Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушыға арналған жадынама

Оқушыға арналған жадынама

Емтиханда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін келесі кеңестерді орындау қажет. 

1.    Қайталау жоспарын құрып, мұғалімдерден кеңес алған жөн.

2.    Материалдарды оқулық бойынша қайталап болған соң, өз білімін билеттер бойынша тексер. 

3.    Алдымен нашар меңгерілген материалдарды қайтала.

4.    Қайталау жұмыстарын соңғы күндерге қалдырма.

5.    Сынып жетекшімен бірге тәулік бойлы режим құру керек. 

6.    Егер де емтиханға дайындалу үшін үйіңде ешқандай жағдай жасалмаса, мектептегі жеке арнайы кабинетінде дайындалуың керек.

7.    Оқулық бойынша қайталап болған соң, өзіңді тексер.Түсініксіз болса, қайта оқы.

8.    Қайталау барысында кез болған барлық сұрақтарды жазып алып, кеңес алу сағатында мұғалімнен немесе достарыңнан біліп алу керек.

9.    Емтиханға дайындалу кезінде мұғалімдердің, дәрігерлердің және ата-анаңның берген барлық тапсырмаларын және кеңестерін мұқият орында.

10.  Қайталап болған материалды бірнеше күннен соң, кітапты ашпай, тағы да қайталауға болады. 

11. Сыныпта шығарылған қиын есептерді қайталау керек.

12. Бағдарламадағы қиын бөлімнің есептерін шығару кезінде мұғалімнен кеңес алу қажет.

13. Жазба жұмыстарына дайындалған кезде (емтихандық) бір тақырыптың материалы толық қайталанып, сол тақырып бойынша бірнеше жаттығулар орындалуы керек. Осылайша барлық тақырыптар қайталануы керек.

14. Емтиханға мұқият, адал дайындалған жағдайда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.