Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы(25 маусым1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз1938, Алматы) – Алаш қозғалысыныңқайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Өмірбаяны

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 19051910жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаисекілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 19101913жылдары Уфақаласындағы “Ғалия” медресесіндебілім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинментанысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912жылы Қазан қаласындағыКәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 19131916жылдары Омбы мұғалімдер семинариясындаоқыды.

“Бірлік”ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлысекілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетінеөз өлеңдерін жариялайды.

1917жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезінөткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысықазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеуқаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінеқатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысынадепутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясыныңАқмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш жүзпартиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезінеделегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

19181919жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

19231927жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетінтерең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924жылы 24 қарашадаМәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922жылы қазанда, 1923жылы Ташкенттебасылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші қазақгазетінің 1925жылы 14 ақпандағысанында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924жылы 19 желтоқсанындағысанында С.Мұқановтың“Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 19271929жылы Бурабайда, одан соң Қызылжардаоқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы Алқаатты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутыркатүрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936жылы М.Горькиймен Е.Пешкованыңараласуымен бостандық алып, Қазақстанғақайтады.

Петропавлқаласыннда мектепте орыс тілімен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937жылы наурызда Жұмабайұлы Алматығакеледі. Аударма ісімен айналысады. 1938жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Мағжан шығармашылығы

Ақын тұңғыш өлеңіненбастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшылбағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны хакімдеп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясынтақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, Балалық шақ, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).

Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.

Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.).

Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизміболашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Жұмабайұлы поэзиясындағықұнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Ақын дүниетанымына ҚызылжардағыБегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:Ерекше атап өтетін бір жәйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.

Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал). Сондай-ақ, Жұмабайұлы “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн– түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады.

түрікшілдік сезімі 19191923жылы Мұстафа КемалАтатүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай“Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.

Мағжан поэзиясы

Жұмабайұлы қазақ лирикасыныңсыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Жұмабайұлы – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.

Мағжан поэмалары

Жұмабайұлы қазақ поэмасыныңбаяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологияәлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасыншеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалықтереңдік пен эпикалықкең құлаштылық бірдей тән.

Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогикасаласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваевтуралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиетіүлгілерін жинауға жәрдемдесті.

Мағжан публицистикасы

Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блокөлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді

Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы

Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомарауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбықалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiші

 

 

Мағжан Жұмабайұлы және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстанжерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.[3]

Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһармановкөмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.

Киношежіре

·         1990 — «Мағжан»режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақтелефильм”

·         1994 — «Алаш туралы сөз»Алашордарежиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақтелефильм”

·         2009 — «Алашорда»Алашордарежиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақфильм”Шәкен Аймановатындағы