Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің мектеп

Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебі (қысқаша атауы: №4 ЖОМ) өз жұмысын ҚР "Білім туралы" Заңнамасы, жалпы білім мекемелері туралы Типтік нұсқаулық негізінде іске асырады. Мектептің ұйымдастыру-құқықтық формасы - Мемлекеттік жалпы білім беру мекемесі. Мектептің мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 Электронды поштасы: 4school_pav@mail.ru Мектептің құрылған жылы: 1972 жыл Камал Макпалеев есімінің берілген жылы: 1999 жылы 22 қыркүйек К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектеп заңды тұлға болып табылады. ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаудан өтеді, ҚР Заңы бойынша білімнің сапасына және оның мемлекеттік стандартқа сәйкес болуына, формалардың жеткіліктілігіне, оқушылардың қызығушылықтарына арттыруға, қабілеттеріне, пейілдеріне, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарына оқыту үрдісін ұйымдастырудың құралдары мен әдістеріне жауапкершілікті алып жүреді. Мектеп бастауыш жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және Қазақстан азаматтарына мемлекеттік стандарт аумағында мемлекет кепілдік берген тегін жалпы білім алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігін береді. Мектептің қызметі -  демократия және гуманизм қағидалары, тәрбиенің зайырлы сипаты мен тұлғаның еркін дамуы, азаматшылдық, адамның өмірі мен деңсаулығы, барлығына қолайлы жалпы адами құндылықтар негізінде құрылады. Мектеп қызметінің негізі: заманауи білім беру технологияларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін сапалы дайындау. Мектепте білім беру мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау баланың мектепке дайын екендігін көрсететін психологиялық-дәрігерлік - педагогикалық комиссия (кеңес) қорытындысы негізінде іске асырылады.         10-шы сыныпқа қабылдау ата-ананың өтініші және баланың оқыту бейімділігі негізінде жүзеге асырылады.

Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттаудан кейін мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі.