Сенім телефоны
87778654515
email: sad47@goo.edu.kz
Мекенжайы: Орталық көшесі, 2/1
Басшы (8 -7182-35-65-45), Бухгалтер (8 -7182-35-65-71),
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 09.00-17.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопед кеңесі
Балаңыз неге сөйлемейді? Бала тілінің дамуы күрделі процесс екендігі белгілі. Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, соңғы уақытта бала тілінің кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайға мән беріп, дер кезінде дефектолог логопед мамандардан кеңес алып отыратын ата – аналар да бар, керісінше 4-5 жасқа дейін "Өзі шығады" деп күтіп, баланы психикалық даму тежеулігіне жеткізетіндер де кездеседі. Өйткені сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердін біреуі бұзылса, оның кері әсері де басқа процестерінен көрініп отырады. Ата - аналар баланын даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы отыру, жүру т.б. қимыл-қозғалыс, сөйлеу және психикалық дамуында сәл ауытқышылық байқалса уақыт оздырмай дефектолог-логопед, дәрігерлерден кеңес алуы керек. Тілінің дамуында тезеліс немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұядағы тынышысыздық, үлкендер тарапынын бала тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау. Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткіздіруге мүмкіндік жасамау. Ананың мейіріміне зәру бала да сөйлеуге ынтасы болмайды. Психикалық дамуында тежеулік бар,интеллектісі төмен балалар да тілінің дамуында кешеуілдік болады. Олардын активті сөздік қоры ғана емес, қоршаған ортаны қабылдауы төмен. Мұндай балалар өте жыбырлақ, икемсіз, өздіктерінен ойнай алмайды, ортаға бейімделмейді. Мұндай жағдайда тезірек дәрігерге көрсетіп, тиісті емдік шарасын алу керек. Баламен үнемі сөйлесіп отырып, қимыл-қозғалысын дамытып отыру керек. Ұсақ моторикасын [қолының қимыл-қозғалысын] жетілдірудін маңызы зор. Қол бұлшық етінін икемсіз болуы сөйлеу процесін тежейді. Уақыт оздырмай, баланың жан – жақты дамуына көңіл бөлген жөн. Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан. Соңғы 10-15 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені айқын байқалады. Өйткені, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста болады, себебі, олар қарайды және тыңдайды. Саусақ ойындары және жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқандықтан ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз. Саусақ ойыны және жаттығулар арқылы балаларды дұрыс сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтау қабілеттері жақсарады. Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау саусақ ойыны деп аталады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ». Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.