Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп кітапханасы - Школьная библиотека

Құрметті оқырмандар! Кітапханамызға қош келдіңіздер!

 

                                                                                                                 Артық ғылым кітапта,

                                                                                                                Ерінбей оқып көруге.

Абай.

 

 

ЖАСАСЫН, ЖАСА АЗАТ КҮН!

ЖАСАСЫН БЕЙБІТ ЕЛ, СУ, ЖЕР!

БОСТАНДЫҚ АЛҒАН ҚАЗАҚТЫН

МӘРТЕБЕСІН КӨРСІН ЕЛ!

         Павлодар қаласы № 21 ЖОМ кітапханасына «Мен  оқығанды ұнатамын!», «Әлем балалар әдебиетінің інжу- маржандары» топтамасы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша балаларға арналған жаңа кітаптар түсті.
Кiтаптар негiзiнде кiшi сыныптар және орташа буын оқушыларына арналған. Мазмұны да, ресімдеуі де қуантады. Кiтаптар жақсы қағазға, сапалы иллюстрациялармен, материал балалар үшiн түсiнiктi тілде басылған. Оқушылар үшін өткен апта «жаңа кітаптарға экскурсиялармен» есте қалды, жаңа кітаптарды қарау «Кітаптарды енді алу бола ма?» шыдамсыз сұрақпен аяқталды. Әрбір бала өздерін қызықтыратын кітаптарды тапқаны үшін, қуанышты екен, ұл балаларға көбінесе мынадай тақырыбтарға «Машиналар мен механизмдер», «Беймәлімге сапар», «Мумиялар»,  «Пирамидалар», «Материктер және мұхиттар»,  «Қорғандар», «Тастар», «Айдағы адам», «Күш және қозғалыс», «Құстар», кітаптары ұнады, ал қыздарға өсімдіктер, жануарлар туралы және тарих кітаптары ұнады..
Кітаптарда жазылған мәліметтер оқушыларға рефераттар, ғылыми жобалар жазған кезде  және ой өрісін кеңейту үшін керек болады.
Орташа буындағы оқушыларды қазақ тіліндегі «Әлем балалар әдебиетінің інжу- маржандары» топтамасынан кітаптар қызықтырды.  Олар да туған тілде классиканы оқи алады.
Осындай кітаптармен қызықтыруға, кітапқа деген  сүйіспеншілік пен құрметт сезімдерін оятуға болады.
Мектеп кітапханаларына тегін берілген осындай жақсы кітаптар үшін балалар атынан үлкен ризашылықты білдіруіміз келеді..

№ 21 ЖОМ кітапхана меңгерушісі  Н. Омарова

  

Еліміз  Аймауытовтың «Ақбілегін» тамашалауда

         Қаламыздағы қара шаңырақ Ж.Аймауытов атындағы  қазақ музыкалы драма театры ұжымы мектеп кітапханашылары мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің өтінішімен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы шарларды қолдау мақсатында жазушы, драмматург  Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» қойылымын кезектен тыс көрсетті. Кезінде көпшілік оқырманнан жоғары баға алған бұл шығарма оқушылардың қызығушылығын  оятқаны соншалық, залда ине- шаншар жер болмады. Спектакльдегі кейіпкер – Ақбілектің тағдыры арқылы қазақ ауылының шынайы бейнесі, аласапыран замандағы адамдар арасындағы тартыс- арпалыс, ақ патша жендеттерінің елді ойран еткен жауыздық әрекеттерімен танысты. Театр әртістері автордың, Ақбілектің, оның жеңгесінің, қара мұрт офицердің рөлдерін шынайы сомдап, көрермендерге үлкен ой салды. «Саяжай» мөлтек ауданындағы №21 мектеп оқушылары үйлеріне жаяу аяңдап, әдемі әсермен тарқасты. Кейін қазақ әдебиеті сабағында осы спектакльден алған әсерлерімізді ой- толғау етіп жазып, сынып ішінде ойларымызбен бөлістік. Барлық оқушылар да осындай есте қаларлық қойылымдарды жиірек тамашалап отырсақ па деген ойда қалдық.

Әсем Қалтаева

№21 ЖОМ, 11 «А» сынып оқушысы