Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлы(5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыСарытүбекауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Өмірбаяны

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралықалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіндежазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы(арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралыпетициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесінқазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

РесейІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынборкезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлыменбірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ»газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресейүкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті»арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.

Байтұрсынұлы Алаш партиясыбағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Ордаүкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.

Алаш Ордақұрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашордабасшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920жылы В.И.Ленингеүкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.

Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезінЧелябі облысынақосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.

1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы ТашкенттегіҚазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтыныңашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысықайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін МәскеудегіБутыркаабақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскігежер аударылсын деп ұйғарылды.

1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" төралқа мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы

1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдіңжұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресейотаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса»деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның»негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.

Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының Абайдыңақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.

Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын»жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.


 

Ахмет  Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татармектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсынұлының «Оқу құралы»(1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикағаарналған бөлімі 1915жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914ж., синтаксис бөлімі 1916жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатұлы, Е.Омаровсияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-ның қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академик А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсынұлының толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университетіБайтұрсынұлының есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматықаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.

 Хронология

Ахмет Байтұрсынұлы Алматы мұражай-үйі, 1998

Туған жері — бұрынғы Торғайуезінің Тосын болысы(қазіргі Қостанай облысыныңЖангелдин ауданындағыАқкөл ауылы).

·         18821884жж. ауыл мектебінде оқыды.

·         1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағымұғалімдер мектебін бітірген.

·         18951909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

·         1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.

·         1912ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.

·         1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.

·         1918-19жж. Алаш Ордақатарында болады.

·         1919 ж. маусымның 24Қазақ өлкесінбасқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

·         1922-25жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

·         1925-29ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.

·         1929ж. маусымындақамауға алынып өзі Архангельск облысынажер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937ж. тамызайында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8«халық жауы»есебінде атылған.

 

Шығармалары

Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.[7]

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909ж. Санкт-Петербургтежарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса»(1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

 

 

 

Балалар!

Оқуға бар!

Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Оянып жан-мақұлық түнде қонған,

Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!

Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

 

Әдебиеттану

А. Байтұрсынұлы, 2005Қазақстанпошта маркасы, (Michel № 512)

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923ж. Мәскеудешығарды.

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.

Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

 

Қырық мысал

ШЫМШЫҚ ПЕН КӨГЕРШІН

Бір Шымшық торға түсті соры қайнап,

Барды ма, кім біледі, ажал айдап.

Пәлені қаза менен қайда деме,

Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап!

Жанына жас Көгершін ұшып келді.

«Не қара басты торға түсіп? — деді,

Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің,

Есалаң, ақылың жоқ, күшік,— деді.

Түсер ме есі дұрыс күндіз торға?!

Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.

Мысалы мені алдап еш уақытта,

Тор түгіл, түсіре алмассың онан зорға.

Кім күлмес бостығыңа сен жаманның,

Алдырған айласына бір наданның?

Мен саған қол берейін түспесіме,

Қайласы саған ғана мол адамның».

Десе де, ақыл серік қонған баққа,

Ем болмас бастан бағың таяр шақта.

Пысықсып Көгершінім отырғанда,

Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.

— Ақылың қайда кетті, данышпаным?

Серт айтып түспеске қол алысқаның?

Біреуге күлсең, келер өз басыңа,

Табалап мұнан бұлай күлме, жаным!

* * *

Біреуді білмес адам табалайды,

Бірақ көрсе, ақылыңа қарамайды.

Ісіңнен бір істеген жазым тап

 

 

AT ПЕН ЕСЕК

Біреудің Есегі мен бар еді Аты,

Апарар бір қалаға болды заты.

Аты мен Есегіне артып алып,

Аяңдап, жолға түсіп келе жатты.

Жүк ауыр, Есек сасып алақтады,

Иесі дем алуға қаратпады.

Әл кетіп, жығыларға таянғанда,

Жалынып, Атқа Есек сөз айтады:

«Ат достым! Жүгім ауыр, халім бітті,

Емеспін жүре алатын енді тіпті.

Зорығып, жолда өліп қалатынмын,

Алмасаң ауыстырып біраз жүкті?»

Ат оған ешбір жауап қайтармады.

Ауырлап жүгін Есек қайқаңдады.

Ентігіп, ішін соғып, демі құрып,

Жүрерге онан әрі жай қалмады.

Жығылды Есек байғұс демі құрып,

Тұрмады айдаса да иесі ұрып.

Сойды да, жүк-терісін Атқа салып,

Қалаға келе жатты тағы жүріп.

Қараңдар! Шара бар ма мына сорға?

Аяғын Ат келеді басып зорға.

Қысымды Есек көрген бұ да көріп,

Болдырып, бұлғақтайды оңды-солға.

Өкініп өткен іске Ат келеді:

«Мен қате еткем екем ғой, аһ! — деді,—

Есектен аз жүк алып, қарасқанда,

Қиындық мұндай маған болар ма еді?!» 

Бұл сөзден нендей ғибрат алмақ керек?

Мысалы, еткен қайыр — бір бәйтерек!

Қайырың біреуге еткен болып терек,

Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде:

Біреуге қысылғанда жәрдем бермек!

Кейбіреу зор бейнетке тап болады,

Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

ӨГІЗ БЕН БАҚА

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,

Жағалап суаты бар жерге келді.

Шілденің сарша тамыз ыссы кезі,

Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.

Су ішіп көлдің шықты жағасына,

Мал еді көз тоятын қарасына

Артықша бір көлбақа күншіл екен,

Сол көлдің Бақасының арасында.

Өгізді суға тойған Бақа көрді,

Секіріп көршісіне жетіп келді.

«Боламын мен де сонау өгіздей»,— деп,

Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.

Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? — деп,

Өгіздей анау тұрған болдым ба?» — деп.

Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,

Жолдасы жауап берді сонда бүй деп:

«Өгіздей болу саған қайда, шырақ?!

Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ!

Онымен бірдей болып толмақ түгіл,

Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».

«Қарашы! Енді қандай болдым? — деді,

Міне, мен жаңа айдай толдым!» — деді.

Жолдасы тағы қарап денесіне:

«Қалпында қараң менен пормың»,— деді.

Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа!

Зорланды қарнын керіп, енді Бақа.

Шыдамай жұқа қарын керуіне,

Жарылып, сол арада өлді Бақа.

Күнәсі күндегеннің жаман қатты,

Күндей ме біреуге Алла берген бақты?!

Өгізді күндеп, сондай боламын деп,

Көлбақа онан қанша пайда тапты?

Әуелде құдай өлшеп берген дене,

Қаншама зорланғанмен артылмапты.

Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген,

Осындай әуре болған жаннан қапты.

 

ЕКІ ШЫБЫН

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,

Астында Өгізі бар сабан тартқан.

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің, сөйле,— деді,— сен қай жақтан?»

Сонда ол мұрнын көкке көтереді,

Адамсыта, маңғазданып жөтеледі.

«Жер жыртып күні бойы шаршап келем,

Мазалап сұрап саған не керегі?»

Адамды кейбір түрлі алып еске,

Қарасақ ғибрат бар бұл кеңесте.

Біреудің я қайратын, я дәулетін

Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,

Өз әлін өзі білген адам көп пе?

Мақтанып, бәрін де өзім, айттым дейді,

Біреудің шылауында жүріп текке.

 

 

ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ

Бір түйір ірімшікті тауып алып,

Ағашқа қарға қонды ұшып барып.

Тоқ санап ірімшікті көңіліне,

Жей қоймай отыр еді ойға қалып.

Қашаннан белгілі аңқау ала қарға,

Несіпке бұйырмаған шара бар ма? —

Шығатын шығасыға болып себеп,

Ағашты Түлкі залым аралар ма!

Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,

Аяғын ептеп басып жақын келіп:

«Уа! — деді,— көретін де күн бар екен,

Жүруші ем сырттан асық болып өліп!

Тамаша қарағанға түрің қандай

Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!

Гауһардай қанаттарың жарқырайды,

Келісті қалай бужен және маңдай!

Көркемдік сипатыңнан табылғандай,

Даусың да болса керек шырын-балдай.

Көптен-ақ дауысыңды естісем де,

Болған соң келе алмадым жерім шалғай.

Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,

Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген

«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,

Арман жоқ жанда сені көріп өлген!

Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,—

Иә сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа

Мен қайран «нағып патша қоймаған» деп,

Дауысың да сипатындай болған шақта!

Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,

Шыдамай бойым балқып, еріп тұрмын.

Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,

Естуге құмар болып өліп тұрмын!»

Мәз болып мақтағанға, насаттанып,

Қайтпасын деп ойлады сағы сынып.

Алыстан арып-ашып іздеп келген

Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.

Өтірік мақтағанға Қарға еріп,

Қарқ етті пәрменінше жағын керіп.

Ірімшік қарқ еткенде жерге түсіп,

Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.

Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр,

Залымдық өтірікпен мүлкі боп жүр;

Солардың сұмдығына түсінбеген —

Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.

Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,

Далада кең сахара көшіп-қонып.

Алдаған залымдардың тіліне еріп,

Жүрмесек жарар еді мазақ болып.

 

 

КІСІ МЕН АЮ

Бір адам айдалада елден жырақ,

Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ.

Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой,

Жалғыздық олардан да қиынырақ.

Көк шалғын, ағаш, бұлақ бәрі жақсы,

Болмайды нақ адамдай серік бірақ.

Сөйлесіп іштен шерін тарқата алмай,

Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап.

Бір күні келе жатты: ағаш жаққа,

Нендей жан кез болар деп таныспаққа.

Орманда қасқыр, аю, аң болмаса,

Табылсын онан басқа кім бейбаққа?

Айтқандай қарсы алдынан Аю келді,

Бұл оған тағзымменен сәлем берді.

Көрісіп, қол алысып амандасып,

Сөйлесіп, бірте-бірте танысты енді.

Дос болды ақырында Аю, Адам,

Зор болды татулығы бір тумадан.

Екеуі күндіз-түні болып бірге,

Баспады бір-бірінен оқшау қадам.

Сөйлескен әңгімесін ешкім білмес,

Әзіл ме, ертегі ме, жай ма кеңес?

Жеке-тақ әңгімеге жоқ кісі еді,

Аю да туғаннан-ақ мылжың емес.

Сөйлесіп қанбаса да кеңеске көп,

Әйтеуір сол Аюды жаратты бек.

Бір сағат сабыр қылмай сағынады,

Көзінен таса болса жолдасы тек.

Осылай әлденеше күндер өтті,

Шілде боп, күннің ыссы кезі жетті.

Аралап ойды-қырды, орман, тауды,

Екі дос күн ыссыда сайран етті.

Жүре алмай, Адам шаршап, тала берді.

Әр жерде тұрып демін ала берді.

Аюдан Адам нашар болғаннан соң,

Ере алмай кейін, артта қала берді.

Сонда оған Аю айтты: «Жеке-тақжан!

Айтайын мен бір ақыл, құлағың сал!

Күзетіп жан жолатпай мен тұрайын,

Сен ұйықтап біразырақ тынығып ал»

Жеке-тақ жолдасының тілін алды,

Шапанын шешті-дағы, төсеп салды

Болдырып күні бойы жүрген бейбақ,

Жатты да, бір есінеп, ұйықтап қалды.

Ал енді Аю тұрды қарауылда,

Кінә жоқ, бағып досын қарауында.

Қорылдап ұйықтап жатқан жеке-тақтың

Бір шыбын келіп қонды танауына.

Шыбынды келіп қонған Аю көрді,

Бір қуып жіберіп ед, қайтып келді.

Үркітіп әлденеше қуса-дағы,

Кетпеді, қайта-қайта қона берді.

Шыбынға Аю қатты ашуланды,

Көтеріп жерден әйдік бір тас алды.

Және кеп маңдайына қонған шақта

Таспенен пәрменінше қойып қалды.

Ұрған тас дәлдеп тиді жеке-таққа,

Кез болған қай оңды дос ол бейбаққа?

Иә қаза, иә пәлеге жолығарсың

Егерде болсаң жолдас ақымаққа. 

Тас тиіп бас сүйегі қақ айрылып,

Фәниден көшті сорлы бақи жаққа.

Қайырын зайғы етсе керегі не,

Кез қылма, ондай достан құдай, сақта!

* * *

Жігіттер, сақтаныңыз надан достан,

Досыңнан, надан болса, артық дұшпан.

Белгілі — жаудан кісі күтінеді,

Тиеді достың оғы қапылыстан.