Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Information about head

 

Гүлнәр Тұяққызы Топанова - №20 лицей-мектебінің директоры

Білімі: жоғары, ВМПИ, 1987 ж., гуманитарлық ғылымдар магистрі (филология)

Санаты: жоғары

Өздігінен білімдену тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілігін дамыту

1987 - 1993 ж. - Хмельницкий облысы, Красилов қ. №2 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (Украина).

1993 - 2004 ж. - Павлодар қаласы, №39 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2004 жылдан - Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі.

2007 - 2011 ж. - Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.

2011 жылдан - Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің директоры.

Мектеп - біздің ертеңіміз. Оның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Мектеп - әр күні бір-біріне ұқсамайтын, әр сәті- ізденіс үстіндегі, зерігуге уақыт жоқ, үнемі адамдарға жақсылық жасауға ұмтылыста, өз басына айналасындағылардың қызығушылығын тудыратын, тартымды, адамдарға жағымды энергия тарататын, білгенімен бөлісетін, білімге құмар, салғырттықтан қашатын ғажайып ел. Сондықтан мұндай ғажайып елге тек қана ең төзімді, ең қуатты, жауапкершілігі мол, ең мейірімді, талантты да дарынды адамдар ғана сыйымды. Олар - ұстаздар. Егер таңқалдыра алмасаң, қызықтыра алмасаң, төзімің жетпесе-өз жөніңді біл, алыста. Бұл елде енді ешкімге керегің жоқ. Бұл - ерекше ел ғой. Бұл - мектеп. Ұстаз - жас өркен мен қоғам арасындағы байланыс күші. Ол тәрбиеші әрі тәлімгер. Бұл оның адами, азаматтық ұстанымы. Оның ісі адамды қалыптастыруға бағытталған. Ұстаздар ұжымының көшбасшысы - директор. Заманауи мектеп директоры, ол-кім? Ұстаз ба, менеджер ме, әлде шенеунік... Осылайша ұзақ жалғастыра беруге болады, расында да, оның кім екенін түсіну қиын, бір жұмыс күні ішінде сан қабат бірін-бірі алмастырып жатқан тіршілікте өзінің еңбегінің жемісіне қанаттанып, болмаса көңілі пәс тартып жұмысына қанағаттанбайтын, атқарған ісіне есеп беріп, жаңалық ашушы. Жұмыс тәжірибем көп емес. Менің ойымша, білім беру мекемесінің директоры ең алдымен кәсіби ұстаз болу керек. Сонымен қатар менеджменттік қабілеті мен мекемені басқара білуі керек. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында мектеп ісінің негізгі салаларын келешекке сауатты түрде бағыттай білуі керек. Басшы моральдық тұрғыда биіктен көріне білуі қажет. Мектеп директоры ретінде қояр талабым - өзгеге түсінушілікпен қарап, өзіме келгенде қатал, ережелерге бағынып, ұстанымдарды қабылдап, адал да әділетті болу. Менің мақсатым: мұғалімдердің кәсіби өсуіне барынша оңтайлы жағдай жасап, мектеп ісінің нәтижелі болуына педагогикалық ұжымды жұмылдыру. Менің қызметіме орай менің айналамда әрқашан мені керек ететін және маған қажетті адамдар. Жанымда - әріптестерім, пікірлестерім. Олар маған сенеді, көмектеседі. Менің ойымша, мен ол адамдардың сенімінен шығып, үміттерін ақтай аламын.