосымшаға сәйкес қабылдау қажет. 132. Балалардың қызметiн жоспарлаған кезде оқу жүктемесiн күн, апта, жыл бойына тең бөлу ұсынылады. 133. Оқу жылының басында дайындық тобында балалардың оқуға функционалдық дайындығын анықтау керек. Оқуға дайын емес, тiлiнiң дамуында мүкiсi бар және суық тиiп жиi ауыратын балалар үшiн күн тәртiбiнде мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру iс-шараларын қарастыру керек. 134. Қозғалыс режимiнiң негiзiн дене жаттығуларымен айналысу және әр түрлi нысандағы ойындар мен балалардың өз бетiмен қозғалу қызметi құрайды. Дене тәрбиесi бойынша жұмыстарды медицина қызметкерiнiң бақылауымен топ тәрбиешiлерi, дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушылар жүргiзедi. 135. Дене тәрбиесiн медициналық және педагогикалық бақылау мына түрде жүргiзiледi: 1) балалар емханасы немесе мектепке дейiнгi ұйымдар дәрiгерлерiнiң жоспарлы профилактикалық тексерiп-қараулары кезiнде өткiзiлетiн балалардың денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды динамикалық бақылау; 2) қозғалыс режимiнiң ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру жаттығуларымен және шынықтыру рәсiмдерiмен өткiзу әдiстерiн бақылау; 3) ББМДҰ-ның персоналы, ата-аналар арасында дәрiгердiң, мейiрбикенiң, ұйым басшысының, тәрбиешiлердiң, әдiскердiң дене тәрбиесi мәселелерi жөнiнде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргiзуi. 136. Мектеп жасына дейiнгi балаларды гигиеналық оқыту және тәрбиелеу өскелең ағза функцияларының қалыптасуы, дененiң және психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелi жүзеге асырылады. Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты саналы мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 137. Мектеп жасына дейiнгi балаларды гигиеналық тәрбиелеу мен оқытудың негiзгi нысаны мына бөлiмдер бойынша тәжiрибелiк жұмыс болып табылады: 1) дене тәрбиесi: денсаулықты нығайту, жаттығулар жасау, шынығу, белсендi қозғалу режимi дағдыларын бойға сiңiру; 2) адамгершiлiк тәрбиесi: мiнез-құлық мәдениетi, денсаулыққа саналы қарым-қатынас; 3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбек дағдыларын, өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын бойына сiңiру, гигиеналық ұсынымдарды орындау қажеттiлiгiн қалыптастыру. 138. Балаларды дене, ауыз қуысының гигиенасы ережелерiн сақтау, жеке бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерiн ұстау, тамақтану, шомылу әдеттерiне дағдыландыру.
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 1-қосымша ББМДҰ топтарының балалардың жасын есепке ала отырып жинақталуы
Топтар Жасы Балалар саны
1 Сәби: сәби жастағы топ бiр жастан екi жасқа дейiн 10
бiрiншi кiшi топ екi жастан үш жасқа дейiн 20-дан артық емес
топта екi жастағы балалар бар болғанда бiр жастан үш жасқа дейiн 10-нан артық емес
2 Мектепке дейiнгi: екiншi кiшi топ үш жастан төрт жасқа дейiн 25-тен артық емес
орта топ төрт жастан бес жасқа дейiн 25-тен артық емес
ересек топ бес жастан алты жасқа дейiн 25-тен артық емес
дайындық тобы алты жастан жетi жасқа дейiн 25-тен артық емес
топта кез келген үш жастағы балалар бар болғанда үш жастан жетi жасқа дейiн 20-дан артық емес
топта кез келген екi жастағы балалар бар болғанда үш жастан жетi жасқа дейiн 20-дан артық емес
Топтық бөлiктер үй-жайларының аудандары: Киiм шешетiн орын (қабылдау бөлмесi) – ауданы кемiнде 18 шаршы м; Топ бөлмесi (ойын бөлмесi) – ауданы кемiнде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 2,5 шаршы м, мектепке дейiнгi топтарда кемiнде 2,0 шаршы м есебiнен); буфет – ауданы кемiнде 3,8 шаршы м; жатын бөлме – ауданы кемiнде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 1,8 шаршы м, мектепке дейiнгi топтарда кемiнде 2,0 шаршы м есебiнен). дәретхана – ауданы кемiнде 16 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 0,8 шаршы м есебiнен). «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 2-қосымша Мектепке дейiнгi ұйымдар ғимараттары үй-жайларының құрамы және ауданы Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
Үй-жайдың атауы Жобалық қуаты шаршы метр болғандағы үй-жай ауданы
50 95 140 190 280
Сәбилер топтарының топтық бөлiктерiнiң үй-жайы
қабылдау бөлмесi 18 18 18 18 18
ойын бөлмесi 50 50 50 50 50
жатын бөлме 50 36 36 36 36
дәретхана 16 12 12 12 12
буфет 3 3 3 3 3
Мектепке дейiнгi топтардың топтық бөлiктерiнiң үй-жайы
қабылдау бөлмесi 18 18 18 18 18
ойын бөлмесi 50 50 50 50 50
жатын бөлме 50 50 50 50 50
дәретхана 10 16 16 16 16
буфет 3 3 3 3 3
Медициналық үй-жайлар
медициналық кабинет 6 8 8 8 10
емшара кабинетi - - - 8 8
изолятор: - - - - -
палата 6 6 6 6 6
дәретхана 2 2 2 2 4
дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған үй-жай - 2 - 2 2
Физиотерапевт кабинетi - 2 2 2 2
Ас блогының үй-жайлары
тарату бөлмесi бар ас үй 15 23 23 28 30
дайындау цехы 6 8 8 12 14
ас үй ыдыстарын жуу бөлмесi 4 4 4 5 6
салқындату камерасы - - - - 9
құрғақ азық-түлiк қоймасы 7 8 8 11 6
көкөнiстер қоймасы 4 4 4 5 8
тиеу бөлмесi - 4 4 5 6
Кiр жуатын бөлме
кiр жуу бөлмесi 12 14 14 16 16
үтiктеу бөлмесi - 10 10 12 12
Қызметтiк-тұрмыстық үй-жайлар
меңгерушi кабинетi 10 10 10 9 9
персонал бөлмесi - 8 8 10 12
шаруашылық қоймасы 4 5 5 8 12
таза төсек әбзелдерiнiң қоймасы 4 6 6 8 10
кастелянша бөлмесi - - - - 6
себезгi бөлмесi - 2 2 2 2
персоналға арналған дәретхана 3 3 3 3 6
әдiстемелiк кабинет 8 10 10 15 15
психологтың кабинетi 6 8 8 8 10
60-45о солтүстiк ендiктегi аудандар үшiн топтар, ойын, жатын бөлмелердiң, залдардың, изолятор палаталарының, ас үйлердiң терезелерiн 200-275о және 45о оңтүстiк ендiктегi аудандар үшiн 90-2900 азимутқа бағыттағанда күннен қорғау құрылғыларын пайдалану қажет. Күннен қорғау құралдары ретiнде жалюздер, күн қағарлар, жарық өткiзетiн және жарық сейiлдiретiн қасиетi бар мақта-матадан жасалған перделер ұсынылады. «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 3-қосымша Мектепке дейiнгi ұйымдардың санитариялық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етiлу жағдайы
р/с Үй-жай Қол жуғыш Унитаздар қоспалауышы бар су ағызғыш (видуар) су айырғыш кран аралас қоспа-лауышы бар ванна иiлгiш шлангiдегi себезгi торы бар табандық қоспалауышы бар екi камералық жуғыш сүлгi кептiргiш
дәретхана краны бар балалардың жуғыштары қоспалауышы бар ересектердiң жуғыштары балалардың ересектердiң
1 буфет - - - - - - - - 1 -
2 сәбилер тобының дәретхасы 2 1 1 1 1 - - 1 терең - 1
3 мектепке дейiнгi балалар тобының дәретханасы 4 - 3 1 - - - 1 таяз - 1
4 зал - - - - - 1 - - - -
5 бассейннiң шешiнетiн орны жанындағы себезгi мен дәретхана 1 - 1 - - - - 2 - -
6 медицина бөлмесi - 1 - - - - - - - -
7 изолятордың қабылдау бөлмесi - - - - - - - - 1 -
8 изолятордың палаталары 1 - - - - - - - - -
9 изолятордың дәретханасы - 1 - - 1 - - 1 - 1
10 персоналдың дәретханасы - 1 - 1 - - - - - -
11 себезгi бөлмесi - - - - - - - 1 - -
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 4-қосымша Негiзгi үй-жайлардағы жасанды жарықтандыру нормативтерi (люминисценттi шамдарды пайдаланған кезде)
№№ Үй-жайлардың атаулары Жарықтандыру, кемiнде, лк Жарықтандыру нормалары жататын беттер
1 Киiм шешетiн бөлме (қабылдау бөлмесi) 200 Еденде
Топтар бөлмелерi (ойын бөлмесi), компьютер сыныбы 300 Еденнен 0,5 м деңгейдегi көлденең беттер
Жатын бөлме, кiреберiс 75 -"-
Музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған зал 200 Еденде
Дәретхана 75 Еденде
Буфет 200 Еденнен 0,8 м деңгейдегi көлденең беттер
2 Дәрiгер кабинетi 300 Еденнен 0,8 м деңгейдегi көлденең беттер
Изолятор 200 -"- еденнен 0,5 м
Қыздыру шамдарын пайдаланған кездегi жарықтандыру нормалары екi есеге азаяды. «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 5-қосымша Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негiзгi өлшемдерi
Жиһаздар тобы Таңбалау түсi Балалар бойының тобы см-мен Үстел биiктiгi см-мен Орындық отырғышының биiктiгi см-мен
А Ақ 80-ге дейiн 34 17
Б Жасыл 80-90 35 20
В Көгiлдiр 90-100 43 24
Г Қызыл сары 100-115 48 28
Д Сары 115-130 54 32
Ж Қызыл 130-дан жоғары 60 36
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 6-қосымша 1-кесте ББМДҰ-да тәрбиеленетiн балаларға арналған тамақтану нормалары (бiр балаға күнiне граммен)
Атауы Барлық типтегi ББМДҰ-ы балаларының жасы Санаториялық ББМДҰ-ы
3 жасқа дейiн 3-тен 7 жасқа дейiн
Ұзақ уақыт өткiзетiн мекемелерде 3 жасқа дейiн 3-7 жас
9-10,5 сағ. 12-24 сағ. 9-10,5 сағ. 12 сағ. 24 сағ.
Азық-түлiк
Бидай наны 55 60 80 110 110 70 110
Қара бидай наны 25 30 40 60 60 80 60
Бидай ұны 16 16 20 25 25 16 25
Картоп ұны 3 3 3 3 3 3 3
Жарма, бұршақ, макарон өнiмдерi 20 30 30 45 45 35 45
Картоп 120 150 190 220 220 150 250
Әртүрлi көкөнiстер 180 200 200 250 250 300 300
Жаңа пiскен жемiстер 90 130 60 60 150 250 350
Құрғақ жемiстер 10 10 10 10 15 15 15
Кондитер өнiмдерi 4 7 10 10 10 10 15
Қант 35 50 45 55 55 50 60
Сары май 12 17 20 23 25 30 35
Өсiмдiк майы 5 6 7 9 9 6 10
Жұмыртқа (дана) 0,25 0,5 0,5 0,5 0,5 1 1
Сүт 500 600 420 500 500 700 700
Сүзбе 40 50 40 40 50 50 75
Ет 60 85 100 100 100 120 160
Балық 20 25 45 50 50 25 70
Қаймақ 5 5 5 10 15 20 25
Iрiмшiк 3 3 5 5 5 10 10
Шай 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2
Дәндi кофе 1 1 2 2 2 1 2
Тұз 2 2 5 5 8 5 8
Ашытқы 1 1 1 1 1 1 1
2-кесте Балалар үшiн энергия (күнiне килокалориядан), ақуыздар, майлар мен көмiртектер (күнiне граммен) тұтынудың ұсынылатын шамалары
Жасы Құнарлығы Ақуыздар Майлар Көмiр-тектер
Барлығы Оның iшiнде малдың Барлығы Оның iшiнде өсiмдiк Линол қышқылы (% құнарлығы)
1-3 1540 53 37 53 5 4 212
4-6 1970 68 44 68 10 3 272
3-кесте Тәулiктiк рационның құнарлығын үлгiлiк тарату (пайызда, %)
Тамақ қабылдау 5 рет тамақ iшкенде 4 рет тамақ iшкенде
Таңғы ас 20 25
2-шi таңғы ас 10-15 -
Түскi ас 30-35 35
Түстен кейiнгi жеңiл тамақ 10-15 15
Кешкi ас 20 25
4-кесте Балалар үшiн жастарына байланысты порцияның массасы (граммен)
Тамақтану, тағам Порцияның массасы
1-1,5 жыл 1,5-3 жыл 3-5 жыл 5-7 жыл
Таңғы ас
Ботқа немесе көкөнiстен жасалған тағам 200 200 250 250
Кофе 100 150 150 200
Түскi ас
Салат - 40 50 50
Сорпа 100 150 200 250
Ет, котлет 50 60 70 80
Тұздық 100 100 130 130
Компот 100 100 150 150
Түстен кейiнгi жеңiл тамақ
Айран 150 150 200 200
Печенье (тоқаш) 15 15/45 25/50 25/50
Жемiстер 100 100 100 100
Кешкi ас
Көкөнiстен жасалған тағам, ботқа 180 200 200 200
Сүт 100 150 150 150
Нан бiр күнге:
Бидай наны 40 70 100 110
Қара бидай наны 10 30 50 60
Тәулiктiк рационның массасы 1100-1200 1300-1400 1400-1500 1600-1700
5-кесте Бiр өнiмдi басқа өнiммен алмастыру кестесi
Өнiмнiң атауы Мөлшерi граммен
ауыстырылатын өнiмнiң ауыстыратын өнiмнiң
1 Ет (сиыр, шошқа, қой) 100
Сүйегi жоқ ет 80
Iшек-қарны алынған құстың етi 100
Әртүрлi балық консервiлерi 120
Басы жоқ салқындатылған, тоңазытылған балық 150
2 Сиыр сүтi 100
ашыған сүт өнiмдерi (айран, қатық) 100
6-кесте Салқындатып өңдегендегi шығындар (шикi өнiмнiң салмағына қатысты пайызбен)
Өнiм Жеуге келмейтiн өнiм бөлiгiнiң пайызы (%) Өнiм Жеуге келмейтiн өнiм бөлiгiнiң пайызы (%)
Жармалар 1 Қой етi I санат 26
Қыста сақталатын картоп 35 Қой етi II санат 32
Күзгi пiскен картоп 28 Сиыр етi I санат 26
Көк (пияз, петрушка, салат) 20 Сиыр етi II санат 30
Ақ қауданды капуста 20 Сиыр бауыры 7
Басы бар пияз 16 Тауық I санат1 39
Сәбiз 20 Тауық II санат1 47
Қияр 7 Ақмарқа 49
Тәттi бұрыш 25 Минтай 54
Қызылша 20 Өзен алабұғасы 52
Қызанақ 5 Майшабақ (орташа) 42
Редис 20 Көксерке 35
Шалқан 25 Треска 51
Укроп 26 Iрiмшiк 3
Алмалар 12 Тауық жұмыртқалары 13
7-кесте Жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнiмдерiнiң шығындары (таза салмағы)
Өнiм Жеуге келетiн бөлiгiнiң (таза салмағы) шығыны % Өнiм Жеуге келетiн бөлiгiнiң (таза салмағы) шығыны %
Жас картоп, пiсiру 6 Қой етi, пiсiру 41
Картоп, пiсiрiлгендi қуыру 23 Қой етi, кәуап 53
Картоп, шикiнi қуыру 35 Сиыр етi, пiсiру 43
Ақ қауданды капуста, жаңа пiскен, пiсiру 10 Сиыр етi, бифштекс 34
Ақ қауданды капуста, жаңа пiскен, бұқтыру 28 Бауыр, қуыру 38
Ақ қауданды капуста, ашытылған, бұқтыру 18 Тауықтар, пiсiру 30
Басы бар пияз, сығу 35 Тауықтар, қуыру 37
Басы бар пияз, дөңгелектеп қуыру 69 Ақмарқа, бұқтыру 25
Аршылған сәбiз, пiсiру 1 Табан, бұқтыру 29
Сәбiз, қыздырып пiсiру 30 Минтай, пiсiру 23
Сәбiз езбесi, бұқтыру 27 Минтай, қуыру 27
Бұрыш, ет салынған 28 Өзен алабұғасы, пiсiру 26
Петрушка, сығу 45 Көксерке, қуыру 25
Қызылша, қабығымен пiсiру 21 Треска, пiсiру 23
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 7-қосымша Ерекше тез бұзылатын өнiмдердi сақтау және өткiзу мерзiмдерi
Өнiмнiң атауы 2-6о дейiнгi артық емес температурада сақтау және өткiзу мерзiмдерi, сағ.
Жартылай дайындалған кесек ет өнiмдерi 48
Мұздатылған бауыр 48
Салқындатылған бауыр 24
Салқындатылған құс, қоян етi 48
Мұздатылған құс, қоян етi 72
Пiсiрiлген шұжықтар:
жоғары сорт 72
бiрiншi сорт 48
Жоғары, бiрiншi және екiншi сортты жiңiшке шұжықтар, еттен жасалған сарделькалар 48
Пастерленген сүт, кiлегей, ацидофилин 36
Айран 36
Майлы, майсыз, диеталық сүзбе 36
Қаймақ 72
Iрiмшiк-сүзбе бұйымдары 0 - 2о температурада 36
Полистиролдан және басқа да полимер материалдардан жасалған қорапшалардағы кiлегейлi iрiмшiктер тәттi және жемiс-жидек дәмдi, 48
ащы, кеңестiк 72
Салқындатылған балықтың барлық түрлерi 0 - 2о температурада 24
Мұздатылған балықтың және балық тауарларының барлық түрлерi 0 - 2о температурада 48
Пiсiрiлген көкөнiстер тазартылмаған 6
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 8-қосымша Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының медициналық есепке алу-есептiлiк құжаттамасы Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы: 1. инфекциялық ауруларды есепке алу журналы; 2. соматикалық сырқаттанушылық журналы; 3. жiтi инфекциялық аурулармен қатынаста болғандарды есепке алу журналы; 4. карантиндi есепке алу журналы; 5. профилактикалық егулер картасы; 6. профилактиалық егулердi есепке алужурналы; 7. бактериялық препараттар қозғалысының журналы; 8. манту сынамасын тiркеу журналы; 9. Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын қатер тобының балаларын тiркеу журналы; 10. фтизиопедиатрда тексерiп-қарауға жататын, туберкулин "+" адамдарды тiркеу журналы; 11. вакцинациядан кейiнгi асқынулар журналы; 12. тұрақты және ұзақ мерзiмдiк медициналық бөлу журналы; 13. ашық құтылар мен вакцина қалдықтарын жою журналы; 14. бақыланатын химиялық профилактиканы өткiзу журналы; 15. вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп; 16. профилактикалық егулермен қамту туралы есеп; 17. егу кабинетiнде ауқымды жинау жүргiзу журналы; 18. кабинеттi кварцтеу журналы; 19. салқындату жабдығының температуралы режимiн есепке алу журналы; 20. паразиттiк аурулардың қоздырғыштарына зерттелiп-қаралатындарды тiркеу журналы; 21. гельминтке тексерiлгендердi тiркеу журналы; 22. педикулезге, қышымаға және дерматомикозға тексерiп-қарау журналы; тоңазытқыштардағы температура режимiн есепке алу журналы; 23. тереңдетiлген профилактикалық медициналық тексерiп-қараулар журналы, мамандардың актiлерi; 24. балаларды «Диспансерлiк» есепке алу журналы; 25. профилактикалық медициналық тексерiп-қарауларды есепке алу картасы; 26. диспансерлiк қадағалауды бақылау картасы; 27. ауыз қуысын сауықтыру журналы; 28. контингенттiң аты-жөнiн және қозғалысын есепке алу журналы; 29. сәбилер бақшасына балалар қабылдауды есепке алу журналы; 30. сәбилер бақшасына балалардың күнделiктi келуiн есепке алу табелi; 31. баланың денсаулық паспорты; 32. дайын өнiмнiң бракераж журналы; 33. «С» витаминдеу журналы; 34. ас блогының қызметкерлерiн тексерiп-қарау журналы; 35. санитариялық-ағарту жұмысын есепке алу журналы; 36. вакциналардың андатпалары бар папка; 37. бұйрықтар мен нұсқаулар; 38. «Перспективтi ас мәзiрi» папкасы; 39. ас блогына түсетiн тез бұзылатын өнiмнiң сапасын бақылау бойынша бракераж журналы; 40. шикi өнiмнiң бракераж журналы; 41. ас блогының санитариялық жағдайын бақылау журналы; 42. килокалорияны есептеу журналы. «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 9-қосымша МДББҰ-ның медициналық кабинетiнiң жабдығы мен аспаптарының үлгiлiк тiзбесi
Медициналық жабдықтар мен аспаптардың атаулары Саны
1 Жазу үстелi 1
2 Орындықтар 4-6
3 Тақтай төсек 1
4 Кеңсе шкафы 2-3
5 Медициналық шкаф 1
6 Керме 1
7 Шыны қақпағы бар медициналық үстел 2
8 Тоңазытқыш (вакциналар мен дәрi-дәрмектерге арналған) 1
9 Балалардың манжеты бар тонометр 2
10 Фонендоскоп 2
11 Кварц шамы 1
12 Таразы 1
13 Бой өлшеуiш 1
14 Термоконтейнер 1
15 Спирт термометрi 2
16 Үстел шамы 1
17 Медициналық термометрлер 50-100
18 Резеңке бұраулар 2-3
19 Бiр реттiк шприцтер (көлемi-2,0; 5,0; 10,0; 20,0;) 10 данадан
20 Бiр реттiк система 2
21 Пинцеттер 2
22 Қайшылар 2
23 Спирометр 1
24 Динамометр 1
25 Жуынатын раковина 1
26 Педаль қақпағы бар шелек 1
27 Үстел шамы (ЛОР зерттеуге арналған) 1
28 Көз көргiштiгiн анықтауға арналған кесте 1
29 Кiшi бикс 2
30 Резеңке жылытқы 1-2
31 Мұзға арналған сауыт 1-2
32 Бүйрек тәрiздi науа 5
33 Вакциналардың қалдықтарын жоюға арналған ыдыс 2
34 Шпательдер 40
35 Шиналар (Крамер, Дитерикс, пластмасса, қолға арналған) 10
36 Ағаш лантограф 1
37 Тубус кварц 1
38 Медициналық халаттар 2
39 Қалпақтар 2
40 Ақ жаймалар 2
41 Орамалдар 3-4
42 Жинауға арналған қара түстi халаттар 1
43 Кiлемше (1 м х 1,5 м) 1
44 Бiр реттiк бетперделер 10
45 Жинау мүкаммалы: шелектер, швабра, шүберектер, қолғаптар сақтауға арналған ыдыстар Үй-жай жиынынан есептеу
46 Дезинфекциялау құралдары Қор 3 айға
47 Кеңсе тауарлары (журналдар, дәптерлер, желiм, қаламдар, қағазтескi, степлер, түзеткiш, папкалар және т.б.) Қажеттiлiгiне қарай
48 Ауызкергiш 1
49 Тiлқышқаш 1
50 Мензуркалар 10
51 Балалар оправасындағы көзiлдiрiктер жиыны (-1, -2, -3, -4, +1, +2, +3, +4) 3-4 жиын
52 Гигиеналық таяқшалар 5
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 10-қосымша Физиотерапиялық кабинетi жабдықтарының үлгiлiк тiзбесi:
  1. УЖЖ-терапия аппараты; 2. ультра дыбыстық терапия аппараты; 3. бу ингаляторы; 4. аэроионотерапия аппараты; 5. «Соллюкс» - стол шамы; 6. ықшам кварц шам; 7. жарықпен емдей аппараты; 8. бактерицидтi ықшам сәулелеуiш; 9. бактерицидтi сәулелеуiш; 10. массажға арналған стол-тақтай төсегi; 11. ауаны микроэлементтермен ылғалдауға және байытуға арналған қондырғы.
«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерiне 11-қосымша Мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған үлгiлiк күн режимi
Режим компонентi Жас топтары, жыл
2-3 3-4 4-5 5-6 6-7
Үйде (ұйқыдан тұру, жуыну) 6.30 - 7.30 6.30 - 7.30 6.30 - 7.30 6.30 - 7.30 6.30 - 7.30
Қабылдау, тексерiп-қарау, ойындар, таңертеңгi жаттығу 7.00 - 8.00 7.00 - 8.20 7.00 - 8.30 7.00 - 8.30 7.00 - 8.30
Таңғы ас 8.00 - 8.30 8.20 - 8.55 8.30 - 9.00 8.30 - 8.55 8.30 - 8.55
Ойындар, сабаққа дайындалу 8.30 - 9.00 8.55 - 9.20 9.00 - 9.15 8.55 - 9.10 8.55 - 9.10
Сабақтар (үзiлiстердi қоса алғанда) 9.00 - 9.30 9.20 - 10.00 9.15 - 10.00 9.10 - 10.10 9.10 - 11.00
Серуенге дайындық 9.30 - 9.50 10.00 - 10.20 10.00 - 10.20 10.10 - 10.30 11.00 - 11.15
Серуендеу 9.50 - 11.30 10.20 - 12.00 10.20 - 12.10 10.30 - 12.35 11.15 - 13.00
Серуеннен оралу 11.30 - 11.50 12.00 - 12.20 12.10 - 12.30 12.35 - 12.50 13.00 - 13.15
Түскi ас 11.50 - 12.30 12.20 - 13.00 12.30 - 13.00 12.50 - 13.20 13.15 - 13.35
Ұйқы 12.30 - 15.00 13.00 - 15.10 13.00 - 15.10 13.20 - 15.20 13.35 - 15.25
Бiртiндер тұру, ауа, су рәсiмдерi 15.00 - 15.30 15.10 - 15.40 15.10 - 15.40 15.20 - 15.50 15.25 - 15.50
Түстен кейiнгi жеңiл тамақ 15.30 - 16.00 15.40 - 16.00 15.40 - 16.00 15.50 - 16.10 15.50 - 16.05
Ойындар, өз бетiнше қызметi 16.00 - 16.20 16.00 - 16.30 16.00 - 16.30 16.10 - 16.40
Серуенге дайындық 16.20 - 16.40 16.30 - 16.50 16.30 - 16.50 16.40 - 17.00 16.05 - 18.00
Серуендеу 16.40 - 18.00 16.50 - 18.00 16.50 - 18.00 17.00 - 18.00
Серуеннен оралу 18.00 - 18.20 18.00 - 18.20 18.00 - 18.20 18.10 - 18.20 18.00 - 18.15
Кешкi ас 18.20 - 18.45 18.20 - 18.45 18.20 - 18.45 18.20 - 18.45 18.15 - 18.40
Балалардың үйге кетуi 18.45- 19.00 18.45- 19.00 18.45- 19.00 18.45- 19.00 18.40- 19.00
Үйде
Серуендеу 19.00 - 19.50 19.00 - 20.00 19.00 - 20.10 19.00 - 20.15 19.00 - 20.15
Тыныш ойындар, гигиеналық рәсiмдер 19.50 - 20.20 20.00 - 20.30 20.10 - 20.40 20.15 - 20.45 20.15 - 20.45
Жатқызу, түнгi ұйқы 20.00 - 6.30 (7.30) 20.30 - 6.30 (7.30) 20.40 - 6.30 (7.30) 20.45 - 6.30 (7.30) 20.45 - 6.30 (7.30)