Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналар балалар арасындағы қарым-қатынастар принциптері
  Құрметті ата-аналар сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға арналған 10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз!

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

  1. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің жалғасы.
  2. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.
  3. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ!