Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі
"Әрбір бала - суретші.
Балалық жастан өтіп, суретші
болып қалу - басты қиындық"
Пабло Пикассо.
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі негізінен баланың танымдық қабілетттерін дамытуға бағытталған.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан да, мектепке дейінгі білім беру құрылымы баланың білімді ғана игеріп қоймай, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына: өз-өзі бағалауға, эмоционалды қажеттілікке, сондай-ақ баланың басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі әлеуметтік-психологиялық ерекшелігіне негізделу керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Көптеген кіші мектеп жасындағы балалар өзінің ойын, қобалжуын сөзбен жеткізуге киналады. Олар үшін өз ойын жеткізудің оңай жолдары ойын барысында, бейнелеу өнері немесе шығармашылық белсенділіктің басқа да фомаларымен байқалады.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.
Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Арт терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету.
Бала бақшаларда тұлғаны үйлесімді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның мынадай бағыттарымен жұмыс жүргізудің маңызы зор:
Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін тануға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясы - клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және проблемаларды оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бейнелеме (символика) арқылы әлемге айтарын жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. Құм терапиясы - балаларға үлкен мүмкіндік, баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады. Сәби құммен ойнап отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Құмен ойнағанда бала қателесуден қорықпайды. Қарапайым ойнау әдісін іске асырады.
Музыканың терапиялық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
- біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
- екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл күйімен байланыса отырып, адам бойында белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Ойын терапиясы - арт-терапияның бір түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса, емдеу әсерлі болады. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі, ересек өмірге дайындайды.
Арт-терапия:
1. Топта жағымды эмоционалды көңіл күй құруға септігін тигізеді.
2. Өз қатараластарымен, ата-анасымен, педагогтармен және т.б. қарым-қатынас процесін жеңілдетеді. Шығармашылық әрекетке бірге қатысу балаларды бірін-бірі оң қабылдауға үйретеді.
3. Бала бақшаларда, әсіресе, көпұлтты топтарда тілдік барьерді жеңуге көмектеседі.
4. Тәрбиешілерге бала дыбыстап тілімен жеткізуге, талқылауға қиналатын мәселелерге көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.
Арт-терапияны қолдану, топтың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттеп танып-білуге көп мүмкіндік береді
Сонымен қатар, оқыту процесінде осы терапияны қолдану мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізуге септігін тигізеді:
- Танымдық үрдісін дамыту;
- Өзінің ішкі әлемін түсіну қабілетін дамыту;
- Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;
- Зердесін дамыту;
- Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;
- Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;
- Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
- Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
- Ой өрісін дамыту
- Ойлауды дамыту.
Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.