Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
- Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
- «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
- Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі негіз Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы; «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы |
Бағдарламаны әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
Мақсаты | Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
Бағдарламалық мақсаттар | білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру; педагог мамандығының беделін көтеру; білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу; қоғамның және экономиканың индустриялық -инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу; еңбек нарығының, еліміздің индустриялық -инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу; өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру |
Міндеттері | сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу; білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту; білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру; білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету; 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру; шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) проблемаларын шешу; мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру; экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту; экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту; ТжКБ-да оқудың беделін арттыру; еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету; жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету; білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми–педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау; жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру; балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту; мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау; мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру; инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру); оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту |
Іске асыру мерзімдері (кезеңдері) | 2011 – 2020 жылдар Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар; екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар. |
Нысаналы индикаторлар | ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген; педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі - 54%; білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер құрылған; білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен; орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады; 2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етілетін болады; 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған; Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны - 20; бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 70 %; қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері: оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12 орын, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеу» (PIRLS) - 10-15 орын; мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі – 70 %; қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі - 80%; ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесі – 80 %; ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі – 30 %; жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары бітірушілердің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %; жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80 %-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан; әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны – 2; халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі – 65 %; халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі – 30 %; отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі - 13%; соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %; барлық жастағы адамдар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтері енгізіледі; жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын болады. |
Қаржыландыру көздері мен көлемі | Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру 509,7 млрд. теңгені көлемі құрайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады. |
- Кіріспе
- Ағымдағы жай-күйді талдау
- Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Индикатор | 2010 | 2015 | 2020 |
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі | 0% | 60% | 60% |
педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі | 42% | 49% | 54% |
білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған | 40% | 45% | 60% |
білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен | 29% | 50% | 100% |
орта білім беру ұйымдарында электрондық | 0 | 50% | 90% |
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту | 1 шілдеде 40% | 77,7% | 100% |
2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған | 0 | 1, 5, 11 сыныптар | 1-10, 12 сыныптар |
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны | 6 | 20 | 20 |
жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі | 50% | 60% | 70% |
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері | TIMSS: 7-11 орын | PISA: 50–55 орын, TIMSS: 10–15 орын | PISA: 40–45 орын, TIMSS: 10–12 орын, PIRLS: 10–15 орын |
мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі | 10% | 30% | 70% |
қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі | 40% | 75% | 80% |
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі | 68,5% | 78% | 80% |
ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі | 0% | 10% | 30% |
жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ЖОО түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі | 0% | 35% | 80% |
жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі | 50% | 78% | 80% |
әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны | 0 | 1 | 2 |
халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі | 16% | 50% | 65% |
халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі | 0% | 20% | 30% |
отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі | 0% | 10% | 13% |
соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі | 0% | 2% | 5% |
барлық жастағы адамдар үшін әртүрлі білім беру нысандары мен типтері енгізіледі | |||
жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі | 25% | 31% | 55% |
Көрсеткіш | 2010 | 2015 | 2020 | Орындаушылар |
педагогтердің жалпы санына шаққанда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілікті арттырудан еткен педагогтердің үлесі | 0% | 30% | 60% | БҒМ, ЖАО |
магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі | 0% | кемінде 10% | кемінде 20% | БҒМ |
педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі | 2,6% | 4,5% | 6% | ЖАО, БҒМ |
жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі | 0,6% | 10% | 15% | БҒМ |
академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі | 3,4% | 5% | 15% | ЖАО, БҒМ |
біліктілігін арттыру мен тағылымдамадан өткен, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар базасында, ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының үлесі | 20% | 20% | 20% | ЖАО, БҒМ, жұмыс берушілер қауымдастығы, салалық министрліктер |
елімізде біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессор-педагог кадрларының үлесі, жыл сайын | 6% | 20% | 20% | БҒМ |
азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу | 44% | 65% | 90% | БҒМ |
оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі | 0% | 90% | 90% | ЖАО, БҒМ |
олардың жалпы санына шаққанда 1 компьютерге келетін оқушылардың саны | 18 | 10 | 1 | ЖАО, БҒМ |
мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі | 59,7% | 60% | 52,7% | ЖАО, БҒМ |
мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі | 83% | 100% | 100% | ЖАО, БҒМ |
балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі | 10% | 27,9%-дан кем емес | 30%-дан кем емес | ЖАО, БҒМ |
бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі | 0% | 15% кем емес | 35% кем емес | ЖАО, БҒМ |
мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін жаңа модификациялы кабинеттері (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) бар мектептердің үлесі | 31,7% | 40% | 80% | ЖАО, БҒМ |
мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы мектептердің үлесі | 2,6% | 2% | 1% | ЖАО, БҒМ |
оқушы орнының тапшылығы | 74,3 мың | 45 мың | 30 мың | ЖАО, БҒМ |
үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі | 0,9% | 0,2% | 0 | ЖАО, БҒМ |
көлікпен жеткізуге мұқтаж балалардың жалпы санынан мектепке және мектептен үйлеріне сапалы әрі ыңғайлы тасымалдаумен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі | 63% | 80% | 100% | ЖАО, БҒМ |
«тірек мектептер» – ШЖМ-ға арналған ресурстық орталықтар саны | 0 | 160 | 160 | ЖАО, БҒМ |
оқушылардың жалпы санынан білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары қызметімен қамтылған орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі | 20% | 25% | 30% | ЖАО, БҒМ |
оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі | 8% | 12% | 14,5% | ТСМ |
көркем, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі | 21,5% | 23% | 38% | ЖАО, БҒМ |
оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-ғы оқитындардың қамтылуы | * | 20% | 40% | БҒМ |
даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі | 9% | 25% | 50% ЖАО, ЕХӘҚМ, БҒМ | |
тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды тегін дәрумен қосылған ыстық тамақпен қамтамасыз ету | 70% | 100% | 100% | ЖАО, БҒМ |
мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі | 0% | 30% | 90% | ЕХӘҚМ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы |
ТжКБ мамандықтары бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен (кәсіптік стандарттар негізінде) әзірленген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесі | 0% | 50% | 90% | БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы |
жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі | 20% | 40% | 70% | БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы |
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі | 80% | 85% | 90% | ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, «Атамекен» Одағы |
білім алушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қаражаты есебінен ТжКБ-да білім алушылардың үлесі | 0,6% | 1% | 2% | ЖАО, БҒМ, жұмыс берушілер |
техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі | 17,6% | 20% | 23% | ЖАО, БҒМ |
ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы орындарының саны | 0 | 2 660 оқушы орны | 16 940 оқушы орны | ЖАО, БҒМ |
жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны | 0 | 1 300 орын | 1 500 орын | ЖАО |
ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу | 36% | 75% | 90% | ЖАО, БҒМ |
орындарының үлесі бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен магистратура бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар үлесі | 8% | 20% | 40% | БҒМ |
оның ішінде, бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен біржылдық магистратура бағдарламалары бойынша оқитындар үлесі | 1,6% | 14% | 25% | БҒМ |
2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстың жылдағы өсуімен PhD докторлық бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар үлесі | 200 | кемінде 1000 адам | кемінде 2000 адам | БҒМ |
Қазақстан Республикасында кредиттерді ауыстырудың еуропалық үлгісі (ECTS) бойынша кредитті қайта ауыстырудың қазақстандық моделін енгізген ЖОО үлесі | 19% | 100% | 100% | БҒМ |
2015 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, бакалавриатта – бір семестрден бір академиялық жылға дейін оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді | 69% | 100% | 100% | БҒМ |
Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі | 26% | 55% | 100% | БҒМ |
мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі типтік оқу жоспарларындағы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, таңдау компонентін ұлғайту | 65% | 70% | 80% | БҒМ, жұмыс берушілер |
жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары бар Назарбаев Университетінің магистранттары мен докторанттарының үлесі | 0% | 10% | 30% | "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы, БҒМ |
жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитындардың үлесі | 1,5% | 2,5% | 3% | БҒМ |
техникалық жоғары оқу орындарының жалпы санынан инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар құрған жоғары оқу орындарының үлесі | 14% | 20% | 50% | БҒМ |
жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі | * | 10% | 25% | БҒМ |
магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі | * | 10% | 30% | БҒМ |
азаматтық жоғары оқу орнының білім беру қызметін мемлекеттік жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі | * | 10% | 50% | БҒМ |
азаматтық жоғары оқу орнының ғылыми және инновациялық қызметін мемлекеттік-жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі | * | 10% | 50% | БҒМ |
жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны | 0 | 20 бірлік | 25 бірлік | БҒМ, жұмыс берушілер, ЕХӘҚМ |
депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі | * | 3,9% | 4,1% | БҒМ, ЖАО |
жастар ұйымдарының қызметіне | 22% | 28% | 35% | БҒМ, ЖАО, қатысатын жастардың үлесі үкіметтік емес ұйымдар |
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған республикалық жастар ұйымдарының үлесі | 12% | 20% | 24% | БҒМ, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдар |
жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі | - | 30,5% | 50% | ЖАО, БҒМ |
көп тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі | - | 15% | 50% | ЖАО, БҒМ |
инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі | - | 8,5% | 15% | ЖАО, БҒМ |
педаготтердің жалпы санындағы біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі | - | 29% | 50% | ЖАО, БҒМ |
балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, дойбы, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.) | - | 15,5% | 50% | ЖАО, БҒМ |
* – статистика жүргізілмейді |
- Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
- Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
- Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту.
- Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру.
- Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.
- Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.
- 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру.
- ШЖМ проблемаларын шешу.
- Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
Жылдар | Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша | Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша |
2015 – 2016 | 1, 5, 11 | 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11 |
2016 – 2017 | 1, 2, 5, 6, 11, 12 | 3, 4, 7, 8, 9 |
2017 – 2018 | 1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12 | 4, 8, 9 |
2018 – 2019 | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12 | 9 |
2019 – 2020 | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 |
- Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының құрылымын жаңарту.
- Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.
- ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.
- Еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету.
- Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету.
- Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
- Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
- Жаңа қаржы-экономикалық тетік әзірлеу.
- Электрондық оқыту жүйесін құру.
- Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.
- Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.
- Мектептің және жоғары білімнің бағдарламалары кіріктіріледі.
- Білімді, ғылымды және өндірісті кіріктіру басталады.
- Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінен туындаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.
- Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерін ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Тозған және апатты білім беру объектілерін жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын, автопарктерді, компьютерлік техниканы жаңарту және т.б.).
- Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
- Білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын арттыру; корпоративтік басқару принциптерін енгізу.
- Нормативтік - жан басына шағу принципі негізінде жаңа қаржы-экономикалық тетікті енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативті нысандарын енгізу, балалардың мектепте білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру, олардың жастай оңды әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
- Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы бейіндік мектеп моделін құру.
- Оқушылардың әлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
- Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
- Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектептегі және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін оқытудың инклюзивті жүйесін құру.
- Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердің қажетті санын және тиісті біліктілігін қалыптастыру. Білім саласы қызметкерлерінің еңбегін экономикалық және әлеуметтік жағынан ынталандыру жүйесін, оқытушылардың еңбекақысын еліміздегі орташа еңбекақы деңгейіне жеткізетін және жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудің икемді жүйесін енгізуге басымдық беру.
- Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын ұлғайту.
- Еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кәсіптік, мансаптық және жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.
- Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу.
- Кәсіптік білім бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арттыру.
- Заманауи ғылыми білім-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
- Бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнімді жасау және өткізу.
- Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға қатысатын жастардың үлесін 55 %-ға арттыру.
- Қажетті ресурстар