Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Учителя начальных классов

Таймасова Тендык Жарылгаповна - бастауыш сынып мұғалімі

Инновациялық еуразия университетінің "педагогика және бастауыш сынып әдістемесі" мамандығы бойынша 2008 жылғы түлегі. Еңбек өтілімі - 27 жыл

 

баян

Жұманбаева Баян Бақиқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

В.В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін 1983 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 35 жыл. Санаты - жоғары. 2016 жылы жылы өткізілген ПОНИ халықаралық турниріне қатысушыларды, жүлдегерлерді және жеңімпаздарды белсенді дайындағаны үшін Үркер интеллектуалдық клубының Дипломымен марапатталған. 2016-2017 оқу жылы есімі «Табыс» кітабына енді.

мазанова

Мазанова Назгүл Төлегенқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін 1996-1999 жылдар аралығында «Бастауыш сынып мұғалімі», Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2004-2008 жылдар аралығында «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 11 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі-8 жыл. Санаты - 2. 2013 жылы Павлодар облысының педогогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында «Бастауыш мектептегі жүйелі өзгеріс: жаңа мақсаттан білім берудің жаңа нәтижесіне дейін» тақырыбы бойынша және 2016 жылдың 14 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін жаңа білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырған.

Сейтахметова Гүлістан Айтбайқызы- бастауыш сынып мұғалімі.

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін 2000 жылы, Павлодар Мемлекеттік университетін 2005 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. Жұмыс өтілі – 18 жыл. Санаты - 1. 2014 жылы ұстаздар арасындағы қалалық пән олимпиадасында ІІІ орын иегері. «ХҮІ Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясында жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Студенттік ғылым күндері» шеңберінде өткізілген «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім және ғылым сапасы» атты ХІІ институтішілік студенттер ғылыми конференциясының «ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ»номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Шәкірт дайындау бойынша 2016 жылы «Жаңа сабақ» халықаралық жобасына оқушылары қатысып, І, ІІ дипломдармен марапатталған. 2016 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен.

Хамитова Әйгерім Рыспекқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Білімі орта арнаулы, 2010жылы М.О Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Санаты –екінші, еңбек өтілі-4жыл. 2015 жылы Павлодар қаласының білім беру басқармасы «Ізбасар ұстаз» номинациясы бойынша марапатталған. 2014-2015 оқу жылында оқушылары Республикалық интеллектуалдық марафон «Ақбота-2014» 2 орын, облыстық математикалық турнирде 3 орын, халықаралық конкурс «ЧИП» 3 орын, «Золотое руно» 3 орын, халықаралық пәндер олимпиада «Технология» 3 орын жеңімпаздары.

 

 

Досмағанбетова Гүлбаршын Шәріпқызы- бастауыш сынып мұғалімі.

В.В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін 1999 жылы «Сызу және бейнелеу», Павлодар Мемлекеттік Университетін 2001 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 32 жыл. Санаты - жоғары. 2000 жылы Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің Құрмет мадақтамасымен марапатталған. 2001 жылы Павлодар облысының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет мадақтамасымен марапатталған. 2015- 2016 оқу жылы - қалалық тамыз мәжілісінің "Үздік баяндама" дипломының иегері. 2015-2016 оқу жылы - "Жоғары педагогикалық мектебінің инновациялық білім беру ортасын институциоландыру" атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясының дипломанты және ІІ дәрежелі диплом иегері. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» бойынша қалалық жаттықтырушысы болып табылады. Шәкірт дайындауда оқушылары 2015 және 2016 жылы өткізілген «Алтын асық - 2015» марафонының 1 және 2 орын жүлдегерлері. 2014 жылы өткізілген ПОНИ халықаралық турниріне қатысушыларды, жүлдегерлерді және жеңімпаздарды белсенді дайындағаны үшін Үркер интеллектуалдық клубының Сертификатымен марапатталған.

Адамбаева Сауле Серікбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі

В.В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін 1985 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі», Павлодар Университетін 2004 жылы «Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары. Санаты – жоғары. Педагогикалық тәжірибесі мол, білімді де білікті, шығармашыл ұстаздардың бірі. Назарбаев Зияткерлік мектебі аясындағы Кембридж бағдарламасы бойынша ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген мектеп тренерлерін оқыту курсынан өтті. Қалалық бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі. «Бастауыш мектеп бойынша Мәшһүртану пәніне арналған бағдарлама». «4 сыныптарға арналған қазақ тілі логикалық және дүниетану пәнінен олимпиадиялық тапсырмалар» ПКБАИ пікірлеген. «Асыл мұра» арнаулы курс бағдарламасы құрастырушы. ПКБАИ пікірлеген. 2015-2016 оқу жылы -" Жоғары педагогикалық мектебінің инновациялық білім беру ортасын институциоландыру" атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясының дипломанты және ІІ дәрежелі диплом иегері. 2015-2016 оқу жылы - Республикалық "Ұлағатты ұстаз" сайтымен ұйымдастырылған сайысқа қатысқаны үшін - ІІІ орын диплом иегері. 2013 - 2014 оқу жылы - ХІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында жоғары жүлделі 1 орынды иеленген. "Үздік дидактикалық құрал-2014" ІІІ орын иегері ретінде қалалық білім бөлімнің Алғыс хатымен марапатталған. "Үздік дидактикалық құрал-2015» сертификатын және облыстық білім бөлімнің Алғыс хатын иеленген. Оқушылары халықаралық математикалық «Кенгуру» сайысының ІІ орын, Республикалық "Ақ бота" марафонының ІІорын,облыстық интеллектуалдық «Алтын асық» сайысының ІІІ орын жүлдегерлері.

 

КУЛЬЯМ

Смағұлова Куляим Ғабдуәлиқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Екібастұз педагогикалық училищесін 1981 жылы бітірген. Жұмыс өтілі –32жыл. Санаты –14.Жоғары. Аттестациядан өткен-2013 жыл. Жыл мұғаліміне қатысып лауреат дипломымен марапатталды. Математика пәнінен «Бақылау және тест жинақтары», «Бастауыш сынып оқушыларының оқу шапшандылығын бақылау арқылы тілін дамыту, кітап оқуға құмарлығын арттыру» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулық авторы, «Бағдарлама» Риторика - баспа жұмыстары жарық көргендігі туралы куәліктер иегері. "Қазіргі сабақ" қалалық интернет-фестивалінің жеңімпазы. Әдістемелік инфоурок, сыныптан тыс іс-шаралар, «Құстардың туған жерге оралуы», «Табиғатты бүлдірмейік» тақырыптарында мақалалары мен сабақ құрастырылымдарыныңавторы ретінде Куәлік иегері. Халықаралық «ПОНИ» турнирына жүлдегерлерді дайындағаны үшін Дипломмен марапатталған. Облыстық мәнерлеп оқу конурсына шәкірті жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Оқушылары: Қалалық қазақ тілі, математика,дүниетану пән олимпиадасының I,II орын иегерлері, Абай оқуларының жүлдегерлері, «Ақ бота» Республикалық марафонының І, ІІ,ІІІ орын иегерлері. Халықаралық «Пони» тунирының жүлдегерлері.

 

 

Адамбаева Асемгүл Маратқызы - бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2009 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Санаты - 2. Жұмыс өтілі - 7 жыл. Жалпы педогогикалық өтілі – 7 жыл. 2016 жыл « Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Тиімді оқыту мен оқу» курсынан өтті. 2015 - 2016 оқу жылы - ХІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін қалалық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2015- 2016 оқу жылы- қалалық тамыз мәжілісінің "Үздік баяндама" дипломының, 2015-2016 оқу жылы - Республикалық "Ұлағатты ұстаз" сайтымен ұйымдастырылған сайысқа қатысқаны үшін - ІІІ орын диплом, 2014-2015 оқу жылы - бастауыш сыныптардағы негізгі пәндер бойынша ХІ олимпиадасының жүлдегері, 2014-2015 оқу жылы - "ЭМУ - Маман 2015" конкурсына қатысқаны үшін Мадақтама, 2015-2016 оқу жылы " Жоғары педагогикалық мектебінің инновациялық білім беру ортасын институциоландыру" атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының дипломанты ІІ дәрежелі диплом иегері.

 

Нұрғалиева Гүлнәр Өкенқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Семей педагогикалық институтын 1991 жылы «Тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Павлодар педагогикалық училищесін 1981 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 35 жыл. Санаты - жоғары. Павлодар облысының педогогикалық шеберлік орталығында «үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша» біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Омарова Нұргүл Сансызбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжін 2003 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 14 жыл 5 ай. Санаты - 1. «Мемлекеттік тілді халықаралық стандарт негізінде деңгейлеп оқыту жүйесінің ерекшелігі», «Павлодар облыстық педагог мамандар біліктілігін арттыру институты» курстарына қатысып біліктілігін жоғарылатты. «Сыни тұрғыдан ойлау әдісін олданып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша, «Аудандық пән олимпиадасында дүниетану пәні бойынша үшінші орын», облыстық «Ақ бота» интеллектуалды марафон, Халықаралық «ПОНИ» туниры сертификаты «МегаШкола» қашықтық олимпиада сертификаттарының иегері. 2006 жылы өткізілген Халықаалық ғылыми-практикалық конферециясының III дәрежелі Диплом иегері.

Қайырбаева Әлия Генадийқызы - бастауыш сынып мұғалімі

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін 1998 жылы, Павлодар Мемлекеттік университетін 2003 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. Жұмыс өтілі – 18 жыл. Санаты - 1. Павлодар облысының педaгогикалық шеберлік орталығында «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын 2016 жылы аяқтады. "Заманауи сабақ-2015" фестивалінің ІІІ орын жүлдегері.

Қанапья Айдана Болатбекқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Бейсен Ахметов  атындағы  Павлодар  педагогикалық  колледжі 2010-2014жылдар аралығында«Бастауыш сынып мұғалімі»,Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық  Институты 2014- 2017 жылдар  аралығында «Бастауыш сынып мұғалімі»  мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 3 жыл. Санаты – 2 . Аудандық мұғалімдер олимпиадасында   2015 жылы III орын иегері. 2016 жылы Бастауыш сынып мұғалімдер пәндер олимпиадасында I  орын иегері. Облыстық мұғалімдер пәндер олимпиадасында қатысушысы.  2017 Аудандық бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасында III орын иегері.  1 сыныпқа арналған «фигуралар сыры» ,  «әріптер сыры»,  «математикалық логика»  факультативтік курсы бағдарлама құрастырған лицензия берілген.  «Бастауыш  сынып жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған пәнік құзыреттілікті дамыту бойынша 2015 жылы 15 маусымнан 20 маусымға дейін біліктілігін арттырған.

Ербол Айнур Сериковна - бастауыш сынып мұғаліміПавлодар қаласы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық  Институтын 2006-2009 жылдар аралығында «Бастауыш сынып мұғалімі», Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық  Институты 2009-2012 жылдар аралығында  педагог–психолог мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 8 жыл. Санаты – 2 . Мектеп бағдарламаларынан  2-сыныпқа арналған математика, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен, 4-сыныпқа арналған математика, қазақ тілі, дүниетану пәндеріне бағдарлама құрастырған және лицензия иемденген. 2017 жылыдар аралығында жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған.

 

Латыпова Гаухар Жанатовна - бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Каржасова Гүлназира - бастауыш сынып мұғалімі

2017 жылы ИНЕУ-де өткізілген «Интеллектуалды марафон» аймақтық іштей сайысына қатысқаным үшін III – дәрежелі дипломмен марапатталдым.  Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренингіне қатысып Сертификатпен марапатталдым. Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен www.bilimainasy.kz»  сайтында ұйымдастырылған  «Мен жаңашыл ұстазбын» байқауында 2 орын  иеленгенім үшін дипломмен марапатталдым. Және Республикалық «Білім айнасы» газетіне «Педагогика кадры» атты мақала жарияланып, куәлікпен марапаталды. 2017 жылғы  «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 білімінің үлесі» тамыз конференциясынды мадақтамамен марапатталды.

 

Көбес Алия Жұмақанқызы - бастауыш сынып мұғалімі

 

Төкен Ақерке Торжанқызы - бастауыш сынып мұғалімі

 

Бектурганова Улболсын Темиртасовна - бастауыш сынып мұғалімі

 

Смагулова Гаухар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі

 

Аятова Мейрамгуль Токтасовна - бастауыш сынып мұғалімі