Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі
ЖАДЫНАМА
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі
Ұлттық тестілеу орталығы
1. Апелляцияға өтініш беру
· Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
· Апелляцияға өтініш ұлттық біріңғай тестілеу өткізу пунктінде (ҰБТӨП) тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі.
· Өтініш беруге қажеттіқұжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат:
- ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама:
· Өтініш берубарысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.
2. Апелляцияның түрлері:
· Апелляция ҰБТ қорытындысыбойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.
· Тест тапсырмаларыныңмазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда беріледі:
- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
- дұрыс жауабы жоқ;
- бірнеше дұрыс жауабы бар.
· Техникалық себептербойынша апелляциякелесі жағдайларда қарастырылады:
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі
· Апелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:
1. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;
2. техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш:
· Апелляцияға берілетінөтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.
4. Апелляцияны қарау тәртібі.
· Апелляциялықкомиссия бітірушілердің өтініштерін тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14.00-ден бастап қарайды.
· Апелляциялықкомиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
· Шешім тек бітірушіапелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.
· Егер бітіруші өзідұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.
· Тест тапсырмаларыныңмазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:
- Жергілікті жердегі апелляциялық комиссия бекітілген нысанға сәйкес мәліметті толтырып Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
- республикалық апелляциялық комиссия апелляцияға берілген тест тапсырмаларын қарастырады және шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі жергілікті жердегі апелляциялық комиссияға жібереді.
- Республикалық апелляциялықкомиссияның шешімі соңғы шешім болып саналады.
· Жергіліктіапелляциялық комиссияның шешімімен техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:
- апелляциялық комиссия қажетті мәліметті Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО) жібереді.
- ҰТО барлық мәліметті қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.