Мектеп бітірушілерге емтихан материалдарымен жұмыс істеу бойынша жадынама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
Ұлттық бірыңғай тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы
1. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпарат
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде келесі емтихан материалдары пайдаланылады: - сұрақ кітапшасы – мектеп бітірушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан құжаты; - жауап парағы – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк; - жауап парағының көшірмесі – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілеген, тестілеуден кейін балдарын өз бетінше санауға арналған арнайы бланк; мектеп бітірушіге тестілеу кезінде ең алдымен жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін сұрақ-кітапшасы беріледі. Емтихан материалдарын аудитория кезекшісі аудиторияда береді, оны аудиториядан алып шығуға тыйым салынады. Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін сұрақ-кітапшасы мен жауап парағы кезекшіге өткізіледі, жауап парағының көшірмесі мектеп бітірушінің өзінде қалады. 2. Жауап парағын толтыру Жауап парағы екі бөліктен тұрады: - жауап парағының қызметтік секторлары – тестіленуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), тестіленушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары;![](http://i019.radikal.ru/1404/ec/b66ba8bec044.jpg)
![](http://i023.radikal.ru/1404/9d/7b3acbaee6c7.jpg)
![](http://s004.radikal.ru/i205/1404/bc/8a8a170411c6.jpg)
4. Сұрақ-кітапшасы нұсқасының 4-санын анықтау тәртібі
Сұрақ-кітапшасын тарату барысында оның мұқабасында тестілеу нұсқасы үш орынды санмен берілген, нұсқаның 4-ші саны жасырын болып табылады. Тестілеу аяқталуға 15-20 минут қалғанда ҰТО электрондық почтамен ҰБТӨП-ке кезекшілердің аудиторияларға хабарлауы үшін нұсқаның 4-ші санын анықтайтын қажет мәліметті жібереді. Нұсқадағы 4-сан сұрақ-кітапшасының мұқабасында орналасқан матрицаның көмегі арқылы анықталады. Мысалы:ҰТО-дан И7 белгісі келсе, онда нұсқаның төртінші саны 7 баған мен И тұрған жолдың қиылысында тұрған сан, яғни 3.![C:\Documents and Settings\a.bulavina\Рабочий стол\Безымянный.bmp](http://s017.radikal.ru/i411/1404/e5/3669ba52f403.jpg)
Есте сақтаңыз!!!
Жауап парағы қара пастасы бар қаламмен толтырылады. Нәтижелерді өңдеу үшін арнайы қондырғыдан өтетіндіктен жауап парағын ластауға,бүктеуге және жыртуға болмайды Жауап парағын толтырған кезде корректор сұйығын қолдануға рұқсат етілмейді. Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз. Бір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды. Жауап парағы - тестілеу материалдарын өңдеу жүзеге асырылатын негізгі құжат, сондықтан оны қате және түзетулер жібермей, мұқият толтырыңыз. Жауап парағының қызметтік секторларын дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары үшін ілінетін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.