Мектеп оқулықтарының сақталуы бойынша рейді
Кітапқа, әсіресе, оқулықтарға аялап қарау – оқырмандардың бірінші парызы.
Оқулықтар жиі қолданылатындықтан, ұқыпсыз ұсталса, кітаптар алғашқы күйін жоғалтып, тез ескіреді және әрі қарай қолдану қолайсыз болады. Оқулықтарды сақтау және оларды ұзақ қолдану - өте маңызды мәселе.
Мектеп кітапханашылары 1-11 сынып оқушыларының оқулықтарының сақталуы мен жағдайын тексеру мақсатында ОНЛАЙН-рейд өткізді. Рейд қорытындысы бойынша келесі сынып оқушыларына пайдалану үшін балалар оқулықтарын ұқыпты ұстағандары анықталды.