Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қысқа қағыспа айтыс

 

Мекеме атауы:  К. Макпалеев атындағы № 4  жом.

Аты – жөні:  Асылбекова Назигуль  Қырықбайқызы

Лауазымы: Музыка мұғалімі

Жұмыс өтілі: 15ж

Санаты: Жоғары

Пәні: Музыка «Мұрагер» бағдарламасы бойынша

Тақырыбы: «Қысқа қағыспа айтыс»

Сынып: 5 сынып

 

 

Сабағымыздың 1 бөлімі.

1 слайд.  Ұйымдастыру кезеңі: (Айтыс әуеніне салып айту)

      Ал, балалар өткен сабақта айтыс түрлерімен танысқан болатынбыз.

Тақтаға көңіл аударайық. Берілген өлең шумақтар арқылы айтыстың қай түріне жататынын анықтаңдар.

2 слайд.

Қайым 

Түре-сүре

Өтірік өлең

Жұмбақ

Бұл өлең жолдары таныс па? (жоқ)

 3,4 слайд.Сабақтың тақырыбы: « Қысқа қағыспа айтыс»

  Сабақтың мақсаты:

1.     Қысқа қағыспа айтыс түрімен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып, түсіне білу.

2.     Домбыра аспабында күй тарту шеберлігімізді  шыңдап, шығармашылық қабілетін дамытып, өлең құрап үйрену.

3.     Айтыс өлеңдерінің  мән-мағынасына терең бойлап, өнеге алу.

5 слайд.Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің қызы қатықсыз қара көже құйып берсе, Біржан сал ернін ғана тигізіп қайтарады.    Сонда қыз:

 Біржан сал:

Бұл айтыс XIX ғасырда шығарылғандықтан, мұндағы кейбір сөздер ескіріп қолданыстан шығуы мүмкін. Сол себептен мағынасы түсініксіз сөздермен танысып алайық. Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерге көңіл бөліңдер.

6 слайд. Енді сөздікке тақтаға қарайық

7 слайд.Біржан мен қыздың айтысын көрініс арқылы көрсете аласыңдар ма?

Осы көріністен ақынға тән қандай қасйеттерді байқадыңдар? (ұтқыр ой, суырыпсалма, сөзге шешендік, шапшандық)

8 слайд.

    1.Осы өлең жолдарда не басым? (сын)

    2.Сынның қандай түрлері бар? (әзіл, қалжың, сықақ, кекесін)

 Сонымен, балалар, тақтаға шыққан сөздерді байланыстыра отырып

  9 слайд .«Қысқа қағыспа айтыс» дегеніміз не екенін айта аламыз ба?

10 слайд.Білжан сал мен қыздың айтысын, айтыс әуеніне салап айту (Домбыра аспабымен)

11,12.13  слайд. Шығармашылық кезең.

Қыздар, ұлдар болып екі топқа бөлінейік. Әр топқа тіркес сөздер беріледі, осы сөздер арқылы сын, әзіл – қалжыңы басым өлең құрастырып көрейік. Сіздерге берілетін уақыт 5 минут.

Тамаша, керемет, жарайсыңдар! Ақын болуға лайық екенсіңдер. Осы өлең жолдар арқылы не айттыңдар? Сонымен қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не?

 

 

 

 Сабағымыздың 2 бөлімі. Домбыра ойнау.

Құрманғазының күйі « Балбырауын» сағасын ойнап үйрену.

Аспапта үйренген шығармаларды ойнау.

Халақ күйі « Келіншек», Халық әні «Қалаулым», Жаяу Мұса « Ақ сиса».

 

 Қасиетті домбырамның үні бар,

Құдіретті әсем әннің сыры бар.

Мәңгілікке мұра болар ұрпаққа,

Бұл өнердің өнегелі нү\ұры бар.

14, 15  слайд.      Ән «Нұр шашқан – Мұрагерім»

16 слайд.Сабақты қортындылау.

 17 слайд.Өз білімін бағалау.