Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Психолог кеңесі

«Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі»ММ

Қашықтықтан оқыту кезіндегі баламен жұмыс

        Ата-анаға кеңес

Құрметті ата-аналар!

 

       Сіздерге тиімді  болу  үшін  арнайы жадынама ұсыныстарымен әзірленді. Қашықтықтан оқыту кезінде, баланың білім алуда  қызығушылығы мен ынтасының жоғары болуы маңызды .

Күн  тәртібі

  • Бірден күн тәртібінің күрт өзгеруі,баланың  қайта бейімделу мүмкінділігін күрделендіре түседі және дестресске әкеліп соқтыруы мүмкін.  Сол себепті жаңадан құрастыратын күн тәртібі  баланың үйреншікті күн тәртібі мен ритіміне сай болуын ескеру керек.

Ресурстарды қолданыңыз

  • Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектептен алатын ұсыныстарды  егжей-тегжейімен түсінуге тырысыңыз.
  •  Тек ресми ақпараттарға сүйеніңіз.  Мектеп ұжымына бұл үдерісті  ұйымдастыру үшін уақыт қажет.  Сондықтан  түсіністікпен қараныз. Бейімделу
  • Баланың ата-анасымен жақындары  болып жатқан жағдайға қатысты өздеріңіз сабырлы әрі  адекватты қарым-қатынаста болыңыз.
  • Баланың эмоционалдық жағдайы ересектердің көңіл- күйіне  тікелей байланысты.
  • Өзіңізді сабырлы,ұстамды ұстаңыз, балалардың вирусты және т.б. жағдайлар туралы сұрақтарына жауап беруге тырысыңыз, бірақ пандемия және оның қауіптілігі туралы  ұзақ, тереңталқылауға барманыз.
  • Ғаламтор  желілерінен баланың  үрейін, қорқынышын тудыратын тақырыптарды егжей-тегжейлі баламен бірге қарастырмаңыз.Қобалжу, мазасыздану деңгейі жоғарлауы мүмкін.

Әлеуметтік желілерден аулақ болыныз

  • Жақын адамдармен қарым-қатынас жасаудабалаңызға әлеуметтік желілерде абай болуын ескертіңіз. Одан да өзіңіз таңдаған Мессенджерді ұсыныңыз,  әлемдік мәселелерді, саясат туралы ақпараттарды  және дезинформациямен толтырылған әлеуметтік желілерден аулақ болуын  қадағалаңыз.
    • Әлеуметтік желілердегі әртүрлі қауіпті, тыйым салынған сайттардан аулақ болуына ,  жахандық мәселелерді  талқылайтын чаттарға кірмеуіне кеңес беріңіз.

Ақпараттық ағымды төмендетіңіз

  • Қазір туындап отырған мәселеге байланысты үйдеболуға  мәжбүрболғандықтан,   баланызға  жақындарыңызбен, достарымен және  әлеуметтік ортамен байланыста болуы  маңызды, алайда әлеуметтік желілердегі  жаңалықтар мен  жалпы ақпараттық ағымдарын  шектеу керек.
  • Қазірғі  жахандағы коронавирус тақырыбында отбасында балалармен бірігіп талқылаудың қажеті жоқ. Өйткені  баланың қиялында алаңдаушылық туғызады (оқуға ,жеке тұлға болып қалыптасуына кедергі болады).

Үйреніп көріңіз, қызықты!

  • Ата-аналар мен оқушылардың жақындары қашықтықтан өткізілетін сабаққа бірге қатысып бірнеше әдістерін  меңгеруге тырысыңыз.  Мәселен,  балаға сұрақ қойып,  пікірталасына қатысуға болады т.б .  Сонда сабақ қызықты, танымдық ойын-сабағына айналады.
  • Бала үшін-бұл мотивациясын арттыру  мүмкіндігі туындаса,  ата-ана үшін-өз балаларын жақынырақ  танып әрі оны жақсы түсінуге қолайлы жағдай орнайды.

Позитивті белсенділік

  • Үйде отырып, бала сыныптастарымен,  достарымен байланысты үзбей жалғастыруы керек (қоңырау шалу , ВК, топтық чаттар).
  •  Ата-аналар балаларына  көптеген  виртуальды конкурстарды  және басқа да  белсенді әрі  позитивті идеяларын ұсына алады.
  •  Жасөспірімдерді  қызықтыратын тақырыптарына  өз бейнеблогын жүргізуді бастауды ұсынуға  болады.

 
Уақытты қолданыңыз

  • Баланың  дербес белсенділігін арттыру жағдайын  қарастыру  керек (әр уақытта баланың ыңғайына қарай жүру міндет емес) көптен бері кейінге қалдырылған жұмыстарды ересек адамдармен бірге жалғастыру дербестік әрекетін қалыптастырады.

 

  • Басты идея үйде болу-жазалау  емес, жақсы дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік беріп, білім алу және  қызықты істермен айналысуға жағдай жасайтын  ресурс

 

Мектеп психологы: педагогика және психология ғылымдарының магистрі Жанар Темиржановна Калиева