Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас маман тәлімгерінің іс-әрекеттер ережелері
1. Жұмыстың міндеттері және мазмұны: Жас маманныңтәлімгері міндетті: · Жас маманды мектеп педагогика ұжымның жұмыстарымен таныстыру; · Оқу бағдарламасын және түсінік хаттарын талдауына көмектесу; · Тақырыптық жоспарын құруға, жиі қайталауға және тәжірибелік, зертханалық жұмыстарға, тақырыптық топсеруенге арналған материалдарды таңдауға көмектесу; · Сабақтарға дайындалуда әдістемелік және дидактикалық материалдарын, көрнекілік құралдарын, бақылау жұмыстарын таңдауға көмек көрсету; · Жас маманның сабақтарына қатысу, ұқыптылықпен талдау; ӘБ бойынша әріптестердің және үздік мұғалімдердің сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, бірге талқылау,талдау · Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиетті таңдауға жәрдем ету. · Өз білімін жетілдіру бойынша жас маманның жұмысын бақылау және бағыт беру. 2. Тәлімгерді тағайындау тәртібі Тәлімгер кандидатурасы мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылады. Директор тәлімгерді тағайындау туралы бұйрық шығарады. 3. Тәлімгер жұмысын бақылау Тәлімгер жұмысына мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі бақылау жасайды. Мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі тәлімгердің есебін тоқсанда 1 рет қарайды. Ғылыми-әдістемелік кеңесінің өкілдері жас маманның сабақтарына және сыныптан тыс іс-шараларына қатысады. Содан кейін талқыланады, талдайды.