Сенім телефоны
8-718-2-62-12-92
Мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1-сыныпқа қабылдау

 

Құрметті ата-аналар!
 
  • Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау басталады. Ол 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады.
  • Өтінішті eGOV электронды үкімет порталы арқылы беруге болады.
  •  Бірінші сыныпқа даярлық деңгейіне қарамастан мектептердің қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларға білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде алты жасқа толатын балалар қабылданады.
  • Мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға басымдық беріледі.
  • Сонымен қатар, ата-аналар өз шағын ауданнан тыс мектептерге өтініш бере алады. Бұл жағдайда қабылдау үш-бір принципі бойынша жүргізіледі. Бұл дегеніміз, мектеп өз ауданынан үш баланы және басқа мектептің қызмет көрсету аймағынан бір баланы қабылдайды.
 
Қажетті құжаттар тізімі:
 
Баланың денсаулық паспорты (052-2/у нысаны).
Екпе паспорты (065/у нысаны).
3х4 өлшеміндегі цифрлық фотосурет.
Барлық сұрақтар бойынша 301491 нөміріне хабарласуға болады.
 Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін білім беру бөлімінен жолдама алу қажет.