«Ертіс дарыны» АҒТО облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебінің ЕРЕЖЕСІ
- Мақсаты мен міндеттері:
- ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау.
- ауылдық мектеп оқушыларының теориялық білімдерінің деңгейін көтеру және практикалық дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау
- жоғары деңгейлі күрделендірілген тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту.
- ауылдық мектеп оқушыларының ішінен олимпиадалық резервті анықтау және дайындау.
- ОС ОРМ-де 9 пән бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі: қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі, орыс тілінде оқытылатын мектептегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география, химия, биология, математика, физика.
- ОС ОРМ-ның құрамына ауылдық мектептерінің 8-11 сынып оқушылары кіреді.
- ОС ОРМ-де сырттай оқудың түрі 9 пән бойынша үш кезеңнен тұрады және шағын олимпиадамен аяқталады.
- Жылдың қорытындысы бойынша жоғары рейтингкке ие болып, үш кезеңнің тапсырмасын орындауда үлкен жетістікке жеткен оқушылар шағын олимпиадаға қатысады.
- ОС ОРМ-де оқушыларға 11 сыныптан кейін сертификат беріледі.
- ОС ОРМ-нің оқытушылар құрамына әр пән бойынша облысымыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары және жоғары дәрежелі мектеп ұстаздары кіреді.
- Әр кезеңнің тапсырмасын орындау мерзімі алған күнінен бастап 20 күн.
- ОС ОРМ мектеп оқушыларының тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар:
- қатысушылардың үш кезеңнің тапсырмалары жеке дәптерлерге орындалуы керек.
- алдыңғы кезеңнің тапсырмасындағы кемшіліктерін ескертіп, оқытушының жазған пікіріне сүйене отырып дұрыс жауабын жіберу қажет.
- Күрделі тапсырмаларды орындауға көмекшісі ретінде осы мектептің пән мұғалімі оқушының кеңес берушісі бола алады.
«Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің
ЕРЕЖЕСІ
- Осы Ереже «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің мақсатын, міндеттетрін және жұмыс тәртібін анықтайды.
- «Жалын» олимпиадалық резерв мектебі (одан әрі Мектеп) облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарын» ӨҚББОӘО - да негізінде қызмет атқарады.
- Мектептің мақсаты мен міндеттері:
- оқушылардың республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен сайыстарына қатысу нәтижелілігін арттыру;
- оқушылардың олимпиадалық облыстық құрама командасын анықтау және дайындау жүйесін дамыту;
- тәжірибелік біліктілігін және теориялық білімдерінің деңгейін жоғарылатуға жағдай жасау;
- Мектепте қазақ және орыс тілдерінде 15 пән бойынша оқытылады: математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі мен әдебиет, қазақ тілі орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиет, орыс тілі қазақ мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі;
- Мектепке 8 - 11 сыныптарында оқитын облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қабылданады;
- «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жазғы аусымына облыстық олимпиадада 1 және 2 орынға ие болған оқушылар ғана қатысады;
- «Жалын» олимпиадалық резерв мектебіне оқушылар облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі бойынша қабылданады;
- Мектеп оқушыларының жалпы саны мен сынып бойынша шамалық мөлшері білім басқармасымен бекітіледі;
- Мектеп оқушыларының құрамы жыл бойы рейтинг көрсеткіштеріне сай өзгеруі мүмкін;
- Мектептің жаттықтырушылары Павлодар қаласының жоғарғы білім беру орындары мен мектеп мұғалімдері қатарынан анықталады;
- Мектеп сабақтары оқу – жаттықтыру жиыны түрінде өткізіледі;
- Оқу – жаттықтыру жиындарын өткізу кезінде оқушыларға мектеп сабақтарына еркін қатысуға рұқсат беріледі;
- Оқу – жаттықтыру жиындары жыл бойы кесте бойынша өткізіледі;
- Пән бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау бағдарламасы оқытушы-жаттықтырушымен құрастырылады және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының кеңесінде келісіледі;
- Оқу-жаттықтыру жиындарының әр пән бойынша жалпы сағат саны жылына 72 сағат;
- Әр ауысымның соңында оқытушы өз пәнінен қорытынды рейтинг өткізіп, нәтижелерін «Ертіс дарын» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына және білім беру мекемелеріне жіберіледі;
- Оқу-жаттықтыру жиындарының өқізілетін орыны «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен анықталады.
Бастауыш сынып оқушылары арасындағы
облыстық математикалық турнирдің өткізу ережесі
-
Жалпы ереже
- Осы ереже бастауыш сынып оқушылары арасындағы облыстық математикалық турнирдің (бұдан әрі - Турнир) мақсаты мен міндеттерін, мерзімін, өткізу тәртібін, ұйымдастыруын белгілейді.
- Турнир оқушыларды жоғары деңгейлі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау мақсатында өткізіледі.
- Турнирдің негізгі міндеттері:
- математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, дамыту, жағдай жасау;
- математикадан облыстың олимпиадалық құрама командасын қалыптастыруына қолдау көрсету;
- балалардың математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту.
-
Турнирдің әдістемелік қамтамасыздандырылуы және нұсқаулығы
- Турнирдің жалпы нұсқаулығын «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығынан (бұдан әрі – «Ертіс дарыны») құрылған ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) жүргізеді. Турнирдің өткізілуіне «Ертіс дарыны» басқа да ұйымдарды, бастауыш білім беру саласындағы мамандарды келісімшарт негізінде қатыстырады.
- Турнирдің Ұйымдастыру комитеті төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:
- Турнирдің өткізілу мерзімін 2014 жылғы 31 наурызын белгілейді;
- Турнирдің іс-шараларын өткізілуін тікелей қамтамасыз етеді;
- Турнирдің әділқазылар алқасы мен әдістемелік комиссиясы құрамын құрастырады;
- Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін анықтайды;
- Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайды;
-
Турнир туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтер атқара алады.
- Турнирдің әдістемелік комиссиясы төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:
- Турнир тапсырмаларының материалдарына әдістемелік ұсыныстар құрастырады;
- Турнир тапсырмаларының мәтіндерін құрастырады;
- Турнир тапсырмаларының орындалуын бағалау әдісі мен критериилерін анықтайды;
- Турнир өткізілуіне талдау жасап, тәжірибе жинақтай алады;
-
Турнир туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерін атқара алады.
- Турнирдің әділқазылар алқасы төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:
- Турнир тапсырмаларын тексереді және қатысушыларды бағалайды;
- Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің кандидатурасын анықтайды;
- Турнир туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерін атқара алады.
-
Турнирдың қатысушылары
- Турнирге қатысуға Павлодар облысының білім беру мекемелерінің 2-4 сынып оқушыларынан: 2 сынып - 1 оқушы; 3 сынып – 1 оқушы; 4 сынып -1 оқушы - құрамы 3 оқушыдан тұратын команда шақырылады.
- Облыс аудандары мен қалалары үшін квота 2 команда – бір команданың құрамы оқыту қазақ тілінде жүретін мектептер және екінші - оқыту орыс тілінде жүретін мектептер, мамандырылған мектептер үшін – 2, математиканы тереңдеп оқитын сыныптар үшін қосымша 1 команда.
- Топ жетекшісі бастауыш математикалық білім беру саласында маман (математика пәні мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер) болу керек.
-
Турнирдің өткізу тәртібі
- Турнир 2 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – командалық – командаларды жоғары/бірінші/екінші лига бойынша бөлу мақсатында жазбаша түрде өткізіледі. Екінші кезең 2 турдан тұрады: І тур – ауызша командалық; ІІ тур – жазбаша жеке.
- Турнир кезеңдері жалпы орта білімнің білім беру бағдарламалары негізінде құрастырылған шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар бойынша (бұдан әрі – Турнир тапсырмалары) өткізіледі.
- Бірінші кезең блиц-жарыс түрінде өтеді. Әр командаға 8 тапсырма беріледі. Орындалу уақыты – 25 минут. Белгіленген уақыт өткеннен кейін команда жауап парақтарын әділқазы мүшелеріне тапсырады.
Екінші кезеңнің І туры ауызша командалық жұмыс түрінде өтеді. Әр командаға белгіленген лигаға сәйкес 5 сұрақтан тұратын мазмұны бірдей тапсырмалар ұсынылады. Әр тапсырманы орындап болған соң команда мүшелерінің біреуі шешімін әділқазы мүшелеріне тапсырады. Әр команда мүшесінің тапсырманың екеуіне ғана жауап беру құқығы бар. Тур ұзақтығы – 60 минут. Екінші кезеңнің IІ туры жазбаша жеке жұмыс түрінде өтеді. Қатысушыларға оқыту сыныбына 2/3/4 сәйкес 5 сұрақтан тұратын мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Орындалу уақыты – 45 минут. Әр тапсырманы орындап болған соң қатысушылар жауап парағын әділқазы мүшелеріне тапсырады.
-
Турнирдің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Жеңімпаздар (І орын) мен жүлдегерлер (ІІ және ІІІ орын) Турнирдің екінші кезеңінің қорытындысы негізінде анықталады.
- Командалық орын І тур бойынша белгіленеді.
- Жекелік орындар ІІ турдың жеке нәтижесі негізінде анықталады.
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысының Білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады.
- Жеңімпаз командаларына дәрежесіне сәйкес жеке дипломдар беріледі.
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны жалпы Турнир қатысушыларынан 50%-нан аспау керек.
- Командалық біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткендерге Гран-при, жекелік біріншілікте «Үздік жеңімпаз» атағы беріледі.
- Барлық Турнир қатысушылары сертификат алады.
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Олимпиаданың негізгі міндеттері: - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету; - патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу; - оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткізіледі. Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі: 1) бірінші – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының наурыз айында білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді; 2) екінші – облыстық – облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары ағымдағы оқу жылының 2-3 сәуірінде республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді; Екінші кезеңнің ұйымдастыру комитеті ағымдағы оқу жылының 10 сәуіріне дейін «Дарын» РҒПО-ға Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға өтінімдерді береді. 3) үшінші кезең – республикалық – 21-24 сәуір аралығында республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі. Олимпиаданың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары ҚР БжҒМ I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады. Олимпиаданың үшінші кезеңінде I, II және III дәрежелі дипломдар саны келесі үйлесімділік бойынша анықталады: жеңімпаздар санының 50%-ы ІІІ дәрежелі дипломдармен, 30% - ІІ дәрежелі дипломдармен, 20% - І дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы
жасөспірімдер облыстық олимпиадасының
Ережесі
- Жалпы бөлім
1.1.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары білім беру дамуына арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі. 1.2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасының Ережесі (ары қарай - Ереже) жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасының (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуін, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын белгілейді. Олимпиада жыл бойы келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия, география, информатика (компьютерде Pascal, Free Pascal, Delphi, Cu++ (Dev) тілдерінде бағдарламалау). 1.3. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден қатысушылардың олимпиадалық қорын қалыптастыру. 1.4. Олимпиаданың міндеттері: - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндеріне қызығушылығын ынталандыру; - ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту; - дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылыми білімді тарату; - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарды ұйымдастыруда өзара тәжірибе алмасу. 2.Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі 2.1. Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі. Іріктеу кезеңі қашықтық түрде күрделі деңгейдегі үш тапсырмалары арқылы өткізіледі. Қорытынды кезең іштей оқыту формасында Олимпиаданы өткізу жоспарына сәйкес жүргізіледі. 2.2. Қорытынды кезеңнің өткізілу уақыты астрономиялық 4 сағат. Аяқ астынан туындаған жайттарға байланысты қазылар алқасы қорытынды кезеңнің уақытын ұзарта алады. 2.3. Қорытынды кезеңде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. 2.4. Ереже бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.
- Олимпиаданы ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы
3.1. Олимпиаданың ұйымдастырушылары: «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен математика, физика, биология, химия, география және информатика мұғалімдерінің облыстық Ассоциациялары. 3.2. Ұйымдастырушылар өз құзіреттілігі аясында: - Олимпиаданың өткізілу мерзімін, тәртібін, орнын бекітеді; - жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептері мұғалімдерінен қазылар алқасының құрамын жасақтайды; - Олимпиада өткізу барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады; - тапсырмалары мен оны бағалау өлшемдерін әзірлейді; - жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді; - тапсырмалардың шешімін жариялайды және Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
- Олимпиада қатысушылары
4.1. Олимпиадаға жалпы орта (толық) білім беру бағдарламаларын меңгеретін облыстық білім беру мекемелері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 7-8 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.
- Олимпиада қорытындысын шығару
5.1. Қорытынды кезеңнің қатысушыларына сертификат беріледі. 5.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қорытынды кезеңде анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. 5.3. Қорытынды кезеңге қатысқан оқушылардың рейтингі Олимпиададан кейін екі күн ішінде www.ertisdaryn.kz сайтында орналастырылады. 5.4. Олимпиада жеңімпаздары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадаға, жалпы орта білім беру пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебіне қатысуға, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқып, демала алады. 5.5. «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерді белгіленген тәртіппен ынталандыра алады.
- Олимпиаданың қаржылық қамтамасыздандыруы
Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады. Ауызша олимпиаданың ережелері Ауызша олимпиада екі кезеңге бөлінеді. Олар «шығаруға дейін» және «шығару» деп аталады. Екінші кезеңде қатысушылар қосымша (тәжірибелік, эксперименталдық) тапсырмаларын алып, басқа аудиторияға шығарылады, сондықтан «шығару» деп аталған, ал бірінші кезең атауы осыған сәйкес. Есеп шешімдері жазба түрінде емес, қазылар алқасына ауызша тапсырылады. Олимпиаданың әр қатысушысына арнайы жауап парағы беріледі (формасы төменде). Бірінші кезең («шығаруға дейін») Бұл кезеңде қатысушыларға 5 есептен құрастырылған тапсырма беріледі, орындауына 2 сағат бөлінеді. Есептерді жазу қажет емес, бірақ шығаруының қысқа жоспары және пайдаланатын негізгі теңсіздіктер мен формулалардың жазылуы керек. Бір есепті шығарған оқушы жауап беруге шығып, өз шешімін ұсынады. Егер қателіктер немесе олқылықтар туындаса, қазылар алқасы тиісті сұрақ қояды. Жауап беруші тек қана жауап беру кезінде қателіктерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданады. Әр есепке екі амалдан артық берілмейді. Үш есеп шығарған қатысушы екінші кезеңге жіберіледі. Екінші кезең («шығару») Бұл кезеңнің де есептерін шығаруға 2 сағат беріледі. Осы сәтте жаңа есептің шешуімен бірге бірінші кезеңдегі есептерді тапсыруға болады (егер амалдары пайдаланбаған болса). Қорытынды шығару кезінде тек орындалған тапсырмалардың жалпы саны есептеледі.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
X республикалық педагогикалық олимпиадасы туралы
ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – cапалы білім беру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізіп тұрады. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау. Педагогикалық Олимпиаданың ережесіне сәйкес олимпиадаға педагогикалық ЖОО таңдаған жоғары сынып оқушылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері (II – IV курстардың,)педагогикалық (гуманитарлық) колледждердің білім алушылары,магистранттар (1-2 жыл оқыған), 5 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтер, психологтар, тәлімгерлер қатыса алады. Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. X мерейтойлық педагогикалық олимпиада Петропавл қаласындағы (СҚО) М. Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж базасында өтеді деп жоспарлануда.
Республикалық олимпиада
1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсы
Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадаcы
Республикалық қашықтық олимпиадалар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары (тестілеу) өткізілетін пәндер тізімі
Секциясы
|
Пәні |
1.Физика | Физика |
2.Техника | Физика |
3.Жер және ғарыш туралы ғылымдар | Физика |
4.Математика | Математика |
5.Қолданбалыматематика | Математика |
6.Информатика | Математика, Информатика |
7.Экономика | Математика, География |
8.Биология | Биология |
9.Химия | Химия |
10.Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау | Биология |
11.Тарих | Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы |
12.Адам және қоғам | Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам |
13.Өлкетану | География және Қазақстан тарихы |
14.Әдебиет | Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті |
15.Этномәдениеттану | Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті |
16.Тіл білімі | Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері |