Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп кітапханасы

 

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

1.Кітапхананы пайдалану қағидалары - оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтінқұжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Қызмет көрсетудің жеке тәртібі мен технологиясын нақты жайларды ескере отырып әр кітапхана өздері белгілеп реттейді.

2.Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.

З.Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ ата-аналар мен жақын мөлтекаудан түрғындарының да кітапхананы пайдалану құқығы бар.

4.Кітапхананы пайдалану тегін.

5.Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

6.Кітапханада компьютер және басқа техникалық құрал-жабдықтар бар болған жағдайда, оқушылар мен мүғалімдерге дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер /СД/, белгілі электрондық қор, бейнежазбалар, слайдтар, магнитофондық жазбалар, диафильмдер, кодопозитивтер беріледі.

7.Шежірелер (энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.

8.Кітапхана қорында бар кітап, газет-журналдар, басқа да баспа шығармалары жөне слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.

9.Кітапханаға оқырмаңдар жазу тәртібі былайша жүргізіледі:

оқушылар - сынып тізіміне сәйкес, қызметкерлер - толқұжат бойынша.

10.Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.

11.Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры, кітапханада компьютер бар болған жағдайда – электрондық оқырман формуляры толтырылады.

12.Электрондық оқырман формуляры мен кітап формуляры оқырманға баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған фактісі мен күнін растайтын құжатгар болып табылады.

13.Басылымдарды жоғалтқаны немесе байқаусызда бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана қүні мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда - олардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Кәмелетке толмаған оқырмандардың қордан баспа туындыларын жоғалтқаны немесе оған орны толмас зиян келтіргені үшін олардың ата-аналары, олардың орнындағы адамдар жауап береді.

14.Жыл сайын оқу жылының басында (қыркүйекте) кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп, оларды қайта тіркейді.

15.Оқырмандар (бастауыш сынып оқушыларынан басқасы) абонементте алған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырмандар немесе кітап формулярына қол қояды.

16.Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы №157 қаулысымен бекітілген Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережесіне сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

17.Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абонементтен берілген басылымдар саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді:

мүғалімдер үшін:

Ø оқу әдебиеті-тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

Ø әдістеме әдебиеті - 1 ай мерзімге, даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

оқушылар үшін:

Ø бағдарламалық әдебиет-оқушыларды оқытудың барлық кезеңіне беріледі;

Ø бағдарлама бойынша сабақтарда оқылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі;

Ø сыныптан тыс оқу үшін - 10 күнге беріледі;

Ø мерзімді басылымдар 2 атау санымен 10 күнге беріледі.

Бір мезгілде берілген даналар саны (оқулықтарды санамағанда) 5 данадан аспауы тиіс.

18.Пайдалану мерзімі материалға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс жоқ болса ұзартылуы немесе материал бір данада немесе көп сұралатын болса қысқартылуы мүмкін.

19.Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.

20.Баспа туындыларын пайдалану мерзімі біткесін 10 күннен кейін кітапханашы оны онкүндік мерзім ішінде қайтаруы керектігі туралы ескерту жасайды. Егер баспа туындылары бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, кітапханашы окушының ата-анасына немесе екі ай мерзімде мазмұны мен құны бірдей басылыммен алмастыру туралы хат-талап жібереді. Талапта қайтарылмаған немесе ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оқырманнан бұл баспа туындыларының құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріліп алынатын туралы ескертіледі.

2. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

 

21.Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған құқылы:

Ø кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;

Ø абонементтен кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға;

Ø кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алуға;

Ø кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

Ø кітапхана қорында жоқ қажетті ғылыми әдебиеттерді кітапханааралық абонемент (КА) арқылы алуға (тек оқушылар);

Ø кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық білім алуға, ақпараттық дәстүрді және электронды таратқыштарды игеру және пайдалана білуге;

Ø кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;

Ø кітапхана кеңесіне сайлауға және сайлануға, кітапханаға нақты көмек көрсетуге;

Ø қосымша ақылы қызметтерді (қосымша қызметтер тізбесі мен құнын әр кітапхана жеке белгілейді және мектеп директоры бекітеді) пайдалануға.

22.Оқырмандар мынаған міндетті:

Ø әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге;

Ø кітапхананы пайдалану қағидаларын (мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларының 3-22 тармақшасына сәйкес) сақтауға;

Ø кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімде қайтаруға; кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға;

Ø кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлмеге үлкен портфелдер мен сөмкелермен кірмеуге;

Ø оқырман кітапхана қорынан дәстүрден тыс ақпарат тарату құжаттарын алғанда, қызметкердің қатысуымен тексереді, ақауы болған жағдайда, белгі соғу үшін кітапхана қызметкеріне ескертеді.

23 .Оқырмандарға:

Ø кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарда алып шығуға;

Ø кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгілер салу, сызу, парақтарын жырту, мұқабасын бүгу т.т.);

Ø каталогтер мен картотекалардан кәртішкелерді шығарып алуға; ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бүзуға;

Ø қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге болмайды.

24.Кететін оқушыларға жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін ғана беріледі. Кететін мектеп қызметкері кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырады.

 

З.Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

 

25.Кітапхананың жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді.

26.Кітапхана:

Ø берілген кітаптардың, баспатуындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға қайтарылуы үшін тұрақты бақылау жүргізуге;

Ø оқырманнан бұрынберілген, пайдалану мерзімі өткен баспа туындыларын алғаннан кейін ғана кезекті беруді жүргізуге;

27.Кітапхана мынаған міндетті:

Ø оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге;

Ø оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге;

Ø білімберу ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға;

Ø ұсынба әңгімелер мен оқырмандардың пайдалануына каталогтер мен картотекаларды, ұсынба тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа туындысын таңдауға, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрмешолуын, ақпарат күндерін, әдеби кештер, мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге;

Ø өз қорларын насихаттауға, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;

Ø компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін көрсетуді жетілдіруге;

Ø қорда бар кітаптарды, баспатуыңдылары мен басқа да материалдарды белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алуды, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;

Ø ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге;

Ø кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мен ұстауға;

Ø оқырмандарды демалыс уақытына қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге;

Ø жұмысқа оқырмандарды қатыстыра отырып, баспа туындыларын шағын жөндеуді (жыртылған және түсіпқалған беттерді, түптемелерді, мұқабаларды желімдеу жәнет.т.) тұрақты ұйымдастыруға;

Ø оқужылының басында оқырмандарды жылсайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;

Ø мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге.