Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Правила дорожного движение

1351980362

Жол жүру ережелері

Жаяу жүргіншілерге, автокөлік жүргізушілері сияқты жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережелері бар және далада жүру кезінде жүргіншілердің жолдағы жүру міндеттерін білу шарт.

Балалар әр уақытта жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелерін білулері және сақтауы қажет, әсіресе зейінді және есі жинақталған болуы шарт.

1. Жаяу жүргіншілер әр кезде арнайы жолдармен тротуармен, ал тротуарлар немесе жаяу жүргіншілер жолы болмаған жағдайда – автокөліктердің қозғалысына қарсы жолдың жиегімен жүрулері қажет. Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен қозғалуына болады.

2.Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен бір қатарда қозғалуларына болады. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

3.Түнгі уақытта жол жағалауымен немесе көлік жүретін бөліктерде келе жатқанда, өзімен бірге жарықтанғыш элементтері бар заттар немесе киім алу қажет және бұл заттар автокөлік жүргізушілеріне көрінетіндігін қамтамасыз ету керек.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс. Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда — жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда — қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.

4. Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады. Жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам орнатылған жолда жаяу жүргіншілер оның белгілерін басшылыққа алады, ал ол болмағанда – көліктік бағдаршамды.

5. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады.

Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өту кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс..

6. Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, бала кідірмеуі немесе аялдамауы, құлаған нәрсені көтермеуі тиіс, егер ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның немесе реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

7. Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, көлік құралдары өтуді тосып тұрулары қажет.

8. Көлік құралын (маршрутка, автобус, троллейбус немесе такси) көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған маршруттық көлік құралдары тоқтайтын орындарда көлік құралы толық тоқтаған уақытта ғана жолдың жүру алаңына шығуға болады. Көлік құралынан шыққан жағдайда, көп бүгілмей, жолдың жүру алаңынан тез арада кетіп қалу қажет.