Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Правила пожарной безопасности
hello_html_ma7a70b9

Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша жадынама

Қымбатты достар!

Өрт пайда болудың бірден-бір себебі – бұл өрттің пайда болуына ықпал ететін отты, отқа қауіпті заттар мен материалдармен дұрыс пайдалану ережелерін білмеу болып табылады.

Балалар! Өрт болмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және білоу керек. ЕСІҢДЕ БОЛСЫН, сіріңкемен ойнасаң, онда ол үлкен жарақатқа және күйікке әкеледі.;

құрылыстардың, төбелердің, жертөлелердің жанында отпен ойнамаңдар;

сіріңкемен ойнамаңдар, достарың, кішкентай балалардың сіріңкемен ойнауың болдыртпаңдар;

белгісіз заттарды, ұнтақ немесе сырдың қораптарын, аэрозольды қаптамаларды қыздырмаңдар;

пешті, газ плиткасын жандырмаңдар;

электр жылытқыштармен ойнамаңдар – егер желіге қосылған жағдайда және қараусыз қалса, өрт шығуы мүмкін;

тез жанғыщ заттардың қасында майшам және шартылдақ қолданбаңдар, фейерверк және басқа да өртке қауіпті эффектілерді атпаңда;

пиротехникалық бұйымдарды бетке, құрылыстарға немесе өсімдіктерге қарай бағыттамаңдар;

пиротехникалық бұйымдардын жанғыш құралдардың және ашық оттың жанында сақтамаңдар.

Егер өрт шықса, сендер бұндай жағдайда не істеу керек екендігін білулерің қажет:

— тез арада «01» телефоны арқылы өрт сөндірушілерді шақыртыңдар, өз аты-жөнін және өрт шыққан орынның дұрыс мекенжайын хабарлауды ұмытпаңдар, көмекке үлкендерді шақырыңдар;

— түтіндеген бөлмеден тез арада кетіңдер;

— егер сіз болған бөлменің іші түтінденіп кетсе, орамалды сулап, сол арқылы дем алуға тырысыңдар, еденге қарай еңкиіп қабырғаны сүйеніп шығу жаққа шығыңдар;

— ең бастысы: қатты шошынған болсаңдар да, аулақ орынға тығылмаңдар. Естеріңде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын алу жеңілдірек!