Телефон доверия
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жарнамалар

"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы"

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі үлгілік қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 5-тармағын орындауда арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

         Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

         Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса), ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

 

         Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін № 18 ЖББОМ КММ 51-61-31 телефоны бойынша жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 1-14 ақпан аралығында.

 

 

 

Құрметті ата -аналар! 

✅ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарына сәйкес, ағымдағы оқу жылында орта білім беру ұйымдарының оқушыларының мектеп формасын киюі міндетті емес. Балалар білім беру мекемесіне тек мектеп формасымен ғана емес, классикалық стильдегі киімдермен де (қара шалбар / юбка және жеңіл көйлек / блузка) бара алады.