Сенім телефоны
87778654515
email: sad47@goo.edu.kz
Мекенжайы: Орталық көшесі, 2/1
Басшы (8 -7182-35-65-45), Бухгалтер (8 -7182-35-65-71),
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 09.00-17.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
логопеттің кеңесі
 Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамуы. 3 жастағы бала

Үлкен адамның айтқанын орындайды.м/ы:  қызыл  текшені алып кел,  сары доп, кішкентай коянды.

- Көлік түрлерін білу керек м/ы: (машина, автобус)

- Өсімдіктерді ( ағаш, шөп, гүл)

- жемістерді ( алма, алмұрт, банан)

- көкөністерді ( сәбіз, памидор, қияр )

-Үй жануарларын ( мысық, ит, сиыр ) және төлдерін

Іс-әрекетті білдіретін

- етістіктерді қолданады ( жу, өшір,емдеу және т.б )

- Антоним сөздер :аумақты, дәмді, түсті таңбалаушылар

Жақын-алыс,төмен- жоғары, жылдам- ақырын, жарық- караңғы.

Сурет бойынша 2-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады
Үлкендердің сұрақтарына жауап бере алады.


4 жастағы бала
Дыбыстарды дұрыс айта біледі
Кем дегенде 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады.
Суреттін мазмұнын түсініп оны әңгімелеп,онда не суреттеліп тұрғанын айтып
бере алады.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін дұрыс айтып бере алады.
Сілтеулерді қолдана біледі:
Шағын әдеби мәтіндерді мазмұндай біледі, мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап бере алады..
5 жастағы бала
Барлық дыбыстарды дұрыс айта білу, асықпай анық айтады..
Жай және күрделі сөйлемдерді қолдана біледі
Түзу және жанама сөздерді қолдана біледі
Еркін әңгімені қолдайды
Шағын әңгіме құрастырады
   6 жастағы бала

-Барлық дыбыстарды айта алады.

-Тілдің грамматикасын қолдана біледі

-Мәтінді мазмұндап береді, суретіне қарап

     баланың жасы

    1-2 жас

    2-3 жас

    3-4 жас

    4-5

жас

    5-5,5

Жас

    дыбыс

    АОЭ

                  ПМБ

       ИЫУ

        ФВ

       ТДН

       КГХЙ

            СЗЦ

    ШЖЧЩ

    ЛР

Баланың сөйлеу мәнері оның айналасындағы адамдармен де тікелей байланысты.Үлкендердің баланың сойлеу мәнеріне мұқият қарағаны жөн.Тілінің анық әрі таза шығуының анықтығына зер салу.Баланың сөйлеу мәнері жақсы болса өзінің ойын анық жеткізе алады.Бұл баланың өз ортасымен достарының арасында тез тіл табысуына көмектеседі.

Сөйлеу мәнері жақсы болса, бұл оның ойлау қабілетінеде жақсы әсер етеді.Әрбір тіл кемістігі баланың дамуына және тәртібіне кері әсер береді.


Логопедтің ата-анаға кеңесі

Логопед маманның ата-анаға арналған кеңесі
Үй жағдайында баламен сабақ жүргізуге арналған ата –анаға бірнеше кеңестер:
1.Баламен асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
2. Әр іс- әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрыс қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
4.Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді
5.Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек.
6.Сабақ балаға ұнауы тиіс. Баланы мәжбүрлеп күш түсірген жөн емес. Баланың барлық нәрсеге деген қызығушылығы жоғалады. Аз-аздан бірнеше рет жасаған жөн. Солай балада дағды қалыптасады.
7.Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған. .
8. Сабақ өткізетін жер тыныш, ыңғайлы болғаны жөн. Балаға бір затты түсіндіргенде көрнекі құрал қолданған өте тиімді. Сабақ барысында балаға дұрыс емес деп мүлде айтпаған жөн. Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет.
9.Егер де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.


Баласының бойынан кемдік не ақау байқаған ата-ана не істеуі қажет?

Сәби дүниеге келгеннен кейін ата-ана оның бойындағы әрбір өзгерісті мұқият қадағалап, дәрігерлерден үнемі кеңес алып тұру керек. Егер қандай да бір қалыпты емес өзгеріс байқала қалса, толық тексерткен жөн. Жергілікті денсаулық сақтау орындарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын шығарып, емделуге жолдама беретін мекемелер бар. Онда арнайы педагогтер (логопед, дефектолог, педагог-психолог және әлеуметтік педагог) мен медициналық мамандардан (педиатр, невропатолог, психиатр және өзге медициналық қызметкерлер) құралған кеңес қызмет көрсетеді. Олар комиссия құру арқылы ақылдаса отырып қорытынды жасайды да, бойында ақауы бар баланы тиісті оңалту орталығында емделуге жібереді.

Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер

Оңалту орталығында бала арнайы емдеу-сауықтыру курсынан өтеді. Жоғарыда аталған педагогтер мен медициналық қызметкерлерден құралған команда баланың жағдайына баға беріп, оны емдеу жоспарын бекітеді. Бұл "командалық бағалау" деп аталады.

Баланың денсаулық жағдайы ауыр, орташа және жеңіл болуы мүмкін.

Баланың:

ешқандай дыбыс шығармауына;

еліктеу дыбыстарын шығаруына;

есихологиялық кемістікке ие болуына;

дыбыстау жолдарының толық жетілмеуі не әлсіз болуына;

кекештенуіне;

белгілі бір дыбыстарды айта алмауына;

бойында басқа кемістіктердің болуына қарай, оны осы үш топтың біріне жатқызып, тиісті дәрігерлердің емдеуі міндеттеледі.

Емдеу шаралары

Қосымша кемістіктер анықталады. Мәселен, балада физиологиялық, психологиялық кемістік түріндегі қосымша аурулар болуы мүмкін.

Емдеу жоспары. Әр бала үшін жеке оңалту жоспары жасалады. Себебі, балалардың ауру белгілері бірдей болғанымен, олардың табиғаты, жасы, мінез-құлқы, қосымша кемістіктері әртүрлі болуы мүмкін.

Емдеу уақыты және мерзімі. Әр бала аптасына кемі 3 рет, әр ретте 2 сағат мөлшерінде ем қабылдайды. Әр маман баланы оның жағдайына қарай 25-45 минут аралығында қабылдайды. Бұл баланың жағдайының ауыр-жеңілдігіне қарай 90 күннен басталып, 365 күнге дейін созылуы мүмкін.

Емдеу тәсілдері. Емдеу барысында, баланың жағдайына қарай психологиялық ем, массаж, ойындар мен қызықтыру тәсілдері сынды ондаған емдеу және оңалту шаралары қолданылады. Мәселен, тіл шықпаудың физологиялық себептері анықталса, дыбыстау жүйесінің мүшелеріне арналған массаж жасалады. Онда классикалық массаж, аппаратпен жасалатын массаж және қолданылмалы массаж түрлері бар. Массаж жасауға жіберу үшін дәрігер рұқсаты қажет.

Қызмет көрсету жолдары. Балалар жеке не шағын топта (2-3 бала) және толық топта (5 балаға дейін) тәрбиеленеді. Онда балалардың жағдайына қарай түрлі ойындармен қызықтырып емдеу шаралары жүзеге асырылады.

Ата-анаға тапсырма. Әр қабылдаған ем мен шара күнделікке тіркеліп жазылып, ата-аналарына қосымша тапсырма беріледі.