Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопед сыныбы
  • Логопедтің кеңестері.

Тіл кемістігі бар балалар –  қалыпты естуі және ой өрісінің дамуы бар балалардың тілінің дамуында кемістік бар балалар. Тіл кемістігі әртүрлі, ол дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік қорының төмендігінде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында байқалады.

Тіл кемістігі күрделегі жағынан  қарағанда жалпы оқытуда кедергі тудырмайтын және ауыр, арнаулы оқытуды талап ететін түрі болады.

4-6 жас аралығындағы балалардың тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері:
1.    Тіл дамуының көстеркіштері.
2.    Зат атауларын қолданады.
3.    Адамның мамандығын білдіретін жұрнақтарды қолданады.
4.    Сөздерге антоним таңдай біледі.
5.    Сөзжасау жалғастырады.
6.    Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады.
7.    Сөздің құрамындағы  дыбыстарды санын анықтай алады.
8.    Сөздегі дыбыс орындарын 3 позицияда таба алады (басында,аяғында, аяғында).
9.    Сурет немесе суреттер бойынша әңгіме құра алады.
10.  Дыбыстаулары нормаға толық сәйкес келеді.
11.  Іштей жоспарлап сөйлеуді қалыптастыру басы бар.

3-4жас аралығындағы балалардың тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері:
1.   Тіл дамуының көстеркіштері
2.   Белсенді тілінде зат бөліктерінің атауын қолдану
3.   Кішірейте-еркелететін мағналы жұрнақтарды қолданады
4.   Сөз алды қосымшалар  қолданады
5.   Сөз жасамдық қабылеті байқалады
6.   Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады(жук –лук сияқты)
7.   Ш,Ж,Щ,Ч,Л.Р дыбыстарын айта алады
8.   Өз тілдеріндегі қате дыбыстауды байқай алады
10. Ересектерді ертегіде өзімен бірге ойнауға еліктіре алады, рөлдерді бөледі,ер

Ата-аналарға бала тілі туралы

Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі  болып табылады.

                 Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы

Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.

Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.

Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату.

Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға   қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.

Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

Логопед кеңес береді

- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
- балаға күн сайын қысқа  және ертегілер оқу;
- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
- сөзді немесе фразаны,  ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай  қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.