Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмір жолы (1904-1985)

          Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 жылы мамырдың он бірінде Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.

            Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.

            Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.

            1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі. 1939 жылы Əлкей Хақанүлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді. Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады.

          М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925-31 жылдар арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.

            Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.

            1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.

            Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады. Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

            Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

            Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады.

            Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі. Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.

            Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.

            Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

 

Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері

          Ә.Қ. Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер(қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургиясаласына қатысты 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстар, 100-ден астам энциклопедия, мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. Марғұланның ғылыми еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне аударылды. 1991 жылы Қазақстан ҰҒА-ның тарих, археологияжәне этнологияинститутындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы археология институтықұрылды. Астана, Павлодар, Екiбастұз, Жезқазғанқалары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер Ә. Марғұлан есiмiмен аталады. Павлодарқаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ҒА-ның Уәлихановатындағы (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.

 

Әлкей Хақанұлы Марғұланның шығармалары

          1. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана, Алма-Ата, 1950.

            2. Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана, Алма-Ата, 1966.

            3. До исламская архитектура Казахстана, М., 1968.

            4. Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, Алма-Ата, 1979.

            5. Ежелгi жыр аңыздар, Алматы, 1985.

            6. Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986. ­ 90.

            7. Собрание соч., 1–4 т., Алма-Ата, 1998 – 2003.

            8. Шығармалары, Алматы, 2007.

 

Академик Ә. Марғұлан және фольклортану мәселелері

          Кеңес дәуірі кезеңінде түркі әлеміне байланысты зерттеулерге қойылған кейбір шектеулерге қарамастан, түркология ғылымына қызығушылық танытып, мәселенің зерттелуіне айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың, оның ішінде қазақ ғалымдарының орны ерекше. Осындай ғалымдардың бірі және бірегейі – академик Әлкей Марғұлан.

            Отызыншы жылдардан бастап Ә. Марғұланның зерттеу нысаны болған эпостық жырлар, одан кейінгі жылдарда зерттеген қазақтың ежелгі сәулет өнері, мүсін тастар, шеберлік өнері тарихын зерттеуі болсын, негізгі үш саланы қамти отырып жүргізілгенін көреміз. Біріншіден, археологиялық экспедициялар кезінде қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған деректерді зерттеу, екіншіден, ежелгі, орта ғасырлардағы ғалымдардың, жиһанкездердің Орта Азия және Қазақстан туралы жазған еңбектерін зерттеп, оларды ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулерімен сабақтастыра отырып қорытынды жасау әдісін қолданған. Тіпті, ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде ертегілер мен жырларды өзара салыстыра отырып, жыр мотивтерінің ұқсастық, ерекшелік жақтарын, мотивтің алғашқы және кейінгі іздерін халықтардың қоғамдық, экономикалық тарихын негізге ала отырып зерттеген.

          Ә.Марғұланның ғалым ретіндегі басты ерекшелігі этнотарихи, этномәдени, этноархеология, этнолингвистика салаларына арнайы назар аудара зерттеуі.

          Ә.Х. Марғұлан – қазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген ғалым. К.Ақышевтің пайымдауынша, «археология мен этнографияны және фольклорды ұштастыра білген Әлкей Марғұланның ғылымға сіңірген еңбегі қызық кітаптың айқарма беті сияқты». Осы кітап уақыт озған сайын құнын еселей арта бермек.

            Ә. Марғұлан өзінің «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінде: «Ғасырлар бойы сахарада айтылып келген ертегі-жырларды, аңыз әңгімелерді ең алғаш шығарып таратқан, сахараны қоныстанған әртүрлі көшпелі түркі тілдес елдер еді. Олардың ішінде жұртшылық майданынан белгілі орын алып, тарихта көрнекті ат қалдырған жұрттар, ескі дәуірден шолып қарағанда, ғұн мен сақтар, үйсін мен қаңлылар, қырғыз бен ұйғырлар жұрты болмаса, өзгенің барлығы тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін құруға негіз болды. Сондықтан бұл айтқан ескі рулар жасаған мәдениет бұйымның іздері де, оның ішінде қазақ жыры, эпос, ою-өрнек, сәулет өнері туындылары, бүгінге дейін Қазақстан жерінде жақсы сақталып, олардың жұртшылық салты, елдік заңы, барлық рухани тіршілігі де көбінесе қазақ елінің тұрмысында ашығырақ сақталғанын» анықтады.

            Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностың тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә.Х. Марғұлан өз зерттеулерінде дәлелдеді. Бұған ғалымның 1946 жылы қорғаған «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы және 1985 жылы жарық көрген «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел. Бұл еңбектерде Әлкей Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде пайдаланып, кешенді тұрғыдан зерттеген. Сонымен қатар осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде алғаш айтқан ғалымдар қатарына жатады.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба және сирек кездесетін кітаптар қорында Әлкей Хақанұлы 1939, 1941 жылдары жинап тапсырған жетпістен аса қазақ ертегілері сақталған.