Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ментранпаж деген не?»

2016 жылғы 15 қазанда лицей оқушылары Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрына барды. Театрға бару – лицей балаларына арналған жиі өткізілетін шаралардың бірі. Лицейдің әрбір оқушысы ұлттық мәдениетпен таныса отыра, өзін рухани жағынан байыта түседі. Театр актерлері «Ментранпаж деген не?» комедиясымен көремендерді тәнті етті. Көрерменді күлдіре отырып, адамның сай-сүйегін сырқырататын сөздермен санаңды сансыратады. Метранпаж, яғни, баспаханадағы қарапайым әріп терушінің кім екенін білмей қамығып, оны министрліктен келген «дөкей» деп шатастырған Семенның сөзімен қоғамның қасіретін түсіндіргендей. Жоғары лауазым иелері алдында қудай жорғалайтын, ар-ұяттан безген жағымпаз адамдар қылықтары әшкереленеді. Оқушылар қойылымның әдемілігін, актерлердің рөлді ойнаудағы шеберліктерін атап өтті.

IMG_0880-e1447505917239-1024x467