Терроризмнің алдын алу туралы жаднама
Телефон салынған жарылыс құралдары туралы ақпарат таратушының бірі болады. Осындай жарылғыш заттар салынған туралы хабарламалар құпия түрінде айтылады. хабарлаушы өз есімін атамайды. Қандай мақсатта жарылғыш құралдарын орнатқаны туралы да ақпарат бермейді. Мектеп оқушылары арасында да осындай жағдайлар туындайды. Бұл не? Балалардың ойыны ма, бұзақылығы ма? Көбінесе балалар әзілдегім келді деп те айтады. Балалардың бұл ісін "әзіл" деп айтуға болмайды. Бұндай бұзақылық заңмен қудаланады. ҚР заңы 242 бабы.